.
.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ата-бәйтерек, бала жапырақ. Ата-бәйтерек, бала жапырақ.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3996 | Размер: | Автор: гостьТәрбие сағатының мақсаты:
1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;
2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға
деген қызығушылығын арттыру;
3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының әдістері: Топтастыру, Екі жақты күнделік, РАФТ стратегиясы
Тәрбие сағатының көрнекілігі: нақыл сөздер мен сұрақтар жазылған бетшелер, жүрекшелер, т. б.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай:Отбасы – отанымыздың ошағы.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшантеңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, анна құшағына еніп, анна мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
1-оқушы: Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрін де
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегіме сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам
2-оқушы: Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санаймыз екеуміз.
Бас бармағым-папам,
Балаң үйрек –мамам,
Ортан үйрек-ағам,
Шылдыр шүмек-мен,
Кішкентай бөбек-сен.
Тренинг «Бес саусақ»
Мұнда ата-ана өзінің қолын бастырып, оған баласының 5 жақсы мінезін жазады. Ақ беттің екінші жағына бала өзінің бес саусағын бастыра отырып, өзінің 5 жақсы мінезін жазады.
Егер бала мен ата-ананың берген анықтамасынан кем дегенде 2-3 мінезі сәйкес келсе, онда бұл ата-анамен бала арасындағы қарым қатынастың тығыздығын көрсетеді.
«Осындай біздің отбасы» К.Күзембай
АТА
АТА-үлкен,кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
ТӘТЕ
Таудай менің талабым,
Айна мен ақ тарағын.
Алып беріп тарпадан,
Тәте көңілін табамын.
АПА
Мейірімді апалар,
Балалар кеп бата алар.
Қалтасына кәмпит сап,
Немереге апарар.
АҒА
Қиындықтан қынбайды,
Атам сөзін тыңдайды.
Жұмсап мені жұмысқа,
Үлкендігін бұлдайды.
МЕН
Атам не айтса көнетін,
Апам көңіл бөлеиін,
Мен осы үйдің кенжесі,
Бәрі жақсы көретін.
Ән «Айналайын ақ мамам»
Сурет салу. Ортаға 3 әке және 3 бала шығады.
Тапсырма : Бұл 3 отбасына машинаның суретін салу беріледі.
Соңынан салынған суреттің қаншалықты ұқсатығын бақылау. Мұнан шығатын түйін әкелердің балалары жайында не білетіні. Яғни балаңыз қандай түсті ұнатады?, қандай машинаны , т.б.
3- оқушы: Әке-асқар тау.
Ана-шалқар көл.
Әке көрген оқ жанар.
Шеше көрген тон пішер.
4-оқушы: Әже деген көп шығар,
Әжемдейсменің жоқ шығар.
Мейрімді бұл кісі.
Қандай ғажап күлкісі.
- «Әжем маған қандай ертегі айтты?»
(2-3 оқушыға ертегі айтқызу)
«Көбелек» биі
Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу.
1. Ағадан – ақыл, ………….Атадан – нақыл.
2. Ер бала ата-анаға таяу,…………….Қыз бала үйге жаққан бояу.
3. Апам үйі – ………………ақ жайлау.
4. Інісі бардың тынысы бар……………Ағасы бардың жағасы бар.
5. Өз үйім – ……………………….өлең төсегім.
6. Жалғыз ағаш үй болмас,……………………..Жалғыз жігіт би болмас.
7. Балапан ұяда не көрсе,…………………….Ұшқанда соны іледі.
8. Атасыз үй – батасыз,………………..Анасыз үй – панасыз.
9. Жақсы ата – орман,…………………Жақсы бала қорған.
10. Өсер жастың алдын кеспе,…………..Өсер ағаштың басын кеспе.
11. Өзінің шарқын білген,………………..Өзгенің нарқын біледі.
12. Ананың ізін қыз басар,………………….Атаның ізін ұл басар.
Қорытынды
Барлық өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайрымдылық – қатігездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.