Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қасым Аманжолов. Көктем -

Қасым Аманжолов. Көктем

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1147 | Размер: | Автор: гость
. Бектенова Эльмира Ерсеитовна,
№122 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
ОҚО. Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы
Сабақ тақырыбы: Қасым Аманжолов. Көктем

Сабақ мақсаты:
Қасым Аманжолов Өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, ақын өлеңінің идеясын, мәнін ұғындыру.
Оқушыларды мәнерлеп жылдам оқуға үйрету, қызығушылығын ояту, тіл байлығын дамыту.
Табиғатты аялай білуге, таным белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.
І.Мотивациялық кезең.
Психологиялық сәт.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетеді сонда дереу жан-жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Балалар, қазір сендер 3 топқа бөлініп отырасыздар. Ендеше үш топқа үйге қандай тапсырмалар берілді?
1 - топ. – «Бәйшешек». Эссе жазу, гүлдер туралы.
2 – топ. – «Жауқазын». Гүлдер туралы өлең шығару.
3 – топ. – «Қызғалдақ». Гүлдің суретін салу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап арқылы.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Кемпірқосақ.
- Мәтін не туралы?
- Кеппірқосақ неше түстен құралған? (қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін)
- Кемпірқосақ қай кезде пайда болады?
Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді дәптерге жазып келу керек болатын, кәне кім оқып береді?
Сұраулы сөйлемдер:- Осындай кемпірқосақ бола ма екен?- деген біреудің дауысы естілді.
- Амансың ба, балақай?
- Қалай бояу керек екенін сен қайдан білесің?
- Сонда қалай?
Жаңа сабақ. Өткен сабақты қайталау.
Кәне, кім айтады сөйлемнің неше түрі бар? (Хабарлы, сұраулы, лепті)
- Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем тиянақты ойды білдіреді. Сөйлем сөзден құралады.
Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады.
Сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі)
- Кәзір бізге тыныс белгілер жайлы өлеңдер айтып бермекші, соны тыңдайық.
Нүкте:
Мен сөйлемнің соңында тұрам
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орында тұрам
Тиянақты ойдың біткенін білдірем, сөйлем соңына таман,
Дауысыңды бәсеңдетіп үлгерем
Мен емес пе бөліп тұрған ой арасын?
Сұрақ белгісі:
Киноға барасың ба?
Газет аласың ба?
Деген секілді сөйлемдерді
Кейде оқушы сен секілді
Тыныс белгісін қоймай кетеді,
Өзің айтып білсең,
Осылардың соңында,
Қандай белгі келеді?
Леп белгісі:
Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күле де білемін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбінесе көтеріңкі, көңілді жүрем.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ шешу арқылы табамыз.

ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең.
Балалар, бәріміз тақтадағы сөзжұмбақты шешеміз.
Мына суреттердің басқы әріптерін алсаңдар сонда сөз шығады.
Күн, демекші, көкек, ту, ешкі, мысық («Көктем» сөзі шығады)
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Көктем.

Топтастыру.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен танысу.

Қасым Аманжолов 1911 жылдың 10 қазанында қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов атындағы ауылдың Қызыл тауының баурайындағы Ақтайлақ елді мекенінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1918 жылы 6 қаңтарда әкесі Рақымжан 43 жасында қайтыс болады. Оны анасы Айғанша 1923 жылы Семейдегі бастауыш мектепте, 1927 - 1930 жылдары Семей мал дәрігерлік техникумында оқытады. 1931 жылы Ленинград қаласында орман шаруашылығы институтына оқуға түседі. Денсаулығы жарамағандықтан оқуды тастап, Орал қаласындағы «Екпінді құрылыс» газетінде жұмыс істейді. 1933 жылы Алғашқы өлеңдер жинағы «Өмір сыры» 1939 жылы жарық көреді. Қызыл Армия қатарына шақырылып, Орал қаласында әскери бөлімде қызмет атқарады. 1935 жылы Алматыға қайтып келіп «Лениншіл жас» газетіне орналасады. Осы кезеңнен бастап оның қаламгерлік дарыны ашылып шығармашылықпен айналысады. Көп оқымаса да зеректігінің арқасында қазақша да, орысша да бірдей жазады. Аманжолов ақындығының үстіне композитор да. Оның «Дариға, сол қыз», «Туған ел» сияқты өлеңдерінің сөзі де, музыкасы да өзінікі. Майданнан еліне оралған ақын сүйген қызы Дарианы іздейді. Соғыстан қайтып келгеннен кейін қатты ауырып содан айыға алмай өмірден өтеді. «Ақын», «Қазақстан», «Сауыншы жеңгей» деген өлеңдерінде еңбек адамдарын биікке көтере жырлайды.

Оқулықпен жұмыс.
А) Өлеңді мәнерлеп оқу.
Ә) Өлеңді жекелей оқыту.
Б) Өлеңді талдау. (Өздеріне ұнаған шумақтарын оқыта отырып талдау)
Дәптермен жұмыс.
Өлеңдегі көркем сөздерді тауып, дәптерге жазып алу.
Мысалы, нәзік үн, бұйра бұлақ.

Сергіту сәті.
Шығармашылық тапсырма
Музыка ойнап тұрады.
1 - топ. Көктем туралы эссе жазу.
2 - топ. Көктем жайлы 4 жол өлең құрастыру.
3 - топ. Көктемнің суретін салу.
«Қалт еткізбей қағып ал.
Жауабын тез тауып ал».
Жұмбақтар жасыру.
1 - топ. Ала сиыр жатып қалады,
Ақ сиыр тұрып кетеді. (Көктем)
2 – топ. Тұрғанымен жырақ өзі,
Таусылмайтын шырақ өзі. (Күн)

Білімді бекіту. Тест жұмысын алу.
1. Сөйлемнің неше түрі бар?
А) 2 Ә) 1 Б) 3
2. Дұрыс сөйлемді тап
А) Күн жылынады көктемде.
Ә) Көктемде күн жылынады.
Б) Жылынады күн көктемде.
3. Мына сөйлемге қандай тыныс белгісі қойылады? Абайла, құлап қалма
А) Леп белгісі
Ә) Сұрақ белгісі
Б) нүкте
4. Сұраулы сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?
А) Нүкте
Ә) Сұрақ белгісі
Б) Леп белгісі
Үйге тапсырма: Көктем өлеңін жаттау
Сабаққа жақсы ат салысқан оқушыларды мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.