Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ҚАСИЕТІМІЗ ДЕ, ҚАСТЕРІМІЗ ДЕ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ -

ҚАСИЕТІМІЗ ДЕ, ҚАСТЕРІМІЗ ДЕ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 953 | Размер: | Автор: гость
. А.Шораева,
№7 кәсіптік колледжінің жоғарғы санатты тарих пәнінің оқытушысы.

ҚАСИЕТІМІЗ ДЕ, ҚАСТЕРІМІЗ ДЕ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

Тәуелсіздік жолында қазақ елінің қаншама азаматы өз өмірін қиып, бүгінгі ұрпаққа үлкен жол ашып берді. Ұлан-ғайыр сахарасын, кең даласын қорғап ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп келді. Елбасымыз Н.Назарбаев халыққа жолдауында 2015 жылы «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын» атап өтетінімізді айтты. Осыған орай, елімізде көптеген іс-шаралар атқарылуда.
Ия, осынау шырайлы өлке, шұрайлы өңірге кімдер көзін сүзбеді, кімдер көзін тікпеді. Халқымыздың тыныштығын, татулығын аңсаған хан бабаларымыз бен батыр аталарымыздың өнегелі өмірлері біздің Оңтүстік өңірімен тығыз байланысты екенін жастардың бойына сіңіру біздің басты мақсатымыз. Өйткені, біз туып-өскен жеріміздің тарихи-мәдени ескерткіштерге толы, тұнып тұрған өлке екенін ерекше мақтан етуімізге болады. Соның ішінде ХVI-XVIII ғасырларда Түркістан шаһары қазақ хандығының ордасымен қатар қазірге дейін қазақ халқының рухани астанасы екені бүкіл әлемге әйгілі. Бұл жер қазақ мемлекеттілігінің бастауы болып саналады және мұндағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі тарихтың куәсі. Түркістан жерінде тарихта аты қалған: Әбілхайыр хан, Рабиға Сұлтан-бегім, Жолбарыс хан, Есім хан, Ондан сұлтан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би және басқа да ұлы тұлғалар жатыр. Түркістанда қазақ хандарын таққа көтерген. Тарихтан белгілі Абылай ханды да осылайша ақ киізге орап, бекітілген дұғаны оқып, таққа отырғызған. Сонымен қатар, Ордабасыда жалпықазақ халқының үш жүзі ұлы жиында бас қосқан. Ал, Қазақ хандығының саяси орталығы Түркістанда құрылтай үнемі өтіп отырған, себебі қала Орта Азия халықтарына екінші Мекке саналғандығы мен Ұлы Жібек жолының бойында орналасуынан деп білеміз.
Осындай киелі мекенде өмір сүре жүріп, жастар бойына отансүйгіштік, бабаларымыздай елі үшін, жері үшін жанын беретін ұлы сезім орнату - ол менің басты міндетім. Өйткені, бала кезімнен нағашы атам қазақ халқының аңыз-әңгімелері мен тарихи оқиғаларын құлағыма құйып өсірді. Атам қазақ хандарының ішіндегі ең биігі және бірегейі Абылай хан тектес төре тұқымынан шыққанын мақтан ететін. Аты аңызға айналған тұлға Абылай ханның өмірі, жүргізген саясаты, ел мен елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастары туралы қызықты деректер менің тарих пәніне деген қызығушылығымды арттырды. Сондықтан, осы тарихшы мамандығын таңдадым.
Бұл іс-шарадан біз де қалыс қалған жоқпыз. Кентау қаласындағы №7 колледжде күн сайын таңғы сапта қазақ хандығының құрылуы мен қазақ хандары туралы мәліметтер оқылып жүр. Барлық топтарда қазақ хандығы жайында тәрбие сағаттары өтілуде. Тарих сабақтарында хандардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, әр түрлі тақырыпта рефераттар жазылып, қабырға газеттері шығарылуда. Тарих әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен семинар сабақтар мен дөңгелек үстелдер өтілуде. Сонымен қатар, көктемде киелі Түркістан қаласындағы қазақ хандары жатқан кесенеге баруды да жоспарлап отырмыз.
Сөз соңында айтарым, біздер үшін халқымыздың түп тамырына айналған, қастерлі де қасиетті қазақ хандығына көлеңке түсірмей келер ұрпаққа жеткізу – барша Қазақстандықтың парызы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.