.
.
БҚО Тасқала ауданы Ауданды бірліктері 1м2 ,1дм2, 1см2,
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3260 | Размер: | Автор: гостьҚ.Сәтбаев атындағы мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Рашева Индира Кенжебаевна
Пәні: Математика
Сыныбы: 3 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: «Ауданды бірліктері 1м2 ,1дм2, 1см2,»
Мақсаты: 1. Фигураның ауданы туралы түсінік беру, фигуралардың ауданынсалыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру.
2. Квадрат сантиметрді пайдаланы отырып, фигуралардың ауданын табу,есеп шығару, амалдарды орындау дағдыларын бекіту.
3. Оқушыларды жауапкершілікке, тапқырлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: сыни тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, топтау, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: слайд, топшама, геометриялық фигуралар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
Бізге есеп үйреткен,
Пәнге қара құрметпен.
Сандарды тура табатын
Математика болатын.
І. Қызығушылығын ояту
1. Математикалық диктант.
1) 3 пен 4-тің көбейтіндісін тап.
2) 15 пен 5-тің бөліндісін тап.
3) 0 мен 20-ның көбейтіндісін тап.
4) 90 мен 90-ның бөліндісін тап.
5) 1 мен 36-ның көбейтіндісін тап.
6) 0 мен 15-тің бөліндісін тап.
7) 1 мен 4-тің қосындысын 5 есе арттыр.
Жауабы: 1) 12; 2) 3; 3) 0; 4) 1; 5) 36; 6) 0; 7) 25
2. Қайталау қосу, азайту өрнек құру
Көбейту, бөлу Математика теңдеу шешу сабағында не үйрендік?
Шығармашылық тапсырма геометриялық периметрді табу фигуралар
- Балалар, сендер қандай фигураларды білесіңдер?
- Ал, балалар, периметр дегеніміз не?
- Периметрді табудың неше тәсілі бар?
- Біз тік төртбұрыштың периметрін тапқанда көбіне қай тәсілді қолданамыз?
- Біз математикадан көп нәрсені біледі екенбіз, бірақ әлі білеріміз көп.
ІІ. Мағынаны тану.
Фигуралар:
Әр заттың орны бар. Мысалы сынып бөлмесіндегі кітап, дәптер, т. б.
Мына фигуралардың да алатын орны бар
Оның қалай аталатынын білесіңдер ме?
Ендеше, оны аудан деп атайды.
Біз бүгін аудан, ауданның өлшем бірлігі туралы үйренеміз.
І Слайд
• Қандай фигура үстелден көбірек орын алып жатыр?
• Оқушылардың пікірін тыңдау.
•
ІІ слайд . Салыстыру
• Ережені айтамыз.
• Ауданды S әрпімен белгілейміз.
• Енді осы ауданды табу үшін бірнеше өлшем бірліктерін пайдаланамыз.
• Бүгін біздер ауданның кішкене өлшем бірлігімен танысамыз.
1 см2 Дәптерге сыздыру.
• Бүгін біздер геометриялық фигуралардың ауданын тапқанда осы өлшем бірлігін пайдаланамыз.
ІІІ. Слайд.
1. Сергіту сәті
Бойды сергек тік ұста,
Оң қолыңды соз алға.
Оң қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын.
Сол қол босқа тұрмасын,
Бойды сергек тік ұста.
Сол қолыңды соз алға
Үшбұрыш жасап зырласын.
IV. Слайд. №4
1)Белгісіз санды 46- ға арттырғанда, 9 бен 8 сандарының көбейтіндісіне тең шықты.
Ш: Х+46=9*8
Х+46=72
Х=72-46
Х=26
26+46=9*8
2)Белгісіз саннан 42-ні азайтқанда, 56 мен 7- нің бөліндісінің мәніне тең сан шықты.
Ш: Х-42=56:7
Х-42=8
Х=42+8
Х=50
50-42=56*7
№6
Сүліктер 72 ай тіршілік етеді,бұл асшаяндардың тіршілік етуіне қарағанда 24айға артық,ал теңіз кірпілері сүліктер мен асшаяндардың тіршілік етуіне бірге алғандағыдай тіршілік етеді.Теңіз кірпілері неше жыл тіршілік етеді?
Сүліктер-72ай
Асшаяндар-?24 айға артық
Теңіз кірпілері-?
Ш: (72+24)+72=120
Ж: Теңіз кірпілері 120жыл тіршілік етеді.
«Үндемес» ойыны. Берілген жауаптарымен көбейту амалына үш мысалдан жазады.
Жауаптарын Рефлекция парағына орындайды.
VI. Слайд. Есеп шығару
№7
Гренландия китінің басының ұзындығы оның бүкіл денесінің ұзындығының үштен біріне тең.Егер киттің бүкіл денесінің ұзындығы 21 м болса,оның басының ұзындығы неше метр?
Ш: 21: 3=7 Ж: 7метр
VI І слайд «Бәйге» ойыны. Шығармашылық жұмыс.
1. Екі қолыңдағы саусақ саны
2. Аптадағы күн саны
3. Бір жылдағы күн саны
4. Төрт үстелдің аяғының саны
5. Жеті сиырдың мүйізінің саны
6. Периметрді қалай табамыз?
7. Ауданды қандай әріппен белгілейміз?
Практикалық жұмыс
Геометриялық фигуралардың ауданын табу. (Жеке жұмыс)
VIІІ слайд Логикалық есептер
а)11 түйе, 5 жылқы,
2 сиыр, 4 ешкі.
2 қоян, 3 түлкі,
Болды сонда нешеуі?
ә) Түйе, бота маң басқан,
4 аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ 5 ешкі,
Төрт қозылы 2 қой,
Бәрі нешеу айта ғой?
ІІІ. Толғаныс.
Не үйрендік? Не білдік?
Бағалау
Үйге тапсырма №5. 109 бет
24.11.2015 жыл Математика сабағы,3«Ә» сынып,мұғалімі Рашева И.К
Сабақ бойынша қатысқан мұғалімдердің пікірі мен ұсыныстары:
Тлегенова Ш.М., бірлестік жетекшісі:
Сабақтың барлық этаптары жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде
практикалық жұмыстар арқылы дәлелдету керек еді. Оқушылар ауызша
есептеуге төселген.Мұғалімнің жұмыстың барлық түрін қамтуға тырысты.
Мұғалімнің педагогикалық этикеті сөйлеу мәнері қалыптасқан.Мұғалімнің
оқушылар арасындағы психологиялық ахуал орныққан.Оқушылар
тапсырмаларды өз бетімен жұмыстануға дағдыланған.Сергіту сәті сабақпен
байланысты.
Кожағалиева А.Н., бастауыш сынып мұғалімі:
Сабақта қығығушылық танытантын әдістер қолданылса өте жақсы болар еді.
Сергіту сәті сабақ тақырыбына сай. Мұғалім өзін жақсы ұстайды. Макимов
Ерасыл пен Суиндикова Анель белсенді қатысады. Жай сабақ түрінде өтті.
Жаңа технология,АКТ ны қолдану қажет еді
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.