Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау -

Ауаның ластануы. Ауаны қорғау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2698 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ауаның адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы
оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Дүние танымын, ой- өрістерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3.Тәрбиелік:Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу.
2.Оқушыларды 3 топқа бөлу, атауларымен таныстыру.(ауа температурасы, бұлттылар, жел)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Ауа температурасы» тобы
1.Ауа райы құбылыстарын ата.
2.Ауаның құрамындағы қоспаларды ата.
«Бұлттылар» тобы
1.Орманды жерде оттегі неге көп?
2.Ауа қабаты дегенді қалай түсінесің?

«Жел» тобы
1.Жердің қорғанышы деген не?
2. Қазақстан жеріне не себепті жауын- шашын аз түседі?
2. Халық ауа – райын қалай болжаған?
. Ой шақыру
Ауа….
• Газдар қоспасы,
• Түссіз, иіссіз, мөлдір;
• Ауа қабаттардан тұрады; т.б.
• Балалар, ластану деген сөзді қалай түсінесіңдер?
• Ауа ненің әсерінен ластануы мүмкін?
ІІІ. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Таза ауа – денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.
Зиянды заттары бар ауамен тыныс алаған адамның жұмысқа қабілеті кемиді.
Бұл жағдай түрлі ауруға шалдықтырады. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет.
Айналадағы ауаның тазалығын сақтау үшін оны көгалдандыру қажет.
Республикалық ауаның ластануы рейтингісі бойынша Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе облыстары алғашқы үштікті құрайды. Қазіргі кезде Теміртау қаласында ауаның ластануын бақылайтын үш стационарлық пост жұмыс істейді.

.
Оқулық бойынша түсіндіру, мәтінмен жұмыс
Оқулықпен жұмыс. Бөлікке бөліп дауыстап оқыту. .(Электронды оқулық)
Табиғатта заттар арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды.Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады.
Өркениет пайда болғалы ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа тек табиғи жолмен ғана ластанатын. Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар , улы газдар араласады. Жел арқылы шаң,тозаңдар ұшып шығады.
Ормандар өртенгенде көп газдар ұшады. Өсімдіктер иен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газдар да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.
Ал адамның ауаны ластауынан ірі қалаларда қала ауасы нашарлайды. Адам да ,жануар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген.Қоспа құрамы өзгергенде ағзаның тыныс алуы бұзылады. Ормандарда 400 жыл өмір сүретін ағаштар қалаларда 50-80 жыл ғана өмір сүреді.
Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі тазалай алмайды.Оны қорғау керек.Зауыттарға арнайы тазартқыш қондырғылар орнатылады.Машиналардан шығатын түтін жолына сүзгі қояды. Бұл заттың барлығы ауаны бұзып, шаңдатады, тiрi организмдердi жою қаупiн тудырады. Ауалық ағындармен улы заттар үлкен арақашықтыққа тасымалданып, топыраққа, су қоймасына — өзендер мен көлдерге жаңбыр және қармен түседi.
Ауаны тазартудың ең тиімді жолы—көгалдандыру. Бұл іске өзің де қосыла аласың.
Бейнетаспа мен слайд көрсету.
ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Дәптермен жұмыс.
Орман ағаштарын кескеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болады.?
Орман ағаштарының тигізер пайдасы қандай?
Мақалмен ой тұжырымда:
1.Бір тал кессең, он тал ек.
2.Ағаш көркі- жапырақ, адам көркі- шүберек.
3.Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Бұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Деңгейлік тапсырмалар тарату.
Әр топқа 1 тапсырма беру.
Сергіту сәті: /слайд/
V. Бекіту кезеңі:

Нені білемін? Нені үйрендім? Нені үйренгім келеді?
• Ауа түссіз, мөлдір, иіссіз;
• Тіршілік үшін қажет;
• Барлық жерде болады;
• Газдардың қоспасы;
• Ауа қабаттардан тұрады;
• Ауа райы құбылыстары. • Метерология ғылымы зерттейді;
• Ауаның құрамы тұрақты;
• Завоттар мен өндіріс кәсіпорындары ауаны ластайды;
• Мұржаларға сүзгіш қондырғыылар орнатылуда;
• Көшеттерді көп отырғызу қажет.
VІ. Қорытындылау
-Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар?
- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?
Ауа тіршілік көзі. «Ауа өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса өмір де тоқтайды. Ең қымбатты, қасиетті нәрсе «Ауадай қажет» деп ауаны ерекше бағалайды.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?,
Тіршілікте адам қымбат сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат алатұғын дем қымбат. / Т. Есімжанов/
VІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:
68,69,70- беттерді оқу, мазмұны.
Қарағанды, Теміртау қалаларының экологиялық жағдайы, Қазақстанның экологиялық жағдайы жайында мәліметтер жинастыру.
VІІІ.Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.