.
.
I Сабақтың тақырыбы : Қазақ шешендік өнеріндегі Қазақ шешендік өнеріндегі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2215 | Размер: | Автор: гостьЖиренше бейнесі
II Сабақтың мақсаты :
А) Білімділік - елге ұйытқы, ер – азаматқа ақылгөй Жиренше шешеннің
шығармашылығы туралы оқығандарын ортаға салып, сыни
тұрғысынан ойлап талқылауға үйрету.
Ә) Дамытушылық – көнезаманға үңілдіру, оқушылардың жыраулық
поэзия туралы дүниетанымын кеңейту, ой – өрісін
дамыту, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Б) Тәрбиелік – білімдерін өз бетінше қолдануға, көркем дүниеге
құрметпен қарауға үйрету, жан – жақты мәдениетті
оқушы тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: семинар сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап, миға шабуыл, жаңа әдістің
стратегиясы, нақты мәселені шешу, проблемалық
сұрақтар қою, т.б.
Пәнаралық байланыс: халық педагогикасы, тарих, география, әдебиет
теориясы, т.б.
Көрнекілігі: интернет материалдары, газет – журнал, интерактивті тақта
III Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу;
ә) оқушылар зейінін сабаққа аудару;
II. Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру.
III. Жаңа тақырыпты оқып-білу кезеңі:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Тақтада орыс ғалымы В.В. Радловтың:«Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең болыпқұйылып жатады»,- деген ұлағатты сөзі көрсетіледі. Оқушыларға сұрақ қойылады:
- Ғалымның сөзінде қазақ халқына тән қандай қасиет туралы айтылған?
Ж.:
– Балалар, Жиренше шешеннің шығармашылығымен таныса келе, шешенді кім деп танимыз?
Ж.: қоғам қайраткері
философ шешен
жырау
3.Ақын мен жыраудың айырмашылығы неде?
- Ақын – поэзиялық туындыларды, өлең, жыр-дастан, поэмаларды ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі.
- Жырау - ірі қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғау-жырларды шығарып айтушы, жыршы болумен қатар ойшыл, ақылшы, көреген сәуегей.
- Би – көпті көрген, «көре-көре көсем болған», көкірек көзі қиядағыны шалатын, ойы орамды, көнені ғана көріп қоймай, болашақты да тап басып, әрдайым халық көңілінен шығатын жан.
- Шешен – ділмар, тапқыр, ресми жиындарда шығып сөйлеуші, шешен сөзге шебер, ойға жүйрік, тіл мәдениетін жан-жақты игерген аңғарымпаз жан.
4. Би мен шешеннің айырмашылығы неде? Мысалмен дәлелде
5. Шешендік сөздердің жанрлық түрлері
- Балалар, шешендік сөздер мазмұнына қарай нешеге бөлінеді?
- Шешендік сөздер мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік дау,шешендік толғау болып үшке бөлінеді.
I. - Шешендік арнауға кім мысал келтіреді?
II. - Шешендік арнау өмірде сан алуан оқиғаларға сай әр түрлі мазмұнда айтылған. Қуанышқа үлкендер бата беріп, игі тілек айтып, қайғыға басалқы ақыл айтылып, көңіл білдірулер тілекпен жалғасып отырған. Халқымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп жылы лебізге үміт артып келген. Үлкен кісілерден бата сұрап, сол баталардың құдірет-күшіне сенетін болған. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» деген мақал осындай сенімнен туған болса керек. Мысалы:
Жиренше шешеннен Қарашаш: «Не жетім? – деп сұрапты.
Жиренше:
Елсіз жер жетім,
Ерсіз ел жетім.
Елсіз ер жетім.
Тыңдаушысыз сөз жетім,
Жоқтаушысыз қыз жетім,- депті.
Қарашаш: «Кім жау?»- депті.
Жиренше:
Жаман болса, жақын жау,
Шабан болса, атың жау.
Шайпау болса, әйел жау.
Күнде келсе, күйеу жау.
Жымысқы болса, жиен жау.
Опасыз болса, ұлың жау.
Ұятсыз болса, қызың жау,- деп жауап беріпті.
Қарашаш: «Не құлазиды?»- депті.
Жиренше:
Қалың кел көшсе, көл құлазиды,
Қалың мал кетсе, бел құлазиды.
Қатарынан айырылған шал құлазиды,
Қосағынан айырылған жар құлазиды,- депті.
Қарашаш: «Нені байқадың?»- дегенде:
Жиренше:
Ата-ананың қадірін балалы болып байқадым,
Ағайынның қадірін қаралы болып байқадым,
Жанашырдың қадірін жаралы болып байқадым,- деген екен.
III. Шешендік дау дегеніміз не?
Шешендік дауға жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ар-намысқа байла-нысты тапқырлық сөздер жатқызылады. Ол кісілер арасындағы мал-мүлік үшін болатын дау талаптан бастап, екі ел арасындағы дипломатиялық –мәмілегерлік сөздерге дейін қамтиды.
Шешендік толғау дегеніміз не?
Шешендік толғау. Айтушының табиғат құбылыстары мен әлеуметтік өзгерістерге өзіндік көзқарасын көрсетеді. Көп жасаған ақылгөй, дана қариялар көрген-білгендерін қорытып, келер ұрпаққа айтар аманат-ақылын, өсиетін шешендік толғау түрінде білдіреді. Мысалы:
«Бұл дүниеде не өлмейді?»- деген Жәнібек ханға Жиренше шешеннің қайтарған сөзі шешендік толғауға жатады.Мысалы:
Асқар таудың өлгені –
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені –
Еңкейіп барып батқаны.
Ағын судың өлгені –
Аязда мұз болып қатқаны.
Қара жердің өлгені –
Қар астында жатқаны.
Ажал деген - атқан оқ,
Бір Алланың қақпаны.
Бұл дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
6. Жиренше шешенмен есімі қатар аталатын Қарашаш бейнесі қай қырынан көрінеді? Мысалы:
I. Бір күні аң аулауға шыққан ханның лашын құсы ұшып кетіп, Жиренше үйінің төбесіне келіп қонады. Жиреншенің әйелі оны ұстап алып, қолғап тігіп құлпыртып, балақ бау есіп жарастырып-ақ қояды. Соны естіп, құсын алуға ханның өзі келеді. Жиренше үйде жоқ екен, зайыбы бүркеніп шығып, ханға құсты алып береді. Бұрын томағаны, қолғапты бұл жұртта көрген-білген жан болмапты. Сондықтан хан не құсына қарарын білмей, не әйелге қарарын білмей, атынан ауып түсіп қала жаздайды.
- Біз бүгін осында қонамыз,- дейді хан.
- Үйде еркек жоғын көріп тұрсыз. Алда-жалда еркек жоқта қонақ боламын десеңіз, араға бірер күн салып, бір айналып келіңіз. Кіріміз болса жуып, қонақ жабдығын хал келгенше даярлап отырайын. Жігіт-желеңмен келмеңіз, көп қонақ күтуге шамамыз келмейді, тек өзіңіз ғана келіңіз,- дейді Қарашаш сұлу. Хан «жарайды» деп, «оңаша келіңіз» дегенге дәмелі болып, көңілі өсіп, үйіне қайтып кетеді. Сонымен бірнеше күн өткен соң, хан жалғыз өзі келеді. Хан келген соң, әйел алдынан шығып, қолтығынан демеп түсіріп, қолынан ұстап үйіне кіргізеді. Бар дүниелігін жайнатып, құлпыртып қойған екен. Көрпе жаюлы, төсек салулы, шымылдық құрулы екен.
Ханды жайғастырып, әйел тамақ жабдығына кіріседі. Жалғыз қалған хан айналасынан көз салса, үйдегі нәрсенің бәрі кестелі екен. Жастықта да, көрпеде де, шымылдықта да, орамалда да, дастарқанда да – бәрінде де кестемен тіккен бір жазу бар. Ол: «Біреудің есігін қолыңменқақсаң, өз есігіңді біреу аяғымен теуіп кірер»,- деген сөз еді.
Хан бұл сөзге түсінген жоқ, есіл – дерті әйелдің етегі, нәпсінің жетегінде отыра береді. Жиреншенің әйелі бір уақытта ыстық палау басып, әр түрлі ыдысқа салып әкеліп, ханның алдына қояды. Хан палау әр түрлі ыдыста болған соң, басқа – басқа ғой деп әрқайсысынан бір-бір алып отырады. Бәрінің дәмі бірдей болған соң, «бұл қалай?» деп қайран қалады. «Тақсыр – ау, ыдысымның басқалығы болмаса, бәрі де бір тамақ»,- дейді әйел.
Ханмен біраз отырып, әзілі жарасқан соң: «Тақсыр, ас айныса, не түзейді?»- дейді. Хан: «Мұз түзейді»,- дейді. Әйел: «Май айныса, не түзейді?»- дейді. Хан: «Тұз түзейді»,- дейді. Қарашаш: «Тұз айныса, не түзейді?»- дейді. Хан жауап бере алмайды. Тағы да әйел: «Халық айныса, кім түзейді?»- дейді. Хан: «Хан түзейді»,- деп жауап береді. Ал: «Хан айныса, кім түзейді?»- деп сұрағанда, хан дәнеме дей алмай, ұялғанынан бетінің терін сүрте береді. Ақыры айыбына қолындағы жүзігін сыйлап, хан үйіне қайтып кетіпті.
II.Хан Жиреншені ешбір тұзағына түсіре алмағанына қатты өшігеді. Оны өлтіріп, әйеліне үйленуді ойлайды. Бұл ыңғайын байқаған соң, Жиренше қайғыға батады. Қарашаш күйеуінен:
- Неге сонша қамығасыз?- деп сұрайды. Жиренше бар жағдайды жайып салады. Сонда Қарашаш:
- Босқа уайымдамаңыз, бұған да бір амал табылар. Екі күннен соң, хан мен билерді үйге қонаққа шақырыңыз,- дейді. Жиренше елінен озған алаяқ шешен атанса да, сауып ішер малы, мініп-түсер көлігі де жоқ, сіңірі шыққан кедей екендігі белгілі. Кедейлігі турасында әлі күнге дейін қазақта қалған бір сөз бар ғой: ханның сәулетті ордасында күні бойы әдемі төсек үстінде отырып, кешке өзінің қара лашығына келіп, тулақ үстіне жатып айтады-мыс: «Ай-һай, менің өз үйім – кең сарайдай боз үйім»,- деп. Әйелінің әлгі айтқан сөзін естіп, Жиренше:
- Хан-қараны шақырып, қай жерге отырғызамыз және немен сыйлаймыз?- депті.
Қарашаш:
- Қалған шаруаны маған қалдырыңыз,- дейді.
Екі күн өткен соң, Жиренше ханды, дос-жарандарымен қонаққа шақыра-ды. Хан да, жасауылдары да «Жиренше бізді немен сыйлар екен, көрейік» деп келіпті. Сыйғаны үйге кіріп, сыймағанына далада киіз жайып, тегіс отырып болған соң, Қарашаш сұлу өзі тұрып ханның алдына ыдысқа салған аз ғана сүт-қаймақты әкеліп қояды. Хан шынашағымен ғана қаймақтан аузына салып көріп еді, бұл қаймақ ханның өмірінде жеп көрмеген айрықша бір тәтті дәмі бар қаймақ екен және сол шынашағымен бір-екі алып жегенде-ақ тойып қалыпты. Ханнан қалғанын қасындағы жақсыларына беріп, үй ішіндегі жан біткеннің бәрі де «не тамақ екен» деп аз-аздан алып, дәмін татып көреді. Аттанар алдында хан Қарашаш сұлудан:
- Сұлу, бұл берген тамағыңыз не тамақ, біз көрмеген бір тәтті дәм екен, үйретіңіз, аспазшыларыма бұйырайын, әрдайым осындай тамақ істеп беретін,- дейді. Сонда Қарашаш сұлу былай деген екен:
- Тақсыр, сіз біздің жарлы екенімізді білесіз. Ерім сізді жақсыларыңызбен қонақ етуге ниет еткен соң, не тамақпен сыйласам екен деп уайымға баттым. Ақырында ойладым: дүниедегі тамақтың асылы – ананың сүті болса керек,
неге десеңіз – бала 5-6 жасқа келгенше, ана сүтімен күн көреді. Сол үшін өз сүтімді сауып, осы қаймақты істедім. Хан «аһ» деп санын бір соғып, шыға жөнелді дейді. Ол заманда да, бұл заманда да белгілі – емшегінің сүтін ішкен әйел ана есебіне кіріп, әйелдікке алуға болмайтындығы.
Арада бірнеше күннен өткен соң, хан Жиреншені шақырып алып, «қиянат істерімді кешіріңіз» деп өтініп, көп мал сыйлапты-мыс.
7. Жиренше және қоғам.
I. - Жиренше шешен – өз қоғамының перзенті.Олай болса, оның шығарма-ларында қоғам келбетінің көрінісі қалай көрінген?
(сөз қадірін білу, аталы сөзге тоқтау, тұспалдап сөйлеу, ым мен ишарат тілінде тілдесу, т.б.)
II. – Осыған байланысты қандай шешендік әңгімелерін білесіңдер?
Ж: Әз Жәнібек хан жігіт кезінде өзінің бір топ достарымен серуен құрып келе жатса, алдынан ақ құбаша бала кездесе кетеді. Жеті-сегіздер шамасындағы әлгі бала жалаң аяқ, үсті-басы жұлым-жұлым екен.
- Бұл елсіз далада неғып жүрген баласың?
- Сүтін ішіп жүрген жалғыз інгенім бар еді, содан айырылып қалып, осы даладан іздеп жүрмін.
- Інгенді тұсап қойсаң етті?
- Тұсап жүруші едім, тұсауы үзіліп кетіпті.
Жәнібек те жастайынан естияр, ақылды екен. Жетім баланың өлген шешесін жұмбақтап айтқанына түсіне қойыпты.
- Е-е, сенің анаң өліп, ана сүтінен айырылған жетім бала екенсің ғой, келатыма мінгес, - дейді.
Жәнібек әлгі баланы атына мінгестіріп, үйіне әкеліпті. Жуып-шайындырып киіндіріпті. Ауыл адамдары оны түсіне қарап, «Жиренше бала» деп атап кетіпті.
Болашақ екі дана жас кезінен-ақ осылайша кездесіп, өле-өлгенше бір-біріне ақыл-серік болып кетіпті.
III. – Мұны поэзия тілінде қалай атайды?(перифраза)
8. Жиренше шешен шығармашылығында қандай салт-дәстүрлер сөз болады? (естірту, ханды өкіл бала ету, т.б.)
А)Естірту – қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салтында мұң-шер жырла-рының бір түрі. Адамның қайтыс болғанын отбасындағы адамдарға алғаш рет айту. Естірту қара сөзбен де, өлеңмен де айтылады. Қазақта естіртудің тұрақты сөз тіркестері бар, оны жаңадан ақындар жанынан шығарып та айта береді. Мысалы: «қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ», «өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ», «жетпесті қума, келмеске жылама», «тозбасты ұста жаратпайды, өлместі Құдай жаратпай-ды», «адамға жанды Алла берген, өзі берген жанды, өзі алады», «ажалы кімнен деп сұрайсың? Жылайсың да шыдайсың», т.б. Мысалы:
Қарашаш сұлу Жиренше үйде жоқта ауырып қаза болыпты. Әз Жәнібек хан «Жиреншеге біз естірте алмаспыз, өзіне-өзі естіртсін, ешқай-сың сездіріп қоймаңдар»,- деп уәзірлерімен сөз байласып қояды. Бір күні Жиренше шешен елге қайта оралып, ханның үйіне түсіп сәлемдесіп отырады. Хан Жиреншеге:
- Ау, шешенім, әкесі өлген қалай болады?- депті.
Жиренше шешен отырып:
- Әкесі өлген асқар тауы құлағанмен бірдей болады.
- Шешесі өлген қалай болады?
- Ағар бұлағы суалғанмен бірдей болады.
- Ағасы өлген қалай болады?
- Оң қанаты қайрылғанмен бірдей болады.
- Інісі қайтыс болған қалай болады?
- Сол қанаты қайрылғанмен бірдей болады.
- Апа-қарындасы өлген қалай болады?
- Ұзын өрісі қысқарғанмен бірдей болады.
- Әйелі өлген қалай болады?
- Аһ! Менің Қарашашым өлген екен ғой? – депті сонда Жиренше. Ол күйініп қамшысын таянғанда, қамшының сабы ортасынан шарт сынып кетіпті. «Қатын өлді, қамшының сабы сынды» деген сөз содан қалған екен.
9. Философиялық мазмұнытерең аңыздардың кейіпкері Жиренше шешен – баршамыздың рухани болмысымыздың алтын арқауы болып табылады. Егемендікке қол жеткізіп, өзінің өткеніне көз жібере бастаған қазақ халқы үшін бабамыздың қалдырған гуманистік ниеттегі дидакти-калық мұраларының маңызы өте зор. Өйткені оның осыдан алты ғасыр-дан астам уақыт бұрын айтқан өсиет қағидалары мен сын-ескертпелері қоғамымыздың бүгінгі тыныс – тіршілігімен де жақсы үйлесім тауып отыр. Мысалы:
Әйел шайпау, ұл тентек,
Екеуледі, ей, ханым!
Кәрілік жеңді, мал тайды,
Төртеуледі, ей, ханым!
Басымнан бақтың тайғанын
Көрмейсің бе, ей, ханым!
Арқамдағы қу тезек,
Әркімге келер бір кезек,—
дейді шешен бір сөзінде. Сол замандағы «тентек ұл» біздің заманымыздың да «бас кейіпкеріне» айналып отырған жоқ па? Олай болса, қазіргі қоғамда орын алып отырған келеңсіз жағдайлардың себебі неде? Бір мезгіл осы турасында ойланып көрейікші, балалар.
№ Даттаушы топ Ақтаушы топ
1. «Адам баласының жаман құлқы жа-ратылысынан емес, өскен орта, алған білім, жанұя өнегесінен»,- деген екен ұлы ойшыл М.Әуезов. Сол айтқандай, баланы өмірге бейімдеуде ата-ана,мектеп және қоғамның алатын орны ерекше. Баланың қоғамдық-әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық қандай иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да, жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, ше-шеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақыл сөздерді тегін айтпаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде не ақыл айтқанда, бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар,- деп жазады Макаренко.- Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті, өздеріңіз үйде жоқ уақыттың өзінде де тәрбиелейсіздер. Сіздер қалай киіне-сіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер не басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар немесе ренжисіз-дер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, қандай газет-журнал оқисыздар – осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар». Олай болса, бала әрқашан да ата-анадан мейірімділікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірінің тірегі деп санайды. Сөйткен ата-ана баласы үшін тірек болуға жарап тұр ма? Көпшілік-ке топырақ шашудан аулақпын. Бірақ ата-ананың басым көпшілігі бала тәрбиесіне немқұрайды қарайды. Қоғамда орын алып отырған келеңсіз жағдайлар соның дәлелі. Мүгедек үйі мен қарттар үйінде қара көз қария-ларымыз көздері жәутеңдеп, балаларын зарыға күтуде. «Адамның бақыты - балада»,- деген екен дана халқымыз. Біреу бақытын байлықтан тапса, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіре-ді. Адамға өмірдегі бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса, адам өмірінің мәні – өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап, ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. «Баланың бас
ұстазы – ата-анасы»,-деп қазақ бекер айтпаған. Бала үшін ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмал-дық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттерді бала жанұяда қалыптастырады. Балаға тәрбие сөзбен, теориямен ғана емес, үлкендердің үлгісімен сіңеді.
Соның жарқын бір көрінісі ретінде көп балалы отбасында тәрбиеленген жас сазгер Абдысағин Рахатбиді айтуға болады. Киевте, Австрияның Грац қаласында 2013 жылдың 4-20 ақпан аралығында «Гольфстрим - 2» атты замануи музыкалардың халықаралық форумы өтті. Онда қазақстандық жас пианинашы-сазгер Абдығани Рахатбидің виолончель мен фортепианоға арнап жазған шығармаларының премьерасы өтіп, атақты сазгерлердің өзін таңдай қақтырды. АҚШ, Канада, Мексика, Жапония, Қытай, Үндістан, Австралия, Италия, Франция, Ұлыбритания, Германия, Ресей елдері өнерпаздарының ішінен оза шауып, Қазақстан байрағын көкке көтерді. Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Осындай дарынды ұлдарды тәрбиелеген ата-ананы біз қалайша кінәлай аламыз.
2. Қазақ халқы әуелден-ақ бала тәр- биесіне айрықша мән беріп, оны ата-ананың борышы санаған. Өйткені
бала – болашақ иесі. Сол себепті келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік әрдайым қатал сын саналған. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу – қоғамдық мәселе, яғни елдік мәселе. Оның алдан күткен бағыты, үміті күмәнді болса, не болмақ? Сол үшін де халқымыз бала тәрбиесін жөргегінен бастаған. Ұрпақ өсіру жолында қазақ халқында қалыптасқан небір тамаша салт-дәстүрінің бары да сондықтан. Құрсақ тойынан басталған рәсімнің отау тігіп, шаңырақ көтергенге дейін сан алуан ғұрыппен астасуында үлкен мән жатыр. Қазіргі уақытта баланың сана-сезімін улайтын телеарналардағы түрлі ұрыс-керіс, атыс-шабыс, алдау-арбау, жазықсыз жанды оп-оңай тонай салу секілді бейне көріністер мен автомат ойындары бала психология-сына кері әсерін тигізіп жатқандығы жасырын сыр емес. Алайда бұның бәрі қалыпты жағдайға айналғандығы соншалық – біреуі бір селт етсейші. Әттеген- айы сол – қоғамның осы әрекеттерге көз жұма қарауы. Бұның ертеңгі салдары не болмақ?.. Ойлаудың өзі қорқынышты... «Баланы тәрбиешісінің дәл өзіндей қы-лып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек»,- деген екен
М.Жұмабаев. Қазір XXI ғасыр білім мен ғылымның заманы екенін жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып, тәрбиені елеусіз қалдырсақ, ұтарымыздан ұтыларымыз көп болатындығын орта ғасырлық бабамыз ғұлама Әл-Фараби нықтап айтып кеткен ғой. Ендеше әуелі тәрбие, сонан соң барып басқа қажеттіліктер, атап айтқанда, білім, ғылым, әдебиет, мәдениет. Мәдениет демекші, тәрбиелі қоғам мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Ал білім, ғылым, мәдениет нағыз қазақы тәрбиемен ұштасса, өркениеттің шыңына даңғыл жол салынбақ.
Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мемлекеттің басты назарында. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995 жыл), ҚР «Білім туралы заңы» (1999 жыл), ҚР «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002 жыл), «ҚР 2015 жыл-ға дейінгі білім беруді дамыту тұжы-рымдамасы» (2004 ж) сияқты құжаттар дәлел бола алады. Бұл құжаттар бала-ларды оқыту, денсаулығын жақсарту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Бұл елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қол жеткізген ірі табысымыз болып табылады. Соның жарқын көрініс ретінде 2012 жылы өткен Лондон олим-пиадасын атап өтуге болады. Осы олим-пиадада еліміздің таңдаулы спортшы-лары 7 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлде иеленіп, ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі екінші орынды иеленсе, Азия құрлығы бойынша Қытай, Оңтүстік Корей, Жапониядан кейінгі төртінші сатыдан көрінді.
Ал білім, ғылым, мәдениет саласында көзге түсіп, еліміздің көк байрағын көкке көтеріп жүрген жастарымыз қаншама...
Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқытуға қазіргі таңда қатты баса назар аударылып отыр. Бұл қоғамдық көзқарастың дұрыс қа-лыптасып келе жатқандығының бір дәлелі.
3. Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз десек, сол ұстаздар қауымы өз ісіне жауапкершілікпен қарап жүр ме ? Кесіп айту қиын. Алайда бала тәрбиесінде кеткен кейбір кемшіліктерге жанама түрде болса да, ұстаздар қателігінен орын алатындығы ащы да болса шындық. Ы.Алтынсарин атамыз: «Жақсы мұғалім- – мектептің мектептің жүрегі»,-деген екен. Жүрексіз өмір өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрби-
нің іске аспайтыны белгілі. Небір да-
нышпан адамдар, қарапайым еңбеккер-
лер, арман қуған жеткіншектер – бәрі-
бәрі бір-ақ адамға қарыздар. Ол – ұстаз.
Ұстазсыз өмірдің тұтқасын ұстау мүм-
кін емес. Адам тәрбиелеп, оны азамат
атандырудың өзі бір үлкен күш. Сон-
дықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адам-
ның жанына білім дәнін себеді. Әр шә-
кіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ға-
ламға қанатын қатайтып ұшырады. Сол
үшін бойындағы асыл қасиеттерін шә-
кірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
«Қыран құс түлегіне қайыспас қанат
сыйлайды, Ұстаз шәкіртіне талмас қа-
нат сыйлайды»,- деген нақылдың өзі
ұстаз адам тағдырын шешуші тәлімгер
дегенді білдіреді. Сол айтқандай, ұстаз-
дарымыз да шәкіртінің жаман болғанын
қаламайды. Осы мектептің өзінен де
республикаға танымал қаншама түлектер
ұшып шықты. Атап айтқанда, атақты ән-
шілер Қайрат Түнтеков, Алтынбек
Тәшімбетов, «КТК» телеарнасының жүр-
гізушісі әрі «Астарлы ақиқат» бағдарла-
масының авторы Дина Төлепбергенова, т.б.т.б.
мұғалім – мектептің
№ Сарапшылардың пікірі:
1. Зар заман жыршысы Мұрат Мөңкеұлы:
Бәйіт еттім бұл сөзді,
Қайғы шегіп заманнан.
Күн орнынан шығады,
Ай орнына батады.
Бұның бәрі адамнан,- деп жырлаған екен. Сол айтқандай, жауапкершілікті біреуге аударып, кінәні біреуден іздеген-ше, кемшілікті әр адам өзінің тал бойынан іздегені дұрыс деп ойлаймын. «Әр адам – өз өмірінің суретшісі»,- деген Б.Бұлқышевтің сөзінен қорытынды шығарып, өмірден өз орнымызды адаспай тауып, кірпіш болып қаланғанға не жетсін! Мен кіммін? Болашақта кім боламын? Қайтсем еліме пайдалы азамат боламын?.. секілді сұрақта-дың төңірегінде аптасын болмаса да, айына бір рет толғанып, өз өзімізге есеп берсек, нұр үстіне нұр болар еді...
7. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Иә, тамыры тереңде жатар әрбір құбылысқа ғасырлар көгінен әр ұрпақ өз зердесі жетер деңгейінен келіп, ой байламын, кейде, тіпті, үкімін айтып жатады. Біз бүгін сол оқиғаның куәсі болып отырмыз. Осы орайда: «Менің өзімнің ұзақ өмірімнің барысында адамдардың туған әкелерінен гөрі өздері өмір сүрген заманға көбірек ұқсайтындығын жиі байқадым»,- деген орта ғасырлық ойшыл Ғазірет Ғалидың сөзі ойға оралады. Олай болса, Әселдің осы бір сөздерін жадымызға тұтып, алдымызға үлкен бағдар белгілеп, әлемдік өркениет көшіне ілесіп, Орталық Азияның Барысы болуға бекем бел байлап отырған бәріміз де мұқият зерделесек болады. Осы ғаламат ой әрбір саналы жанның ғұмыр бойы темірқазық етіп ұстанар бағдаршамы болуға лайық десек, қателеспейміз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.