Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қасымда жүр жақсы адам... -

Қасымда жүр жақсы адам...

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1199 | Размер: | Автор: гость
. Халық бірлігі ¬¬¬- мемлекеттілік негізі. Қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана біз алдымызға болашағы күшті, өркендеп дамыған Қазақстан елі туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз. Ел өміріндегі мәні мен маңызы орасан зор осынау саяси оқиға қарсаңында, біз көп ұлтты Қазақстан халқын бір атаның балаларындай еліміздің өркениетті дамуы жолындағы игілікті іске жұмылдырып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы - еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып, елімізде тұрақтылықты сақтау мен оның дамуына аса зор үлес қосып келеді.
Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген.Ұлы дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді.
Әңгімемнің төркінін қазақтың халық әндерімен пара-пар келетін "Дудар-ай " әнімен өрбіткім келеді. Бұл әнді естімеген жан кемде кем шығар. Әннің шығу тарихына үңілмесем де, әуенін естіген бойда елітіп, бойымды бір тылсым күш билеп, ән әуеніне еріп кетемін.
Мариям Жагор деген орыс қызы, Он алты, он жетіге келген кезі . Қазақта Дудар деген ғашық болып , Сондағы Мариямның айтқан сөзі: Дудар - айым, Дудым Бір сен үшін тудым. Шіркін-ай , Дудар -айым, Дудым-ай!
Өлеңдегі орыс қызы Мариям Жагор сияқты менің кейіпкерім де бір кездері қазақ жігітін ынтық қылған, көзі көк, сары өңді, ұзын бойлы, орыс қыздарына тән оқтаудай тік жүретін, көңілі кең, пейілі ақ жан. Ол - Верятинская Райса Александровна. Ұлты орыс болғанымен, жұбайы қазақ азаматы. Бектеміс Жары ауылында беделді де белді жеңге. Жолдасы Ықылас ағай екеуінің қызығы мен думаны мол жылдары - бүгінде еске аларлық, өзгеге үлгі боларлық дүние. Өздері де осы әнді өз өмірлерінің "Ән ұранына" айналдырғандай...
Верятинская Райса Александровна - 8 желтоқсан 1946 жылы дүниеге келген. Форт - Шевченко қаласының байырғы тұрғыны. Баутино поселкесін дегі Максим Горький мектебінде оқушылық өмірі өткен. Мектепті үздік бітірген соң бұрынғы Гурьев облыстық білім басқармасының жолдамасымен Қостанай қаласына курсқа жіберілген.1965 жылы оқуды бітіре салысымен Ералы поселкесіне жұмысқа орналасады. Еңбек жолын пионер ұйымында вожатыйлық қызметтен бастады.
Қазақ тілін жетік сөйлегендіктен қазақ мектебінде жұмыс жасаған. Кішкентай кезінен балғын балалармен жұмыс жасауды жанындай жақсы көретін Райса Александровна өз ісінің шебері екені жастайынан көріне бастады.
Ата-анасынан, көрген ортасынан алынған жақсы қасиеттер, қазақ тілін жетік меңгеруі апайға жетістіктерге жетуге көп көмегін тигізді. Аудандағы еңбек жолын аға пионер-вожатый қызметінен бастады. Өз мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімі бола жүріп, жоғарғы және бастауыш сыныптарының оқу ісінің меңгерушісі қызметіне дейін өседі. Кейін Райса Александровнаның жемісті еңбектері мен біліктілігі ескеріліп, аудандық методикалық кабинет меңгерушісі, көп ұзамай аудандық білім бөлімінде оқу инспекторы қызметіне ұсынылады. Осы жылдар ішінде жан-жақты ұстаз игілікті істерімен облыс көлеміне танылады. 1989 жылы отбасы жағдайымен Ақтау қаласына көшіп келіп, № 20 орта мектепке бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі болып орналасты.
Мектеп табалдырығын имене аттаған жас баланың алдынан күлімдеп қарсы алып, қияға қызықтыра жетелейтін бірден бір адам - Ұстаз. Сол ұстаздардың өзіне де кейде көмек керек болып жатқанда, олардың сүйенері - оқу ісінің мегерушісі. Жақсысын асырып, жаманын жасырып жүретін осы бір адамды олар да сыйлайды. Ақтау қаласындағы № 20 білім беру орта мектебінің бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі болған Райса Александровна Верятинскаяның осындай жауапты жұмысты атқарғанына 24 жыл. Еңбегі де елеусіз емес "Халық ағарту ісінің озық қызметкері", "Еңбек ардагері" төс белгілерінің иегері. Ұлты орыс болса да, сөйлегенде қазақтың өзін жаңылдыратын ол Маңғыстаудың төл перзенті екенін, барлық өмір өткелдері арқылы дәлелдеп жүр. Алған асулары мен жеткен жетістіктері осы өлкеде өтіп жатқан апайымызды біздің 28-інші шағын ауданның тұрғындары жазбай таниды. Білім негізі бастауышта десек, ал сол бастауыш ұжымды талмай ұзақ жылдар басқарған апайымызды "Мектебіміздің анасы" деп айтудан әлі де жалықпаймыз.
Қазақ елінің өскелең жас ұрпақтарын заман талаптарына сай тәрбиелеуде, білім нәрімен сусындатуда үлкен үлес қосқан Райса Александровна 48 жыл осы саланың жемісін көрді. Қазір зейнеткерлік демалыста отырған апайымыз - екі ұл тәрбиелеп өсіріп, олардан бес немере сүйіп отырған аяулы әже, сүйікті жар.
Жүзіңізден құйылып әдемі нұр,
Ақ пейіліңіз айтпай-ақ көрініп тұр.
Жақсының жақсылығы көрінеді,
Өмірі жібек жолдай өріледі.
Көргені қай кезде де құрмет болып
Көңілдің алады орын төрінде енді...
"Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады" деген дана бабаларымыз. Сондықтан да атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың болашағын - бірлігімізбен берік етсін. Ел игілігі үшін талмай еңбек еткен ортамыздағы осындай ұстаздарды құрметтеу, бағалау есте әрдайым сақтау - уақыт еншісінде...
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.