.
.
7-сынып Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1747 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfОңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы
«Атамекен» жалпы орта мектебінің
тарих пәнінің мүғалімі
Бегимова Сандугаш Елубаевна
Сабақтың тақырыбы: «Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы» (көшіріп алу)
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Апта: Күні:
Сыныбы: 7 «а»
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Қасымның хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі ішкі-сыртқы жағдайы, « Қасым ханның қасқа жолы » атты зандары, оның құрылымы туралы жан-жақты білім беру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ұлттық намысын ояту, адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру, туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, жүйелі ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше қорытынды жасауға үйрету, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт- бағдар беру.
Күтілетін нәтиже: Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, ойын еркін әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыланады.
Оқытуда қолданылатын модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, СТО-ға үйрету, АКТ-ны қолдану, Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқушыларға жас ерекшелігіне сәйкес білім беру.
Сілтеме: Оқулық, әдістемелік нұсқау, хрестоматия, М.Х.Дулати «Тарих-и-Рашиди», Ш.Махмуд «Тарих-ишах Махмуд Бен мырза Фазил Чорас» шығармалары.
Көрнекілігі Интерактивті тақта, электронды оқулық, ХV-ХVІІ ғ. Қазақ хандығы картасы, қосымша материалдар.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тапсырмалар.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті
І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
«Кубизм» әдісі.
ІҮ.Жаңа сабақ:
1-тапсырма: «Өзара оқыту»
Ү. Жаңа сабақты бекіту:
2-тапсырма:
«6 қалпақ құпиясы»
3-тапсырма:
«Ғажайып жетілік»
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.
Оқушылар суретті мозайкалар арқылы төрт топқа бөлінеді.
«Қазақ хандығының ішкі-және сыртқы жағдайы».
Оқушылар кубиктің алты қырындағы сұрақтарға жауап береді.
Кубизм сұрақтары
КІМ? НЕ? ҚАЙ? ҚАНДАЙ? ҚАНША? ҚАЛАЙ?
1. Қазақ хандығының негізін кімдер қалады?
2. Қазақ хандығының Шайбанилермен соғысы не сабепті ұзаққа созылды?
3. Қазақ хандығы Сырдария бойындағы қай қалаларды өз қол астына қаратты?
4. Алғашқы кезде Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?
5. Сырдария бойындағы қалалар қазақтар үшін қаншалықты маңызды болды?
6. Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды?
«Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы»
Оқушылар өздеріне берілген мәтінді белгілі бір уақыт ішінде топ болып оқып, талдайды.
Жаңа сабаққа байланысты қалпақтардың түсіне қарай түрлі тапсырмалар беріледі. Әр қалпақтың ұпайы тапсырманың деңгейіне қарай белгіленген.
Ақ қалпақ-Қасым ханның шығу тегі туралы...
Қызыл қалпақ-Қасым ханның орнында болсаң Қазақ хандығын қалай басқарар едің?
Сары қалпақ-Қасым ханның ел басқару саясатын қалай бағалайсың?
Жасыл қалпақ-Қасым хан туралы қандай деректер немесе зерттеулерді білесің?
Көк қалпақ-әуенді тыңдап әннің аты мен авторын ата ?
Қара қалпақ-мәтіндегі термин сөздерді тауып, мағынасын ашып айтып бер?
«Ғажайып жетілік»
Тақтада жеті қаланың суреті беріледі, қалалардың арттарында жасырылған сұрақтарға жауап береді.
1.Сауран
7.Самарқанд
4.Сарайшық
2.Ташкент
5.Жетісу өңірі
3.Тегеран
6.Сайрам
1.Сауран қаласы қай ханның кезінде сауда орталығына айналды?
2. Қасым хан қай жылы Ташкент билеушісі Сүйініш қожаға қарсы соғыс ашты?
3. Тегерандағы Қажы Хусейн Малек кітапханасынан табылған, парсы тілінде жазылған «Тарих-и Сафавие» (Сефевидтер әулетінің тарихы) атты қолжазбада Қазақ хандығы тарихына қатысты деректер көп ұшырасады. Қолжазбада Қасым ханды «Дешті Қыпшақ ханы» кейде «Дешті Қыпшақ патшасы» деп атайды. Бұл қолжазба қай жылы табылды?
4.Сарайшық қаласы туралы бейне сұрақ.
5.1514жылы кімнің Шығыс Түркістанға кетуімен, қазақ ханының Жетісудағы билігі нығайды?
6.Қасым хан қай жылы Сайрамды алды?
7. Қай жылы Мұхаммед Шайбани Сығанаққа шабуыл жасап, жеңіліп Самарқандқа қашты?
ҮІ.Бағалау: Формативті бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Мен «Қасым хандығы қазақ мемлекетінің бастауы» тақырыбында эссе жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.