.
.
Атырау облысы Қазақстан аумағындағы ғұн тайпалары
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2371 | Размер: | Автор: гостьҚызылқоға ауданы
Қаракөл орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі
Суатова Фарида Болатовна
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні «Қазақстан тарихынан әңгімелер» Күні: 14.10.2015 жыл 5-сынып
Сабақтың тақырыбы § 7 Қазақстан аумағындағы ғұн тайпалары
Мақсаты Мөде-ғұн мемлекетінің негізін қалаушы, ғұндардың тарихы, шаруашылығы, «халықтардың ұлы қоныс аударуы», Аттиланың (Еділ)- ұлы жаһангерлігі туралы білімді игерту.
Сабақтың міндеттері Тұлғалардың өмірі мен жеке қасиеттері туралы қосымша білімді игереді.
Алған білімін практикада қолдана алуға қалыптасады.
Күтілетін нәтиже Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің көмегі арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
Логикалық бағыттағы тапсырмалармен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сыни бағытта ойлана біледі.
АКТ-мен еркін жұмыс жасай алады.
Топтық жұмыстарға қатысады.
Бірлесіп оқуға дағдыланады.
Ұжымдық жұмыс түрлеріне тартылады.
Өз ойын еркін білдіре алады
Өзінің біліміне сын көзбен қарай алады
Суретке қарап әңгіме құрай алады
Шығармашылық жұмыс жасау қабілеті шыңдалады.
Сілтеме Х.Ермұханова «Қазақстан тарихы» Шың-кітап А.2009-2010 жыл,
Х.Ермұханова «Қазақстан тарихы бойынша нақты деректер» Алматы, 2007 жыл
Дереккөздер «Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін» 2томы- Атамұра баспасы Алматы,1998жыл
Ж.Жақсығалиев «Қазақстан тарихы» үй репетиторы №1,2,3,4 жинақ кітапшалары
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Миға шабуыл», Топтық жұмыс, тірек-сызба
Қолданылатын ресурстар Таныстырылым, АКТ, түрлі-түсті стикерлер, Флипчарт, маркерлер, сынып тақтасы, смайлик, А3 форматы.
Кейінгі оқу § 7 Қазақстан аумағындағы ғұн тайпалары Тақырып бойынша тест құруға үйрету.
Сабақтың идеясы «Тарих тек ғылым үшін зерттелмейді.
Ол ең алдымен тарихтан тағылым, сабақ алу үшін зерттеледі» Н.Ә.Назарбаев
Мұғалім жазбалары
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалім
іс-әрекеті Оқушы
іс-әрекеті
Ұйымдастыру
3 минут
Сергіту сәті
«Қара жорға»
Сәлемдесу
Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау
Топқа бөлу
Психологиялық жағымды ахуал туғызу мақсатында сабақты бастамас бұрын сергіту сәтін өткізеді.
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді Сергіту сәтін орындайды
Өзіне ұнайтын геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасы
8 минут
«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қою
1.Сақ тайпалары туралы тарихи мәліметтерді атап бер? Неше түрі бар?
2, Сақ қоғамы нешеге бөлінеді?
3.Сақ топтарын атап бер?
4.Сақтардың басқару жүйесі қандай?
5.Сақтардың тәуелсіздік үшін күрестері туралы әңгімелеп бер?
6.Сақ мәдениеті қандай стильде дамыды?
7.Геродот сақтарды тағы қалай атаған?
8.Қазақстан территориясындағы үш «Алтын адамды» ата?
9. «Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас.Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді.Сүт ішеді»- деп жазған тарихшыны ата?
10.Сақтардың шаруашылығын ата?Қандай түліктерді өсірген?
11.Геродоттың жазуынша, сақтар қыс кезінде қандай үйлерде тұрған?
(Ағаштан жасалған үйлерде)
12.Сақтар өмірінде маңызды орын алған түлік түрлері? (жылқы, қой)
13.Археологтар суару каналдарының іздерін тапқан облыс? (Қызылорда облысы, Шірік-Рабат малшылар қоныстарынан) Оқушы жауаптары тыңдалады.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді, белсене араласып отырады. Картадан сақтардың мекендеген аумағын көрсетеді.
Мағынаны тану
10 минут Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Жоспары:
1.Ғұндар тарихының ерте кезеңі
2.Ғұндар мемлекетінің құрылымы
3.Ғұндардың шаруашылығы
4.«Халықтардың ұлы қоныс аударуы»
5.Мөде-ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
6.Аттила
7.Ғұндардың мәдениеті. Жаңа тақырып бойынша слайдтар арқылы түсінік беріледі.
Жаңа сабақтың тақырыбымен танысады, жаңа тақырып бойынша қосымша деректермен танысады.
Түртіп алу стратегиясын қолданып, тақырыптағы хронологиялық кезеңдерді жазып алады.
Топтық жұмыс
15 минут 1-топ
Ғұндар мемлекетінің құрылымы
2-топ
«Халықтардың ұлы қоныс аударуы»
3-топ
Мөде-ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
4-топ
Ғұндардың шаруашылығы мен мәдениеті. Жаңа тақырыпқа сәйкес қосымша ресурстар таратады Тақырып бойынша қосымша ресурстарды пайдалана отырып, постер дайындайды, пікірлеседі, талқылайды, келесі топтың дайындаған жұмыстарын мұқият тыңдайды
«Детальдарын қосу»
5 минут Тақырыпты қорыту мақсатында тапсырманы орындайды.
1.Ғұн әміршісінің сарайы туралы Прииск былай деп жазған
2.Ғалымдар мұндай стильді «полихромдық стиль» деп атаған.
3.Мөде-ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
4.Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті де білген. Тақырыптың ең маңызды кезеңдері туралы қыска бір сөйлем айтады, ал сынып оқушылары шапшаңдықпен сол сөйлемге қатысты сұрақты толық нұсқада дәптерлеріне жазу керек. Тақырыпты қандай дәрежеде түсінгенін дәптерге жазу арқылы өз білімінің шынайылығына көз жеткізеді.
Бағалау
2 минут Сабақ кезеңдері бойынша топ басшысы өз бағалауын хабарлайды. Ұтымды жауап берген оқушыларды смайлик арқылы формативті бағалап отырады Өзін -өзі және топты бағалайды
Рефлексия
2 минут «Ғұн-түркілердің арғы атасы» эссе Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну стикерді БҮҮ тақтасына орналастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.