Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ халқының рухани мәдениеті -

Қазақ халқының рухани мәдениеті

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2501 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Шмирова Қаламқас Жасияевна
ОҚО, Ордабасы ауданы, «Өнер» мектебінің мұғалімі

Тақырыбы: Қазақ халқының рухани мәдениеті
Мақсаты: Оқушыларға рухани мәдениетті түсіндіре отырып, рухани құндылықтарды сақтау мен құрметтеуге баулу.
І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта:
а) ұйымдастыру сәтін өткізеді;
б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі;
в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді). 1. Мәдениет дегеніміз не? 2. Мәдениеттің қандай түрлері бар?
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
Бос орындарға қажетті сөздерді жаз:
1.А .Левшиннің өзі халқының жаппай болуына таңдана қарап «Адам ақын және музыкант болып туады» - деп мойындауға мәжбүр болған.

1-3). Венн диаграммасы арқылы жергілікті халықтың рухани және материалдық мәдениетін салыстыр.
Рухани мәдениет Ұқсастығы материалдық мадениет

Тақырыптың басты идеясы неде?
Жергілікті халықтың рухани және материалдық мәдениетінің ұқсастығы ұлттық құндылықтарды құрайтындығы.
Келесі кезекті оқушылардың шығармашылық жұмысына береміз. (Оқушылар үйде өздік жұмысын дайындайды.)
Жаяу Мұса (1836-1929). Жаяу Мұса Байжанов – қазақтың белгілі әншісі және композиторы.Оның щығармашылығы қоғамда орын алған әлеуметтік әділетсіздікке қарсы бағытталды.Жаяу Мұса өз заманының арабша және орысша сауатты,оқыған адамы болған.Ол1835 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған.Ауыл молдасынан сауатын ашқаннан кейін,он бес жасында Петропавл қаласына барып көпеске жалға жұмысқа орналасады.Жұмыс істей жүріп,өз бетімен білімін көтерумен айналысады,орысша сөйлеуге машықтанады,жазу-сызуды,скрипкада, баянда ойнауды үйренеді. Петропавлда үш жыл тұрған соң, Мұса Омбыға барады. Омбы ол кезде үлкен мәдени орталық болатын,сондықтан да Мұсаның дүниетанымы кеңейе түседі.Мұнда Мұса әскери үрлемелі оркестрдің орындауындағы марштар,вальстер,музыкалар,т.б еуропалық музыка түрлерімен танысады.Ол болашақ композитор шығармашылығына игі әсерін тигізеді.Ауылына оралған Мұсаға жұрттың назары бірден ауа бастайды.Ол қазақ және орыс әндерін айтады,домбырада,гармоньда және скрипкада ойнайды.Жергілікті байлар Мұсаның халық арасындағыбеделін көре алмай,оған”Жаяу Мұса”деген ат қояды.Бірақ одан Мұса қысылмайды.Халық арасын аралай жүріп,тоқ қарын байлардың әділетсіздігін,көрсеқызарлығын әшкерелеген әндерін шығарады.Сондай әндердің бірі “Ақ сиса”әні күні бүгінге дейін халық арасына кең тараған.ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары Жаяу Мұса бірқатар лирикалық әндерді,атап айтқанда “Қазақ қыздары”,”Тұрымтай”, ”Шолпан”,Көгаршын”,”Хаулау”, ”Cұрша қыз”,”Бозторғай” әндерін шығарады.
Аса көрнекті халық композиторы Жаяу Мұса Байжановтың шығармашылығына,оның әндеріне қызығушылық күні бүгінге дейін толастаған емес.Оның әндерін үлкен сахналарда кәсіби әртістер де,көркемөнерпаздар да үнемі орындап келеді.
Тәттімбет(1817-1862). Шығыс Қазақстанның аса көрнекті композиторы Тәттімбет болды.Ол 1817 жылы Қарағанды облысының Мөмекебұлақ деген жеріндетуған.Ауқатты отбасынан шыққан Тәттімбет өз өмірін музыка өнеріне, оның ішінде күйщілікке арнап, бұл бағытта үлкен табыстарға қол жеткізеді,күйші-композитор ретінде артына мол рухани мұра қалдырды.Тәттімбет-Қазақстанда кең тараған шертпе күй мектебінің көрнекті өкілі.Оның алғашқы күйлерінің қатарына “Қосбасар” және “Қаражорға ” күйлері жатады.Бұлардан басқа әйгілі күйшінің “Былқылдақ”,”Сылқылдақ”,”Көкейкесті”,”Сары жайлау” күйлері халық арасында кең тараған.Тәттімбет күйлері А.Жұбанов ұйымдастырған қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт-аспаптар оркестрі репетуарынан берік орын алып,үнемі орындалып келеді.
Үй тапсырмасы: Себебін анықта.
Рухани мәдениеттің дамуын анықта.


Нұрмаханова Мадина Ашимовна
ОҚО, Ордабасы ауданы, «Өнер» мектебінің мұғалімі
Құрманғазы Сағырбайұлы


Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.

Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі жерінде дүниеге келген.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.[2] Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазының бесінші атасы Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Ал жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ аңызды, сөз дарыған адам екен. Күні бүгінге дейін ел ішінде «Ершінің еркегін қойып, әуелі әйелімен айтысып ал» деген сөз бар. Құрманғазының нағашы жұрты - Беріш руы. Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, еркек - шора болып, ойын - тойдың шырайын келтірген. Кейін Игіліктың қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады. Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын. 1830 жылы Беріштен шыққан Исатай Тайманұлы және оның жан досы, дауылпаз ақын, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлы бастаған Жәңгір-ханға шаруалар көтерілісінде Құрманғазы да болады. Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады. 1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады. Екінші рет оны Орынбор түрмесіне қамайды, бірақ генерал-губернатор Перовскийдің қолдауымен құтқарылады. Түрме тақырыбына бірталай күй шығарады: «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Арба соққан», «Перовский маршы», «Не кричи не шуми», «Машина». 1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Менқара, Сүгірәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан.
Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.
Шығармалары
Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басына келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.
Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.[3]
Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет – ол концептуалды күйші. Бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау Құрманғазының рухани болмысына тән. Оның «Жігер», «Көбік шашқан», «Кішкентай», «Ақбай» сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы.
Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес. Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына айғақ бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал күйіне ең жарқын айғақ бола білді. Ол өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.