Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан Ресейдегі  1905-1907 ж. революция кезінде .. -

Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 ж. революция кезінде ..

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2820 | Размер: | Автор: гость
. Ашық сабақ
ОҚО,Төлеби ауданы,
Қаратөбе негізгі орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі Ағманова Салтанат.
Қазақстан тарихы пәні.
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 ж. революция кезінде ..
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға патша үкіметінің отаршылдық сипатын,жұмысшы қозғалысының күшеюі,біріншіорыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы жайлы түсіндіру
Дамытушылық: Өздігінен жұмыс істеу, салыстырмалы талдау жасауға дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа,өз Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ,алты қалпақ ,класстер , екі жұлдыз-бір тілек.
уақыты мұғалімнің іс-әрекеті Әдіс-тәсілдер Оқушының іс-әрекеті ресурстар

2мин Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесемін

Психолгиялық ахуал.
Ынтымақтастық атмосферасын құрамын

. Диалогтік әдіс

шаттық шеңбері Сәлемдеседі. Құрал-саймандарын түгелдейді
.
Шеңбер болып тұрып,
«Әрқашан дос біргеміз
Ажырамас іргеміз
Ту ғып ұстап бірлікті
Тату-тәтті жүреміз»- деп хормен айтады .
1мин Топқа бөлу: Түрлі-түсті парақшалар арқылы оқушыларды 6 топқа бөлемін топқа бөлу Парақшалар арқылы 6- топқа бөлінеді:
ақ, сары ,қара,көк, қызыл, жасыл
түрлі-түсті парақшалар
10мин Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы сұрақтар арқылы тексеремін: Қазақстан картасын құрастыру (Мозайка)

Сұрақ-жауап Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді
Карта
5мин Неізгі бөлім.
«Ой қозғау»
жаңа тақырыптың мазмұнын ашу:.
-Қазақстанда жұмысшы қозғалысының себептері жайлы не айтасыңдар? –деген сұраққа постер жасату топтық жұмыс Топпен бірге талқылай отырып,өз ойларын постерге түсіріп қорғайды флипчарт
постер
3мин Жаңа сабақ
Жаңа сабақты оқушыларға оқып шығуларын айтамын
Топтар жаңа сабақты оқып шығады оқулық
15мин Әр топ өз қалпақ түстеріне қарай жаңа сабақты түсіндіріп айтулары керек;
ақ қалпақ-статистикалық мәліметтер,
сары-жағымды (позитивті), қара-жағымсыз,тиімсіз жақтарын, көк- аналитикалық талдау, не үшін? Неге? Деген сұраққа жауап айту, қызыл- сезімтал, оқиғаны оөу барысындағы сезімі мен көңіл күйлерін, жасыл-шығармашылы, ақылға сиымсыз пікір айту
«Ақылдың алты қалпағы» Әр топ өз бағыттары бойынша жұмыс жасап қорғап шығады
5мин Қорытынды.
Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында «Революция»сөзін топтастырып жаздыртамын. Революцияның себебі, мақсаты, маңызы,салдары, «Қанды жексенбі»оқиғасы . «класстер» Әр топ «Революция» сөзін топтастыра отырып жазып шығады плакат
2мин Бағалау.
Оқушылардың әр тапсырма бойынша алған бағаларын ескеріп, жиынтық баға қоямын
бағалау парағы бағалау парағындағы бағаны есептейді
А4 парағы
2мин Рефлексия
Оқушыларға стикер таратамын
Үйге тапсырма беремін:
рефераттар жазып келу.
«екі жұлдыз,бір тілек» Оқушылар стикерге сабақтың қалай өткенін және ұсынысын жазады
Үй тапсырмасын күнделікке жазады стикер


Кері байланыс.
Мен «Қазақстан Ресейдегі 1905-07ж. революция кезінде» тақырыбына «Ақылдың 6 қалпағы» әдісін пайдалану арқылы оқушыларға жаңа сабақты меңгерткім келді. Осы әдісті пайдалана отырып, оқушылардың ойын ашық айтуын және жете түсінуін қадағаладым. Нәтижесінде: Ақ қалпақтағы –Нәби Уалихан және Құттыбек Ислам оқып шыққан тақырыптағы статистикалық деректерді біршама айтып өтті дегенмен, нақты деректерді әлі де толықтыру керектігін байқадым. Сары қалпақтағы –Жақсыбай Сымбат, Жаппар Қанат тақырыптағы жағымды жағын яғни Революцияның жұмысшыларға тигізген тиімді жағын қысқа болса да дәл жеткізіп берді. Және тақырыпты түсінгендерін аңғардым.Қара қалпақтағы оқушылар да революцияның сәтсіз тұстарын айта білді және сары қалпақты Сымбат өз ойын айтып толықтырды.
Көк қалпақтағы-Наби Ардақ және Бекенбай Әділет не себепті 1-ші мемлекеттік Дума тарап кетті? Неге жұмысшылардың жағдайы ауыр болды? Деген сұрақтарды ала отырып, жауап беруге тырысты.бірақ әлі де толықтыру қажет болды .Қызыл қалпақтағы –Төлеп Арай,Нәби Нұрболсын тақырыпты оқығандағы көңіл күйлерінің құбылмалы болғандығын айта білді Жасыл қалпақтағы-Қалдар Талғар, Қадыр Лаура әр топтың жауаптарын саралай отырып ,кемшіліктерімен жетістіктерін жеткізуге тырысты.
Жалпы осы әдіс арқылы оқушылардың өз ойларын ашық әрі еркін жеткізгенін байқадым.және үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыс жасау керектігін ұқтым.
Оқушыларды әр тапсырма сайын ынталандыру мақсатында «ашық журнал» әдісі арқылы баллдық жүйемен бағалап отырдым. Осы бағалау арқылы оқушылардың қызығушылығы артқанын көрдім дегенмен үлкен бір кемшілігім кейбір оқушылар бағаланбай қалып қойды .Келесі сабақта бағалауға жете көңіл бөлу керектігін түсіндім.
Кемшілікті жою жолдары: Оқушыларға бір-бірімен жұпта және топта ойларын тыңдауға,бөлісуге,көмек беруге ықпал жасап отырамын және үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыс жасаймын. Бағалауға баса назар аударамын.

Пән мұғалімі: Ағманова С
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.