Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі -

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1946 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласы. Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Тасболатова Амангүл Нұрланқызы


Сабақтың тақырыбы Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Жалпы мақсаты Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімді толықтыру, өлеңнің идеясы мен тақырыбын ашу.
Оқу нәтижелері Оқушылардың өзіндік ойлау, есте сақтау, өз бетінше іздену, зерттеу қабілеті жетіледі, өзінше ой түйе біледі, шығармашылық жұмыстар арқылы таным–түсініктері дамиды.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, ассоциация, талдау, сұрақ – жауап, топқа бөлу.
Тапсырмалар Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1 Ұйымдастыру. Сыныпқа психологиялық ахуал орнату. Топқа бөлу
2 мин Саналады, топтарға бөлініп отырады.
2 Мағынаны таныту. 5 мин. Үй тапсырмасы ретінде. Тыңдайды, сұраққа жауап береді,өздері алып келген мәліметті баяндайды, керек жерлерді жазып алады.Жеке жұмыс.Ашық диалогтік сұрақтар қойылады.
3
Топтық тапсырма береді14 минут. Жеке жұмыс.
Топтық жұмыс.
4 Бекіту тапсырмасы.
18 мин Шығармашылық жұмыс.
5

6 Үй тапсырмасы беріледі.
Баға қою.3 мин Үй тапсырмасын жазып алады.

Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың типі Дәстүрлі емес
Пәнаралық байланыс Тарих, география, музыка, қазақ тілі
Жаңа сабақ 1.Ұйымдастыру
2. Мақсат қою
3. Жаңа материалды талдау.
4.Жаңа материалды түсінгенін зерттеу кезеңі
5.Бекіту кезеңі
6. Оқушылардың білімін бағалау
7. Үйге тапсырма беру
Ұйымдастыру кезеңі:Сыныпқа психологиялық ахуал орнату. Топқа бөлу (3 мин)
Жаңа сабақ:Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Топтарға тапсырмалар беру.Тақырыпбойынша топтарды тапсырмаларымен таныстыру.
А).Үй тапсырмасы ретінде алдын ала берілген тапсырмалар бойынша сұрақтар қойылады, жауап алынады. Оқушылар жұмыстарын топпен қорғайды. (5 мин)
Оқушылар қорғағаннан кейін мұғалім қорытынды мәліметтер айтып, видеоролик арқылы толықтырады. (4 минут)
Ә) (10 мин.)
Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді, жалғасын оқушылар өздері мәнерлеп оқиды.
Б).Сөздік қоржыны (дәптермен жұмыс) (3 мин)
Жасық-жігерсіз, былжыр, тартымсыз, әлсіз.
Көрік – ұста дүкенінде көмірді үрлеп, темірді қыздыру үшін теріден жасалған үрлеуші
Тымырсық – сыр ашпайтын, сөйлемейтін
Торқа – ең қымбат жібек мата
В). Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау.(7 мин)
Теңеу-затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым(Бөбегіндей, торқадай жамылып, нажағайдай, кетерсің судай сіңіп табиғатқа, өртке тиген дауылдай, серінің семсеріндей, жалынды жыр.)
Эпитет-(грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. (қызыл шоқ, кәрі жердің, )
Метафора- (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.(екі көз екі жұлдыз маңдайдағы, кеудем-көркім, сөзім жыр, лебізім-күй, ерке едім, дүние жалт-жұлт еткен кең мекенім, ақ көңіл адал болсаң сырласыңмын, тымырсық түнек болсаң дұшпаныңмын)
Г). «Өзім туралы» өлеңі әнімен айтылған видеоролик көрсетіледі. (3 мин)
5. Қорытындылау кезеңі.«Қасым ізімен...» оқушылар өздері туралы өлең немесе эссе жазады. (5 мин)тапсырмасы
6.Бағалау: (3 минут.)
Оқушының аты №1Жаңа ақпаратты түсіну және меңгеру
5 ұпай №2Жаңа ақпаратты талдау және мәтінмен жұмыс5ұпай №3Стиль және тілді қолдану.
6ұпай Қорытынды ұпай
7.Үй тапсырмасы : Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.