.
.
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы Қазақстан және Елбасы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1111 | Размер: | Автор: гостьҒ. Мұратбаев атындағы орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі
Аяғанова Шолпан Оралғазықызы
Тақырыбы: Қазақстан және Елбасы
Мақсаты: бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының өмір жолы,ерекше қадір-қасиеті,тұрғалық тұғыры,ерен еңбегі туралы түсінік беру,Елбасының өмірімен еңбегін үлгі тұту,елжандылыққа,Отансүйгіштікке,азаматтыққа баулу,ел болашағын ойлайтын,халқы үшін қызмет ететін,ұлттық сана сезімі жоғары,саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.Елбасымыздың ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.
Барысы:
Жүргізуші:Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді.Мың өліп,мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас-тартыспен тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіздік!Қандай киелі сөз!Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен киелі сөз!Осы Тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама!?Олар елдің қамы,жердің қамы үшін қан төгіп,соңында «Тәуелсіздік»атты бақытты қолымызға қондыра білдік,мағынасын ұғына білдік.Сондай оқиғаның соңғысы-«Желтоқсан оқиғасы» «Елім,жерім» деп қыршыннан қиылып,құрбан болған боздақтарымыздың есімдері сан ғасырлық тарихы бар еліміздің тарихынан,санасынан ұмытылмақ емес.Міне осындай ұлтжанды батыр азаматтарымыздың арқасында 23жылдан бері тәуелсіз бейбіт елміз.Тәуелсіз ел болған соң сол елдіңтізгінін ұстар,болашаққа бастар басшысы болуы керек.Біздің бүгінгі сабағымыз елдің елдігін,халқының қамын ойлаған еліміздің алғашқы президенті,елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.Жаңа сабаққа кіріспесбұрын тәуелсіз еліміздің 23 жыл ішінде жүріп өткен шежірелі жылдарына тоқталып өтейік.Ол үшін тақтада көрсетілген бұлттардың астында жазылған атаулы күндердің қандай оқиғаны білдіретінін айтыңдар.
1991жыл. 1992 жыл. 1993жыл
1-желтоқсан 4-маусым 15-қараша
1998жыл 1992жыл 1995жыл
6-мамыр 3-наурыз 30-тамыз
2006жыл 1986жыл 1991жыл
7-қаңтар 16-желтоқсан 16-желтоқсан
1)Біздің мемлекетіміз қалай аталады? 1997жыл
Жауабы:Қазақстан Республикасы. 11-шілде
2)ҚР-ның астанасы қай қала?
Жауабы:Астана қаласы.
3)ҚР-ның Президенті кім?
Жауабы:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
1-оқушы:Әбіш пен Әлжан отау құрғандарына 5 жыл толса да нәресте ұнін ести алмай жүреді.Бір күні анасы Мырзабала «Сендер киелі Назарбайдың ұрпағысыңдар.Аруақтар сендерден бірдеңе дәметіп жүрген болар.Райымбек бабаның басына барып түнеп, зиярат етіп қайтыңдар!»-деп жібереді.Әулиенің басына барғасын екеуі ұйықтамай бала тілемекші болады.Бірақ қалғып кетеді.Сол кезде Әлжан анаға аруақ дауысы естіледі. «Оян,қарағым, қолыңды жай,шын ниетіңмен келген екенсің,батамды берейін!Жаратқан ием сендерге екі ұл береді,бірақ есімдерін ұқсатып қоймаңдар!»депақ сақалды,желбіреген құдай ақ шашты қарияға айналып,ғайып болады.Көрген түсін шырақшыға жорытады. Шырақшы:
-Жасаған ием жарылқады,сендерге аян берген Баба Түкті Шашты Әзиздің өзі.Екі ұл сүйесіңдер.Алла тілеулеріңді берді!-деп жақсыға жориды.Аулына келген соң Әлжан ана тағы түс көреді.Түсінде үлкен теңіз көреді.Буырқанып,дөңбекшіп жатқан теңізді бірінші көруі.Түсуге жүрексінеді,бірақ бір күш суға қарай сүйрей жөнеледі.Жүрегі өрекпіп суға түседі.Суға түскен соң су тізесінен келеді,белінен келеді,мойнынан келеді.Бір кезде көрінбей кетеді. «Тұншығамын-ау» деп қорқады.Бір ғажабы еркін тыныстап келеді.Аяғы су түбіне бір тиіп,бір тимей келе жатып,су түбінен мылтық тауып алады.Кәдімгі аңшының ұзын мылтығы.Мылтықтың екі ұшымен дүмі иіліп жерге тиеді,сондада Әлжан ана мылтықты тастамай,аршындай басып,теңіздің екінші жағына шыға келеді.Түсін туысқандарына жорытқанда «Түсің жақсы екен.Құдай сендерге ұл береді!»дейді.Көп ұзамай Әлжан ана жүкті болады.Сөйтіп 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы,Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында болашақ елбасы дүниеге келеді.
Әбіштің отбасында Сұлтаннан кейін Айсұлтан атты бала дүниеге келедіОлбала кішкене кезінде шетінеп кетеді де одан кейін Сатыпалды дүниеге келеді.Балалары тұрмағасын ырымдап кіндік шешесіне қырқынан шыққанша еміздіріп,сатып алған есеппен Әбіш пен Әлжан ақша төлеп өздері алады.Сол себепті есімін ырымдап, «Сатыпалды»деп қояды.Одан кейін бауырлары-Болат пен Әнипа дүниеге келеді. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау- бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп,отын жарды. Өсірген аз- маз өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына барып сататын.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата- анасын құрметтеді. Ол ерте есейді.
Көрініс:
Автор:Таңертеңгі ас кезі Жайылған дастархан басында Әлжан мен Сұлтан отырады.
Сұлтан:Жеңеше,мен бір керемет түс көрдім.
Анасы:Ол қандай түс,балам?
Сұлтан:Түсімде мына Алакелдінің жотасына бір қап тұзды арқалап шығыппын.Тұзды жотаға алып шыққаным сол,ауыл жаққа қарасам,менің класым да,мектептегі балалар да,осы Шамалған аулы да төмен жақтан көрініп тұр.Соны өзім арқалап шыққан тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.
Анасы:Балам,сен өте үлкен адам болады екенсің,дәрежең жоғары болады екен.Тұз деген жақсы нәрсе.Алла тілеуіңді берсін,балам!Мансабың жоғары,өрең терең,несібең аса мол,Еңсең биік болсын!Аумин.
(Осылайша анасы ақ батасын беріпті.Екеуі шығып кетеді.)
Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрлысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаға барып метталург- жұмысшы мамандығын меңгерді. Еңбек жолын 1960жылы Теміртауқаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастайды.Әке-шешесі мұндай ауыр жұмыс жасауға қарсы болады.Әкесі барып балқыған темірдің маңындағы баласын көріп,еліне қайтармақ болады.Бірақ 20 жастағы жас жігіт табандылығының,еңбекқорлығының арқасында жұмысын жалғастырып,домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. Осылайша еліміздің басшысы металлург болып еңбек жолын бастаған еді.
Елбасының жары Сара Алпысқызы- «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухан-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы.Бүгінгі таңда елбасы -3 қыз, 7 немере, 2 шөбере сүйіп отырған қамқор әке, мейірімді ата.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургия комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. 1960жылы техникалық учелищесін, 1967жылы Қарағанды металлургиятехникалық оқу орнын,1976 жылы Жоғарғы партия мектебін бітірген.
1991жылы 1- желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауында Н. Ә. Назарбаев мемлекет басшысы болып сайланды.Н.Ә. Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістіктерге өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті. Талай қиыншылықты елмен бірге көріп, батыл қадамдар арқылы елімізді дүниежүзіне әйгілі мемлекет ретінде танытып отырған - осы Елбасымыз.
Бүгінде Елбасы десек Астана, Астана десек Елбасы ойымызға оралады.Елбасының бастамасымен астанамыз болып 1998 жылы Астана қаласы бекітілді. Қаланың бүгінгідей көрсе көз тоймайтын сұлу келбеті, әлемді сүйсіндірген кереметі көріністері – елбасының сарабдал саясатының арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз.
Оқушыларға Отан, билік, елдік, ерлік туралы мақал-мәтелдер айтқызу:
Құралай:Астана- қазағымның бас қаласы,
Арқада бой көтерген жас қаласы.
Көшірген Астананы орталыққа
Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.
Астана қаласында елбасы атындағы мұражай бар. Онда елбасының жұмысшы болған кезде киген киімдері, оқушы кезінде отырған партасы, ұстаған қаламы, шетел саясаткерлерінің берген сыйлықтары, ел азаматтарының жазған хаттары қаламгерлердің қолтанбасы бар кітаптар сақталған.
Елбасы – жазушы, ақын. Нұрсұлтан Назарбаев – бірқатар ғылыми қоғамдық, саяси тақырыптағы кітаптардың авторы. Демек елбасы – жазушы. Сонымен қатар Әнұранның, «Үшқоңыр», «Сарыарқа», «Елім менің» әндері сөзінің авторы. «Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдерін, перзенттік тілегін халқына жеткізеді.
Елбасы атындағы білім ордалары.Білімді бәрінен жоғары қойған Елбасы өз атын білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санап өз атына университет пен мектептердің ашылуына келісімін берді. Нұрсұлтан Назарбаев университеті - нарық сұранысына бағдарланған жаңа оқу орны. Барлық пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі. Елбасы «Назарбаев университетінде» жас ұрпаққа дәріс оқып тұрады.
Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын халыққа жолдау арнайды. Жолдау дегеніміз Қазақстан Республикасының даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл –ауқатының өсуіне және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ұзақ және қысқа мерзімді бағдарламалар жобасы. 1997 жылдан бастап 2014 жылға дейін Елбасымыз халыкка 18 жолдау жолдапты.Сондықтан, біз жас ұрпақ еліміздің болашағы болғандықтан Елбасы жолдауын мұқият, жауапкершілікпен тыңдап, есімізде сақтауымыз керек. Сонда ғана елін, Отанын қастерлейтін елбасы сияқты азаматтар шығады.
Нарғыз:Төбемнен төңкергендей қара түнді,
Түлетті тәуелсіздік қанатымды.
Елбасы арқасында ел жаңарып,
Арқаға Астанадай қала тұрды.
Ежелде елтұтқалар ел орнатқан,
Ұласқан ұрпағына олар мақтан.
Елбасы – қасиетті, аталы сөз,
Мазмұны, мағынасы терең жатқан.
Ернұр: Ту тіккен, еңсе тіктеп елдігің ғой,
Өзгемен терезесі теңдігің ғой.
Тоқтамас ғасырлардан озған дәуір,
Тынысын сезінесің жазғанда жыр.
Кеңестік көсемдерді мансұқ етіп,
Кетті ғой көсем деген сөзден қадір.
Әр сөздің астарында осы арада ,
Ағайын, ой жіберіп жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке дара!
Мадина: Ел мен Ердің ақ тілегі бір екен,
Елі –дархан ,Ері-жайсаң,дүр екен.
Қиын өткел, тар жол тайғақ кешуден,
Қазақ көшін қыр асырған-Нұрекең!
Алып дала ,туған дана ұл екен,
Арманы асқақ,мақсаты ұлы екен!
Қала салған,егін еккен, мал баққан.
Дәулетті елдің нар тұлғасы-Нұрекең!
Аслан: Даласында достық іздеп жүр екен,
Дуалы ауыз,басқан ізі гүл екен.
Өз халқының кең пейілі сияқты,
Күллі әлемді құшаққа алған-Нұрекең!
Жерұйығым!Жампозыңды жыр етем,
Аты да оның, заты да оның нұр екен.
Темірқазық- адастырмас Алашты,
Дана басшы,дара басшы-Нұрекең!
Секош: Сананы түйткілдерден тазартайық,
Айтпаған шындық сөзді тартарайып.
Авторы, сәулетшісі Астананың –
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев!
Балнұр: Көрмесек игі істі болар ғайып,
Келешек мұнымызға тағар айып.
Авторы «Қазақстан» атты елдің,
Ол біздің –Елбасымыз Назарбаев!
Тарихты бұрмалаған болар айып,
Шындықты әділдікпен бағамдайық.
Айтайық Үш Анықты біздер енді
Қазақстан-Астана Назарбаев!
Ғылыми атақтары: ҚР-ның Президенті, экономика ғылымының докторы, Ресей Федерациясы, Белоруссия Ғылым академиясының Мәскеу мемлкеттік университетінің және еліміздегі Әбунасыр әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің Құметті профессоры, Қазақстан Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Дүниежүзі қазақтары қауымдасығының төрағасы,
Мұғалім:Елбасының өнегелі өмірі жас ұрпаққа ұмытылмас әсер қалдырып,үздіксіз жалғасын табатынына сенімдіміз. Елбасынының елге істеген игі ерен еңбекткрі әрқашан ұрпақтар жүрегінде орын алады. Біздің міндетіміз – Елбасымыздың бізге артқан сенімі мен үмітін ақтау.Өйткені біздің осындай дәрежеге жуіміз – тек Елбасымыздың арқасы. «Хан біреу болу керек , қалғандары оған тіреу болу керек.» деген есті сөз бар.Ертеңгі болашағымыздың жарқын болуын қаласақ, елбасымызды қолдайық.
Талай нөсер төгілер, болар жасын,
Алапат күн әйтеуір жоламасын.
Мына нұрлы өмірге тірек болған,
Елбасымыз әрдайым аман болсын. – деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!
«Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
Қазақстан және Елбасы
Дайындаған: Аяғанова Шолпан Оралғазықызы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.