Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан -

Қазақстан

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1188 | Размер: | Автор: гость
. 19 қараша 2013 ж
Ортаңғы «Ертөстік тобы»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: музыка.
Тақырыбы: «Қазақстан»
Мақсаты: әнді тыңдап, сезіне білуге, ән мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру, дыбыс биіктігі, тембрі туралы ұғымын қалыптастыру. Еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілік: Қазақстан рәміздерінің суреті, сәулетті қалалар суреттері, паровоз, пойыз суреттері, жалаушалар.
Әдіс тәсілдер: Сендіру әдісі, көрнекілік, ойын, сұрақ жауап
Сөздік жұмыс: Қазақстан, елтаңба, ту, әнұран, рәміз.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
«Қазақстан» әнін ойнатып, балаларды көңілді қарсы алады.
Балаларға жалаушылар таратып беріп, әуенді қимылға шақырады.
Босқа қарап тұрмаймыз,
Ән айтамыз, жырлаймыз,
Жалаушаны көгілдір,
Оңды-солды бұлғаймыз.
Әуенді қимыл:
«Жалаушамен жаттығу» орындалып, балаларға еркін қимылдауға мүмкіндік береді. Балалар қуана келісіп, жалаушаларды алады, дұрыс ұстауға талпынады.
Жаттығуды өз беттерінше еркін жасайды.
Жатығуды бірге жасап, жалаушаларды желбірете қозғауларын қадағалайды.
Біздің еліміз өз гербі, туы, гимні бар егеменді ел.
(Рәміздер суреттерін немесе слайдтан көрсету).
Рәміздер туралы түсінік беріп, өлеңдер оқиды.
Көк аспанда, көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек –
Елдің ашық қабығы.
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада – аспан әлемі. Марш екпінін сезіне қимылдап, жалаушаны желбірете қозғайды.
Рәміздердің суреттерін көріп, ту, герб, гимн туралы тыңдап, әңгімелейді.
Үйренген тақпақтарын айтып, бір-біріне ризашылықтарын білдіре қол шапалақтап, қошеметкөрсетеді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Біздің Қазақстанымыз кең-байтақ жері бар өте үлкен мемлекет. Әдемі қалалары бар, табиғаты сұлу, таулары, өзендері көрікті (Суреттер, көрнекіліктер көрсету). Қазақстанымыз туралы ән орындап берейін.
Музыка тыңдау:
«Қазақстан»
-Әннің сипаты қандай?
-Әнде не туралы айтылады? – деген сұрақтар қою арқылы балаларды әңгімеге тартады. Суреттерді тамашалап, қызығушылықтары артады. Әңгімені қызыға тыңдайды. Әнді бар ынталарымен тыңдап, ән мәтінін түсінуге тырысады.
Ән көңілді, әдемі.
Әнде
Қазақстанымыз туралы айтылады.

Сендерді Қазақстанымызды аралап, танысуға саяхатқа шақырамын. Пойыз макеті қойылып, вагондардан орын алу ұсынылады. Паровозға машинист тағайындайды. Пойыз әнінің ырғағымен вагондар қозғалады.
Мен, паровоз, от алам.
Пуп-пуп, пыш-пыш.
Балаларға әуен ырғағымен вагон дөңгелектерінің қозғалысын қолдарын шынтақтан бүгіп, қимылдатып көрсетулерін сұрайды, еркін қозғалып, көңіл көтерулеріне мүмкіндік береді.
-Біз Шымкент қаласына жақындап келеміз. Қала суретін немесе слайд көрсету.) Шымкент – жасыл желекті, әдемі қала. Пойыздан түсіп, демалып, көңіл көтерейік. Көңілді ән тыңдайық.
«Балдырғандар әні» орындалады. Әнді мұқият тыңдауларын сұрайды. Әуен ырғағын шапалақпен көрсетіп, есте сақтауға үйретемін.
-Саяхатымызды жалғастырамыз, - деп пойызға қайта отыруды ұйымдастырады. Көңілді пойызға жайғасып отырады. Көңілдері көтеріліп шаттанады.
Әнді тыңдап, ырғағымен қимылдарды көрсетуге талпынады.
Паравоз даусын салып, көңілденеді.
Қала суретін тамашалайды, таңырқайды. Пойыздан түсіп кілемге жайғасып отырады, демалады. Әнді тыңдап, әуеніне қосылуға талпынады. Ырғақты шапалақпен дәл көрсетуге тырысады. Пойызға қайтадан отырып, сапарларын жалғастырады.

Бірте-бірте тездейміз,
Тез жетуді көздейміз,
Пуп-пуп, пыш-пыш.
Балаларға дөңгелектер қимылын көрсетіп қайталауды ұсынады
-Келесі станса Түркістан қаласы! – деп хабарлайды.
Үнтаспадан «Түркістан» әні естіледі. Жетекші балаларға қала суретін тамашалауды ұсынады.
Қаладан көп өтеміз,
Астанаға жетеміз.
Пуп-пуп, пыш-пыш.
Саяхат әрі қарай жалғасады.
-Міне, Астанаға да жеттік.
Көшелері қандай әдемі! Биік үйлер көп екен. Ал мынау жарқырап тұрған – «Бәйтерек» кешені, деп таныстырамын.
Біз көңілді баламыз.
Ойнап асыр саламыз,
Әнде айтып, көңілді
Биде билей аламыз
Би «Кел, билейік» биін билеуге шақырамын.

Түркістан қаласының суретін көріп тамашалайды. Әнді тыңдап, әсерленеді. Көңілді пойызбен саяхаттарын жалғастырады. Жарқын дауыспен пойыз даусын қуана салады.

Астананың сәулетті көшелерінің суреттеріне таңырқай қарайды, қуанады.

Би қимылдарын бірге жасауға, ырғақпен қозғалуға әрекет етеді.
Рефлексиялық-түзетушілік -Қандай рәміздерді білесіңдер?
-Қай мемлекетте тұрамыз?
-Қандай қалаларға бардық?
-Кімге қай қала ұнады?
деген сұрақтар қою арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылаймын.
Мадақтау.
Балалар естіп білгендерін, көргендерін айтып жауап береді. Қуанышты күйде қоштасып шығады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әнді сезіне тыңдауды, мәтінін әңгімелей білуді, әуеннің тембрін ажыратуды.
Игереді: жалаушалармен еркін жаттығулар жасауды, ойын саяхатына белсене қатысуды, ән әуенін, ырғағын шапалақпен келтіруді.
Меңгереді: мемлекеттік рәміздермен танысып, Қазақстан туралы мәліметтерді ұғынуды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.