.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1326 | Размер: | Автор: гость«Қызыл ту» атындағы №78 жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Санаев Бахдаулет Рахымбаевич
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
Еліміздің білім берудің дамытудың қазіргі заманғы кезеңі - оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысатын өтпелі кезең. Дарынымен ерекшеленіп балаларға неғұрлым жайлы орта жасайтын және әр баланың даму мүмкіндігін, оқыту жүйесін құруға берік негіз болатын технологияларды басты тірек етіп алу керек. Соңғы он - он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы, қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықтық өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөль атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез - келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына іріктеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курсы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Қашықтықтан оқыту технологиялары (ҚОТ) арқылы оқыту.
Қашықтықтан оқу - жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық - коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу. Университетте ҚОТ сырттай оқыту орнына, ең алдымен, білім сапасын арттыру мақсатында енгізіліп отыр.
Қашықтықтан оқытудың екі технологиясы пайдаланылады:
1 - желілік технология - Интернет арқылы оқу. Университеттің білім беру порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды.
2 - кейстік технология - оқушыға оқу - әдістемелік кейс, яғни оқу жылында орындап, график бойынша оқытушыға жіберіп отырады.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты:
Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру. Қашықтықтан оқу арқылы білімгерлер уақыттарын шектей алады. Қашықтықтан оқыту - бұл, ең алдымен, қандай да бір оқу орнына белгіленген уақытта бармай-ақ, курстың бағдарламасын қажетті тәртіпте орындау. ҚО қазіргі заман әлемінде интернет, e-mail (электрондық почта), телефон және факс байланысы, бейнеконференция және қарапайым почта арқылы дәстүрлі оқу материалдарына алмастыру көмегімен дамиды. Бұл технология білімгерлермен оқытушылардың арасындағы байланысты, мың километр қашықтықта бөлетін және күнделікті қарым - қатынас жасауды қамтамасыз етеді.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:
Бір - бірімен тығыз байланысты бола отырып мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
Құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау.
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді.
Қашықтықтан оқытудың нысандары: бейнелекциялар, теледидар лекциялары; радиолекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейнеконференциялар; телеконференциялар; электрондық оқу басылымдары бойынша (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық - анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуальды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен электрондық пошта арқылы кеңестер беру.
Сонымен, қашықтықтан оқыту - адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқытуды дамытып сапалы да саналы, азаматтық ар-ожданға тәуелді қоғам мүшелерін соңғы техникалық жабдықтарды тиімді пайдалану еңбек нарығында бәсекеге сәйкес қабілетті, тамақ және ақпараттық технология, менеджмент, сервиспен және туризм саласын жетілдіру үшін мамандар дайындау. Қашықтықтан оқыту технологиясының принциптері білім берудің ең тиімді жолдарын жаңашылдықпен үйрету арқылы дамыту және жүзеге асыру; компьютерлік аудиовидео техникалық, интернет жүйесі және т.б. телекоммуникациялық, мультимедиялық жабдықтардың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, оқу, оқу - әдістемелік және тәжірибе жүзіндегі қашықтықтан оқытудың технологиясын тиімді түрде одан әрі дамыту, өркендету бүгінгі заман талабы.
Әдебиеттер:
1. Қашықтықтан оқытудың теориясы мен практикасы. Монография –Павлодар, 2009 жыл.
2. Қашықтықтан оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру. Алматы, 2009 жыл.
3. Объектіге бағдарланған “MOODLE” ортасы арқылы білім контенттерін жасау. (Зертханалық жұмыс), Алматы, 2011 жыл.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.