.
.
Айнабекова Фарида «Қазақстан Ұлы Отан соғысы»жылдарында
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2134 | Размер: | Автор: гостьТарих пәнінің мұғалімі
Сарыағаш ауданы
Зиябек Рүстемов атындағы №79 жалпы орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы»жылдарында
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте бірте алыстап барады. Бірақ адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытқан емес. Әкелеріміз бен аталарымыздың ұлылығын тереңірек ұғындыру.
Тәрбиелік: Елін, жерін шексіз тәрбиелеу.
Дамытушылық: Соғысқа байланысты материалдарды ұғыну, батырлар ерліктеріне баға беру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Сабақта қолданылған әдістер: «Сәйкестендіру» әдісі, «Сұрақ қою және қайта сұрақ қою» әдісі
I. Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен құралдар.
1. Ұлы Отан соғысының картасы
2. Трек схемалар
3. Бейнеклиптер
4. Кітап көрмесі, жиырмалар
5. Электрондық оқулықпен жұмыс
II. Сабақтың ұйымдастыру түрі: диалогты топпен, интерактивти тақта.
III. Сабақтың өтілу жоспары:
1. Психологиялық дайындық (Леветанның дауысы, оқушы әсері)
2. Тақырыпқа арналған электрондық оқулықтан бейнебаян үзінді.
3. Ой толғаныс (ҰОС-дағы батырлар)
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің сөзі: Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасиеті мен қасіреті жаныңды түршіктіреді. Әрі ерліктерге басыңды идіріп таңқалдырады. Елбасына кун туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Бүгінгі сабағымызда осы соғыста ерлік көрсеткен қазақ батырларымызды еске алып олардың ерлік көрсеткен жеңістерін дәріптеп кетеміз.
Сыныпты үш топқа бөліп сабақтың барысымен таныстырып сайысты бастаймын.
І топ «Жеңіс», ІІ топ «Жалын», ІІІ топ «Достық»
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР
Мәскеу үшін шайқасты 316-(Панфилов атындағы 8-гвард. див.) 1941ж. 30/IX 312-атқыштар дивизиясы
Б. Момышұлы, Т. Тоқтаров, М. Ғабдулин, Р. Амангелдиев
Ленинград үшін шайқаста 310 және 314 дивизиялар С. Баймағамбетов, Әлия және Мәншүк
Сталинград үшін шайқаста 29 және 38 дивизиялар 1942ж. 17/VII 1943ж. 02/ II Н. Әбдіров, Қ. Сыпатаев
Соғыс бағыты батыс
Берлин операциясы — 2, 5 миллион әскер, 41мың 600 зеңбірек, 6250 танк, 7500 ұшақ
1945ж. 16/IV. → Жеңіс. 1945ж. 02/V.
Р. Қошқарбаев
500-дей Кеңес одағының батыры, 98-і қазақ, 1998 жылы 11/XII Б. Момышұлы
2. Ой қозғау
Оқушылар назарын экранға аудару. Көрген фильмдер туралы қорытынды шығару.
«Сәйкестендіру» әдісі
І топ «Жеңіс»
№ Оқиғалар Жауабы
1 Москваға шабуыл қай жылы басталды? 1942ж.
19 желтоқсан
2 Каспий өңіріне соғыс жағдай қашан енгізілді? 1941ж. 22маусым
3 Ұшқыш Нүркен Әбдіров Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе айқасында өз ұшағын жау тенкілерінің шоғырына құлатып, серіктерімен бірге ерлікпен қаза тапқан күн? 1941ж.
қараша
4 ҰОС қашан басталды? 1942ж.
күзінде
ІІ топ «Жалын»
№ Оқиғалар Жауабы
1 Ленинградты қорғау неше күнге созылды? 316
2 Луганский жеке өзі әуе шайқасында қанша ұшақ жойды? 2 – 3
3 Германия КСРО – ны неше айда жаулап алмақ болды? 37 ұшақ
4 Панфилов қолбасшылық еткен даңқты дивизия? 900
ІІІ топ «Достық»
№ Оқиғалар Жауабы
1 “Ресей кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу!” деген жалынды сөзді кім айтты? Г. Булатов
2 “Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – отанға деген сүйіспеншілік” деп айтқан кім? Қ. Қайсенов
3 Рейхстагқа қызыл ту тіккен кезде Р.Қошқарбаевтың қасында бірге болған досы? Клочков
4 Халық Қаһарманы атағын алған қазақстандық партизан? Бауыржан Момышұлы
II. «Сұрақ қою және қайта сұрақ қою» әдісі
I топ «Жеңіс»
1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды? /1941ж. 22. 06/
2. Бауыржан Момышұлы қай жылдары өмір сүрген? /1910-1982 жж./
3. Ідіріс Үргенішбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы қашан берілді? /1967ж. 4 мамырда/
4. Соғыс жылдарында майдандағы әскери бөлімдерге Қазақстан өнер қызметкерлерінен құрылған қанша концерт бригадасы барды? /11/
5. Қай күнді жеңіс күні деп тойлаймыз? /9 мамыр/
6. 1941 жылы Совет Одағы соғыс самолеттерін шығару жөнінен нешінші орынға шықты? /3-інші/
7. «Жалпыға бірдей әскери міндет» туралы заң қашан қабылданды? /1939. 01. 09/
8. Ұлы Отан соғысында одақ бойынша қанша адам Кеңес Одаға Батыры атағына ие болды? /11мың 600 ден аса/
9. Екі мәрте Кеңес Одағы Батыры атанған Сергей Данилович Луганский жеке өзі жаудың қанша ұшағын атып түсірді? /37/
10. «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар қанша жауынгерлік машина Сталинград майданына табыс етілді? /45/
II топ «Жалын»
1. Екінші дуниежүзілік соғыс қашан басталды? /1939 жылы/
2. Ұлы Отан соғысы қашан аяқталды? /1945 жылы/
3. Ідіріс Үргенішбаев қай жылдары өмір сүрген? /1912-1943 жж./
4. Бауыржан Момышұлына қай жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді? /1990 жылы/
5. Қанша Қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды? /500-ден аса/
6. Ұлы Отан соғысы жылдарында мамандарды дайындау мақсатында Қазақстан қанша жасөспірімдерді әскери училищеге жіберді? /42 мың/
7. Генерал-майор Панфилов қай дивизияны басқарды? /316-атқыштар дивизиясы/
8. Днепр үшін шайқастағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең ең жас Жәнібек Елеусізов нешеде еді? /18 жаста/
9. Соғыс уақытында Қазақстан бүкіл одақтың қорғанысының қанша пайызын берді?
10. 1943 жылы республикадан заводтарды қалпына келтіру жұмыстарына қанша комсомол жіберілді? /1439/
Өткен сабақтардағы тарихи сөздерді еске түсіру
«Кім? Қашан? Неге?» Бұл сөздерді кім айтты, қашан айтты, неге байланысты айтты.
1. «Қанқұмар Кир. Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құрметімен жеңген жоқсын...» Бұл сөзді кім айтқан? (Томирис)
2. «Ерте күнде отты күннен ғұн туған. Отты ғұннан от боп ойнап мен туған, жүзімді де қысық қара көзімді туа сала жалынменен мен жуған» (М.Жұмабаев. «Пайғамбар»)
3. «Желпілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалғанша, жігіт адамының өлгені жақсы...» (Абылай)
4. «Халыққа ең алдымен – экономикалық және әлеуметтік реформа керек. Материалдық әл ауқатын жақсартуға халық тырысады. Прогресс дегеніміздің өзі - осы» (Ш. Уәлиханов)
5. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылыққа, тұрмыстың артықшылығына, мысалы, құрғақ жылы бөлмелерде тұруға үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін» (Ы.Алтынсарин)
6. «Бөліп ал да билей бер» (Анна Ионовна)
7. «Егер әскер берсек, балаларымыздан айырыламыз» (Ж. Мәмбетов, 1916 жыл)
8. «Бұл ғажап әскер еді: қарулары ауыл ұсталары соққан найза, семсер, білтелі Мылтықтар, садақ жебелер» (Жазушы Соболев. Амангелді әскері туралы)
9. «Қазақ елі отар болып келді, отар болып қалады» (С. Сәдуақасов)
10. «Отан үшін отқа түс – күймейсін, Опасызда отан жоқ» (Б. Момышұлы)
11. «Мен дегеніме жеттім, елімді аман алып қалдым. Енді қолыңнан келгеніңді істей бер» (Ширақ)
12. «Бұларды келістіріп жазалау керек» (Милютин)
13. «Россия кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда Москва» (Клачков) ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР Мәскеу үшін шайқасты 316-(Панфилов атындағы 8-гвард. див.) 1941ж. 30/IX 312-атқыштар дивизиясы
Б. Момышұлы, Т. Тоқтаров, М. Ғабдулин, Р. Амангелдиев
Ленинград үшін шайқаста 310 және 314 дивизиялар С. Баймағамбетов, Әлия және Мәншүк Сталинград үшін шайқаста 29 және 38 дивизиялар
1942ж. 17/VII 1943ж. 02/ II Н. Әбдіров, Қ. Сыпатаев
1941ж. 10/VII Жоғарғы командование → Ставкасы төрағасы И. В. Сталин.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ж. Жабаевтың ұлы Алғадай да майданға аттанды. Ол 7-гвардиялық атты әскер дивизиясының 19 гвардиялық атты полкіне пулемет расчетін басқара жүріп, Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты. Жеңіс те жетті. Қаһарман Ленинградтықтар өз қалаларын сақтап қалды. 1944 жылдың қатарында біздің әскерде шабуылға шықты. Қала қоршаудан құтылды. 1945 жылы 9 мамырда Кеңес халқы салтанатпен жеңіс күнін майрамдады. Осы ұлы мерекені біздің еліміздің халқы жыл сайын атап өтеді.
Жеңіс қымбатқа түсті. Еліміздің 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам ауыл мен деревняны өртеп жіберді. Басқыншылар 18502 завод пен фабрикаларды жойды. 1135 мың шахтаны су астында қалдырды. 65 мың темір жол торабын бұзып, істен шығарды. Ауыр шаруашылығындағы 368 миллионға жуық жер бүлінді, 27 миллионға жуық адамнан айырылды. Ересек адам үлесі азайды. Ересектердің тұтас бір ұрпағын жойып жіберді. Соғыс үмітсіз жесірлікпен балалардың жетімдігіне әкелді. Фашистердің істеген қылмысын совет адамдары ешқашан ұмытпайды. Соғыстан кейін бірнеше қалаларда фашизм құрбандарына ескерткіш орнатылды. Біз неміс басқыншыларының баса көктеп кіріп жасаған қылықтарын ешқашан ұмытпаймыз. Ұмытпайтын себебіміз-біздің халқымыз қайғы-қасіретті адам баласы ұрпақтарымыз, енді ешқашан көрмесе екен деп тілейміз.
5. Оқушыларды бағалау
6. Үйге тапсырма беру
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.