Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! -

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2351 | Размер: | Автор: гость
. Байзаков Айбек Шырынбекович,
С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі.
Бәйдібек ауданы

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Сабақтың мақсаты: Білімділік: А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерге кеңінен тоқталу.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге қызығушылығын дамыту, шығармашылық белсенділігін, ой-өрісін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Тәрбиелік: ақынның бойындағы адамгершілік, имандылық қасиетін оқушылар бойына сіңіру. Өмірде орны бар, елеулі азамат болуға тәрбиелеу. Әдіс тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс. Сабақ көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, электронды оқулық, слайд Пәнаралық байланыс: тарих, ән-саз. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе: Абай сынды ұлы ақын – халықтың ішкі жігер-қайратының жанар таудай күшпен бұлқынған сәтінде ғасырларда бір туатын тұлға. Сондықтан да оның өмір үлгісі мен жырлары халық тірлігінің арғы-бергі тарихы мен терең тамырласып, барша болмысымен астасып кетеді. Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі, киелі жерлер бар. Орыстар үшін Михайловское мен Ясная Поляна, немістер үшін Веймар, ағылшындар үшін Стратфорт – он – Эйвон қандай ыстық болса, қазақтар үшін Шыңғыстау жері соншама киелі де қасиетті. Өйткені бұл жерде халқымыздың үш кемеңгер суреткері дүниеге келіп, өздерінің өлмес жырларын толғаған.
Қазағымның үш алыбы Абай, Шәкәрім, Мұхтар

Оқушыларды екі топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстырамын
І – топ «Алғырлар» тобы ІІ – топ «Білгерлер» тобы 1. Келесі сөз топ жетекшілеріне беріледі І – топ жетекшісі Ақын өмірінен қысқаша мәлімет Абай 1845 жылы Семей өңіріндегі Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да, атасы Өскенбай да өз кезеңінің беделді, атақты адамдары, Тобықты руының билеушілері болған. Абайдың әкесі Құнанбай ата-бабаларынан да асып, ұзақ жыл аға сұлтан болып ел басқарған. Әке көңіліне менің орнымды басса, жолымды қуып, туымды ұстаса – осы Абай ұстайды деген сенім ұялайды. Сондықтан Абайды өз мақсат-мүддесіне сай етіп тәрбиелеуді көздеген Құнанбай ауылдағы Ғабитқан молдадан оның сауатын аштырып, одан кейін Семей қаласына оқуға жібереді. Абай онда әуелі Ғабдұл-Жапардың, одан кейін Ахмет-Ризаның медресесіне түсіп оқиды. Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың, шығыстың мәдениетін үйренеді. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Лермонтов, Щедрин, Некрасов шығармаларымен танысады. Ақынның шығармалары, негізінен үш саладан тұрады: Өзі шығарған өлеңдері, екіншісі - ғақлия немесе қара сөз деп аталатын прозасы үшіншісі - өзге тілдерден аударған өлеңдері.

«Білгірлер» тобы
Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналар. Абайдың поэзиясына, көркемдік әлеміне үңілген сайын адам жаны тебіреніп, сезім көкжиегі кеңейіп, бар болмысы сөзбен айтып жеткізе алмайындай ләззат алады. Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге, болашаққа құштарлыққа тәрбиелейді. Сондықтан өзі сөз еткен мұсылман дінінің құндылықтары да дарынды ақынның сөз шеберлігі, парасаттылығы арқасында ерекше сұлуланып, өзгеше биікке көтерілген. Әр ұғым, әр қағида бүкіл адамзаттың жүрегіне жол тауып, есінде мәңгі сақталатындай қалыпқа келген.
2. Поэзия минуты (өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқу)
І – топ. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» ІІ-топ «Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай»

Мұғалім: Балалар, Абай атамыздың өмірінен азырақ болса да мәліметтер алдық. Олай болса ендігі кезекте «Қара сөздерге» тоқталып өтсек.
І-топ. «Алғырлар» тобы Абайдың қарасөздері Абайда алғаш бой көрсеткен проза үлгісінде ғақлия-дидактикалық шығармалар – қарасөздер. Бұл өмірінің соңында жазылған туындылары. Бұл қарасөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Абай қара сөздерінің жалпы саны – 45. Оның 46-сөзі аяқталмай қалған. (Оқушыларға қарасөздерін айтқызып, мән-мағынасын ашу)
«Қаламсап ортада» стратегиясы
4. Екі жақтың оқушылары, Абай атамыздың қара сөздеріндегі адам бойындағы жақсы қасиеттер туралы бір сөйлемнен жазып шығады. Сол арқылы әр топтан бір мәтін құралады.

Мұғалім: Ендігі кезекті «Білгірлер» тобына берейік.

Абайдың әндері
Абайдың әндерінің бәрі - қазір нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.

«Семантикалық карта»
Өлеңнен үзінді

Тақырып «Алыстан сермеп, жүректен тербеп, шымырлап бойға жайылған» «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға!» «Бір күйгізіп, сүйгізіп, ескі өмірді түргізер» «Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, қабырғалы, жоталы болса күшті»
Әсемпаз болма әрнеге
Сегіз аяқ
Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ
Құлақтан кіріп бойды алар
Семантикалық карта бойынша тапқан өлең шумақтарынан үзінді келтіріп, әр оқушы өз пікірлерін ортаға салады.
6.Тіл дамыту мақсатында Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі көнерген сөздерден «Алтын қақпа» ойынын ұйымдастыру Әрбір сөздің мән-мағынасы оқушыларға сауал ретінде қойылады. Сағақ – жылқының сағалдырық тұратын тамағының астыңғы жағы Шідірлек – аттың сирағының шідер салатын жері Шідер – аттың алдыңғы екі аяғы мен артқы бір аяғын қосып салатын тұсау Ашамайлы- ашамай салынған деген мағынада Жерсоғар– ат тұяғының арт жағындағы қатты жері, өкшелігі
Оқушылар білімін тексеру – деңгейлік тапсырмалар І деңгей 1. Абай қай жылы дүниеге келген?
2. Абайдың поэмаларын ата?
3.Абай қай медреседе оқыды?
ІІ деңгей
1. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қашан жарық көрді.?
2. Абайдың табиғат пен махаббат сырын үндестіре жырлаған өлеңі?
3. Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің негізі қай ақыннан алынған?
ІІІ деңгей
1. Абайдың «Демон» , «Жалғыз жалау» деген аудармалары қай ақыннан алынған?
2. Абайдың қарасөздерінің қайсысында қазақтың мақал- мәтелдері туралы айтылады?
3. Абайдың орысша білім алған оқу орнын ата?
Мұғалім: Ақылды дана, рақымды әділ, шыңға сусаған, қыңырды жөнге, қисықты тезге салмақ болған, бұзықтық пен алысып өткен Абай еді. Қазақтың әдебиетіне жан берген, сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңнен өрнек шығарған ақындық, сыншылдық бірдей дарыған Абай еді. Өнер тап, оқы, қарекет қыл, тәрбие ал, ынсапты, адал бол деп, айтып өткен Абай еді. Халықтың қамын же, адам баласын бауыр тұтып, адамшылыққа қызмет ет деген Абай болатын. Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз. Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда Абай – қазақтан шыққан философ (данышпан) – деп Ж.Аймауытов ағамыз айтқандай өмірде орны бар, елеулі азамат болуға талпыныңдар деп сабақты қорытындылаймыз Сабақты бекіту: 1. Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы 2. Абайдың қара сөздерінің мәні Оқушыларды бағалау: Үйге тапсырма: «Абай және қазақ әдебиеті» тақырыбында эссе жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.