.
.
Атырау облысы , Атырау қаласы « Қатынас» «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» « Таным »
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2586 | Размер: | Автор: гость№26 «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі
Каиргалиева Надежда Утепбергеновна
Білім беру саласы: « Қатынас» «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»
« Таным »
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ә.Қалдыбаевтың «Ас атасы - нан» өлеңі
Мақсаты: өз ойларын дұрыс, қысқаша байланыстырып жеткізе білу
дағдыларын қалыптастыру:
- шығарманы тыңдау және түсінуге тәрбиелеу;
- тиым сөздердің мағынасын түсіндіріп,пішіндерді айыра білу
-шығармашылық қаблетін дамыта отырып,қол моторикасын дамыту
Қолданатын құралдар:Айсұлу қуыршағы,(атаның,ағаштың,нанның суреті)
Бейне таспа үн таспа, мнемо кесте
Сөздік жұмысы: қоқымын;қастерлеп;иісі мен дәмі,ары,арқауы.
Билингвалды компонент: бидай-зерно, нан-хлеб.
Шаттық шеңбері
Үлкенге де сіз,кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,бас иеміз біз
Армысың күн анамыз,
Бүгін бәріміз қуанамыз.
Дастарханында әр үйдің
Болсын қасиетті нанымыз
Өткенді еске түсіру,қайталау.
Н.Әлімқұловтың «Апорт» алмасы
Ғажайып сәт:
Бізге бүгін қуыршақ Айсұлу қызықты бір кітап әкелді.Мен кітапты ашып оқып берейін сендерге. Жұмбақтар
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар.
(Бидай)
Беттескен қос табақ,
Ортасында бас тамақ.
Қоз бен шоққа ораса
Дәм піседі тамаша (таба нан)
Дұрыс таптыңдар балалар осы нан бидайдан жасалады.Күзде көкініспен
жеміс-жидектер піседі және егін пісіп,қамба астыққа толады.
Бұл мезгіл берекелі,молшылығы көп мезгіл
-Олай болса біздің ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің
Тақырыбы « Ас атасы -нан » деп аталады.
-Балалар неге нанды ас атасы деп атаймыз?
-Нан қасиетті тағам,нанды біз күнде жейміз,әрқашан дастарханымызда
нан тұрады.
-Нанды біз қайдан аламыз?
- Міне балалар ,мынау ұн,ұнды бидайдан алады.
-Дұрыс айтасыңдар,балалар.
Ал,енді нанды неден пісіреді?
-Дұрыс айтасыңдар.
-Көктемде дәнді егіп, су құйып баптап өсіреді.Ал күзде комбайынмен жинап,диірменге тартып уатады.Дайын ұнды наубайханаға әкеледі. Ұнға су,тұз, ашытқа салып қамырды илеп пешке салып дәмді, әрі исі бұрқыраған нанды
пісіреді.Дайын піскен нанды дүкенге әкеледі. Біздер оны сатып алып жейміз.
Міне, қандай нан түрлерін көріп тұрсыңдар? ақ нан,қара нан,батон,тандыр нан,тоғаш т.б Нанның пішіндері де,әртүрлі болады екен.(дөңгелек,сопақша)
-Дұрыс айтасыңдар,балалар.
-Міне, көрдіңіздерме,қаншама нан түрлері бар,ол бізге оңайшылықпен келмейді екен.
Тіл ұстарту жаттығуы
Ін-ін-ін
Жерге шықты егін.
Ән-ән-ән
Ұсақ,сары дән.
Ай-ай-ай
Өсті алтын бидай.
Ан-ан-ан
Міне ыстық нан.
Өлеңді үн таспа арқылы тыңдаймыз
«Ас атасы-нан»өлеңін оқып, талдайды.
Ас атасы- нан
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегімен ары бар.
Нан-өмірдің ана сүті, арқауы.
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
Шығарманы оқи отырып,ойын іс-әрекеттерімен қимыл жасап отырады және алдын ала дайындалған тақпаққа байланысты суреттерді пайдаланады.
Сөздік жұмыс: «қоқымын;қастерлеп; иісі мен дәмі, ары, арқауы»деген сөздердің мағынасын түсіндіріп,қайталап бекітеді
Жеке жұмыс: « Не артық ?»
(бейне таспада берілген ұн тағам-
дары ішінен артық затты табу керек)
Тыйым сөздер
« Нанды төңкеріп қойма»
«Нанды бір қолмен үзіп жеме »
« Нанды жерге тастамайды-обал болады» Мағынасын түсіндіру.
Сергіту сәті:
Жерге дән түседі,
Күнге қарай өседі.
Жаңбыр жауды себелеп,
Бидай өсті тезірек.
Күнге қарай созылды,
Сұлу болып айналды.
«Кім неге барсын?» дидактикалық ойыны
Тәрбиеші балаларға сөздерді айтып тұрады,балалар белгіленген суреттерге барып,неге осы суретке барғанын түсіндіру керек:
Тіл алғыш бала нанға барсын,
Тілазар бала талға барсын.
Тілі тәтті бала атаға барсын
Кіріктірілген сабақ: «Шығармашылық» тұзды қамырдан тоқаш жасайды.
Саусақ жаттығуы:
Саусақтарым кішкентай
Көп нәрсені меңгерді.
Айналыпты шеберге,
Жұмыс істеуді үйренді.
Қамырды аламын,
Алақанға саламын
Домалатып ойнаймын,
Қызығына тоймаймын.
Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады:
-Кім бізге қонаққа келді?
-Балалар,Айсұлудың кітабы сендерге ұнады ма?
-Қуыршаққа біз қамырдан не жасадық?
Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:Нанның қайдан келетінін.
Нені игереді: Әр нанның ұсағы еңбекпен келетінін.
Нені біледі:Қамырдан түрлі пішіндегі нан жасауды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.