.
.
Қазаққа қандай мамандық керек? Қазаққа қандай мамандық керек?
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1292 | Размер: | Автор: гостьҚазіргі жоғары оқу орнын бітіргендердің ¾ бөлігі заңгер, экономист, кеденші мамандықтарын құрайды. Олардың ойынша сол кәсіп иелерінің болашағы бар. Жоққа шығаруғада болмайды, ол мамандықтардың табар табысы басқаларғы қарағанда көптеу. Әйтсе де қазіргі таңда нақ осы мамандықтар бойынша бітіргендердің жұмыс тауып, бір жерге сіңісіп кетуі екіталай. Соның салдарынан бүгінде көптеген жастарымыз дипломдарын құшақтап, құрылыста, базарда немесе көлік жуу орындарында жұмыс жасап жатқаны ақиқат. Мамандық таңдау барысында талапкер де, ата-анада жақсылап ойланғаны дұрыс. Әр адам өз мамандығының шебері болуы керек. Өйткені бүгінгі ұғым мүлде басқа. Баяғыны естісек дипломы бар деп, жұмысқа қабылдай беретін дейді. Ал, қазір қолыңнан іс келмесе дипломның бар-жоғы бәрәбір. Ал, тыңғылықті тірлік ете алсаң аш қалмайсың. Сол үшін жастарға, яғни, бізге «модный» емес, өзінің жаны сүйетін мамандықты таңдауға мүмкіндік беру керек. Және кәсіпті таңдауда ең алдымен Қазақстанның қай бөлігінде, облысында тұрғандығына көңіл бөлген жөн. Себебі, ол өзінің тұрғылықты жеріне қажетті мамандықтың иесі болар еді.
Бір жағынан алып қарасаңыз көше сыпыруша болсаңда, сол істің асқан шебер маманы болу крек. Мамандықтың бәрі керек. Қазір ойлап қарасаныз қай мамандық иелері артылып жатыр? Ешқандай. Егер маман барлық салады жеткілікті болса «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы керек емес болып қалар еді.
№195 орта мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі
Жұмабаева Ардақ Маратқызы
Білім сапасын арттырудағы мұғалім
шығармашылығының рөлі.
Білім сапасы-қоғамдық білім беру үрдісінің жағдацын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін аңықтайтын әлеуметтік категория.
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: ... «Мұғалім қандай болса, мектепте сондай болашақты. Яғни мұғалім білімді болса, мектепте балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тірегі-ұстаз. Сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі шығармашылық қызмет.
Сапа өздігінен келмейді. Оны жоспарлау керек. Білім мекемесіндегі сапаға жету жолында негізгі жауап беруге тиісті сұрақтар: Біздің негізгі мақсатымыз не? Міндетіміз ше? Көрсеткішіміз және оның мәне не болмақ Біздің тұтынушымыз кімдер? Олар бізден не күтеді?
Сапаға жетуде білім мекемесі жұмысының құндылығы-бұл көзделген мақсатқа жету мен басты міндеттерді шешуде өз қызметін құру принципі:
Ол:
-оқушыларды бірінші орынға қою
-жоғары сапалы қызметпен қамту.
Білім сапасын арттыруда тұлғалар қызметін талап деңгейінде ұйымдастырудың маңызы зор.
№195 орта мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі
Жұмабаева Ардақ Маратқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.