.
.
Абылхакова Нагима Муратовна Атажұрт
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1258 | Размер: | Автор: гостьАстана қаласы №56 мектеп-лицейдің
география пәні мұғалімі
8 сынып оқушылары арасында өткізілген
сыныптан тыс интеллектуалды ойын жоспары
8 сынып
Категориясы: География
Тақырыбы: Атажұрт
Мақсаты: а) білімдік
Қазақстанның физикалық географиясы бойынша алған білімдерін еліміздің экономикалық географиясынан алған білімдерімен ұштастыру, сабақтастыру, білімдерін тереңдету, толықтыру, жүйелеу.
б) тәрбиелік
Табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалануға, ұтымды қолдана білуге, табиғатты сүюге, оны аялауға тәрбиелеу.
с) дамытушылығы
Бағдарламадан тыс білім алуға құштарлығын, танымдық қызуғышылығын арттыру, шығармашылық ізденіске баулу.
Әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың типі: қайталау.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық, экономикалық карталары, интерактивті тақта, видио ролик, суреттер.
Ойынның өткізілу барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
Әр топта 6 оқушыдан
Мақстаымен таныстыру
( Пән мұғалімі хабарлайды )
Ойынның бағдарламасы бойынша 1-ші таныстыру кіріспе бөлімнен, негізгі бөлім 4 кезеңнең тұрады. Атап айтқанда:
1. «Қанат қақты»
2. «Самғау»
3. «Бекет»
4. «Шарықтау»
5. «Жерұйық»
Қорытынды бөлімде жеңімпаз атанған топ «Жер ұйық» деп аталатын кезеңге қатысады. Ойымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Әлемдік білім кеңістігінде сұңқар құстай самғап, қырандай қалықтасын деген оймен екі топты сұңқар, қыран деп атауды жөн көрдік.
Ал енді, екі топтың топ басшылары бүгінгі ойынға қатысушы топ мүшелерімен таныстырады, кезекті анықтау үшін топ басшыларын ортаға шақырамын.
Сонымен бірінші болып... тобы бастайды. Қол соғып қошаметтеп қоямыз. Екі топтың жан күйерлерімен ойын, өрлеу кезеңінде ойналады. 1-ші кезең «Қанат қақты» ойын шарты бойынша әр топтың топ басшыларына 5 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
«Қыран» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар
1. Тянь-Шань тауының ең биік шыңы қалай аталады, шыңды ашқан ғалым.
( Жауабы: Хан тәңірі, П.П. Семенов –Тянь –Шаньский )
2. Қазақстан аумағындағы Орал тауының жалғасы ( Мұғалжар )
3. Қазақстан жеріндегі ежелгі платформа ( Шығыс Еуропа )
4. Қазақстанның ұлттық ядролық орталығы қай қалада орналасқан
( Курчатов қаласы )
5. Қазақстан неше облысқа бөлінеді?(14)
«Сұңқар» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.
1. Сарыарқаның ең биік нүктесі қалай аталады ( Ақсораң )
2. Балқаш көліне құятын өзендерді ата ( Іле, Қаратал )
3. Арал теңізі қандай қандай тақтада орналасқан?( Тұран )
4.Қазақстандағы жалғыз ғана ағынды көл ( Зайсан )
5. Еліміз батыстан шығысқа қарай неше км- ге созылып жатыр?( 3000 км )
Ойынымыздың келесі 2-ші кезеңі «Самғау» кезеңінде әр топқа кезек-кезек сұрақтар қойылады, егер жауап бере алмаса қосымша көмек алуға болады.Бірақ қосымша көмек алған жағдайда жарты ұпай кемиді, бір сұрақ 20 балл,
Қыран тобының сұрақтары:
1. Қазақстанның орта ғасырлық ірі қалаларының бірі Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Бұл қаланың аты 8 ғ.-дан бастап аталғанымен оның тарихы б.з. д. 2-ші ғасырдан басталған, Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты, оның алып жатқан ауданы 200-га –ға жетіп, нағыз шығыс қаласына айналды. ( Отырар ).
Қосымша көмек 1219 жылы күзде моңғолдар қаланы қоршап, 6 айдандан кейін басып кіріп, халқын қырғынға ұшыратты.
2. Бұл үстірт шығысындағы Сарыарқа, Батысындағы Мұғалжар және Оңтүстік Оралдың аралығында жатыр. Солтүстігі Батыс Сібір жазығына, Оңтүстігі Шалқар теңіз ойысына жалғасады, абсалюттік орташа биіктігі 200-300 м
Қосымша көмек.- Бұл үстірт арқылы Есіл және Тобыл өзенінің және Торғай қолатының шағын өзендері ағып өтеді. (Торғай )
3. 1984 жылы 12 шілдеде ұйымдастырылған қорық, Маңғыстау облысының Ералы аудынының оңтүстігінде Жаңа өзен қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан аумағы 223 мың 342 гектар ( Үстірт )
Қосымша көмек.- Солтүстік және солтүстік –батысында Каспий маңы ойпатымен, батысында Маңғыстау жазығымен шектеседі. Теңіз деңгейінен биіктігі 200 м. ( интерактивті тақтадан Үстірт қорығы көрсетіледі )
Сұңқар тобының сұрақтары:
1. Атырау қаласынан 55 км жерде, Жайықтың оң жағасындағы бір кездегі атақты қала. Қаланың іргесі 11 ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі 13-14 ғасыр аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолында орналасқан. (Сарайшық )
Қосымша көмек. Қаланың екінші атауы Саранджук. Қала Алтын Орда заңдары жерленген қасиетті орынға айналған.
2. Қала өткен ғасырдың ортасынан дейін өзінің саудалық маңызын сақтады, қазір ол тарихи және мәдени орталық. Мұнда мұсылман сәулет өнерінің інжу маржаны, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан көне қала қалай аталады ( Түркістан )
Қосымша көмек
Айтылып отырған қаламыз Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ежелгі қала.
3. Өзі аттас өзеннің аңғарында, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ұйымдастырылған мемлекеттік ұлттық табиғи парк. Ауданы 93150 гектар, Алматы қаласынан 193 км қашықтықта орналасқан
( Шарын шатқалы )
Қосымша көмек Іле тау аралық аңғарында орналасқан. ( интерактивті тақтадан Шарын шатқалы көрсетіледі )
Ойынымыздың келесі 3-ші кезеңі «Бекет» кезеңінде еліміздің екі теңізіне постерге толықтай сипаттама береді.
1. «Қыран» Каспий теңізі
2. «Сұңқар» Арал теңізі
Ойынымыздың келесі 4-ші кезеңі «Шарықтау»
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар,
Бәрінен де мал бағып,
Білім қуған оза-демекші тақтада 14 сан ілінген асықтарда, әрбір топ 4 асықты таңдап, соған сәйкес жазылған сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10,20,30 ұпай беріледі.
1.Рудасыз пайдалы қазбаларға не жатады? /фосфорит, тұз/ 10
2.Тура мен шашыранды радиацияның қосындысы қалай аталады? /жиынтық радиациясы/10
3.Жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасы /ылғалдану коэфиценті/ 10
4.Балқаш көлін екіге бөліп жатқан түбек қалай аталады?/Сарыесік/ 10
5.MSK-64 нені білдіреді?/Медведев-КСРО, Шпонхойер-ФРГ, Карник-Чехия/ 20
6.Соколов-Сарыбай, Лисаков қандай пайдалы қазбаның кен орны?/темір/ 20
7.Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел /Сайқан/ 20
8. Өскемен мен Семей қалаларының аралығында қандай бөген орналасқан?/Шүлбі/ 20
9. Каспий теңізінің шығанақтары/ Маңғыстау, Қазақ/ 20
10.Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы санаған ғалым / Страбон/ 30
11. Бұл үстірт шығыстағы Сарыарқа, батыстағы Мұғалжар және Оңтүстік Оралдың аралығында жатыр /Торғай/ 30
12. Маңғыстау тауының ең биік жері /Бесшоқы/ 30
13. Еліміздің ең теңіз деңгейінен төмен ойысы / Қарақия/ 30
14.Ол 1900-1903 жылдары Арал теңізін мұқият зерттеген ғалым / Л.С Берг/ 30
Осымен кезеңдер аяқталды,женген топты анықтау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі, женген топ –«Жерұйыққа» жеттіңіздер, ойынды жалғастырсаңыздар бір сұрақ беріледі, жауап берсеңіздер ұпайларыңыз екі еселінеді.
Бұл тау Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатыр, ол батысында Торғай үстіртімен Тұран ойпатына дейін жетіп, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерімен, оңтүстігінде Балқаш көлі және Бетпақдала мен, солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен шектесетін ұлан-ғайыр аумақты құрайды. Батыстан шығысқа қарай 1200 км созылған. Бұл қай тау туралы айтылған? (Сарыарқа)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.