Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстанның экологиялық проблемалары -

Қазақстанның экологиялық проблемалары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2673 | Размер: | Автор: гость
. Биология

ОҚО, Қазығұрт ауданы, Қ.Сатпаев атындағы мектеп лицейінің биология пәні мұғалімі Атанбекова Жанат Тұрсынбайқызы

Сабақ тақырыбы: «Қазақстанның экологиялық проблемалары».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға табиғат пен қоғам арасындағы қарым- қатынастың физиологиялық өсіп жетілуіне экологиялық мәдениеттің ауадай қажет екендігі жөнінде көз жеткізу.
Дамытушылық: Адамзат қауымы, табиғат, қоғам және қоршаған орта үйлесімдігінің тиімді екендігіне көз жеткізу.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, денсаулықты күтуге, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың жүргізілуі: Сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп, оқу құралдарын дайындату.
II. Жаңа сабақ.
Экология сөзі гректің «оіrос» - үй-жай, және «1оgоs» ілім - деген сөзінен шыққан.
Экология терминінен ең алғаш Эрнест Геккель ғылымға енгізді.
Экология тірі ағзалардың өзара әсерінің және қоршаған тіршілік ортасымен өзара әсерінің заңдылықтарын зерттейді.
Бүгінгі таңда жер планетасы апат алдында тұр. Сондықтан осы үлкен алапаттың алдын алу үшін жұмыстар жүргізу қажет.
Адамзат баласының алдында кейінге қалдырмай шешетін 3 мәселе бар:
Олар:
1. Әлемде бейбітшілік орнату.
2. Адамнын сана-сезімін дамыту.
3. Табиғатты қорғау.
Осы 3-проблеманы бір-бірімен тығыз байланыста дамыту қажет.
Біздегі қалыптасқан жалпы экологиялық жағдай қазіргі кезде әбден шегіне жетіп тұр.
Сол себептен біз осыған орай біраз жағдайларға көз жеткізу үшін бүгінгі сабағымызды Саяхат сабағы ретінде өткіземіз.
Ол үшін экологиялық трассаға шығамыз:

1. География аялдамасы:
Қазақстан картасы - сурет.
Мұнда ең ірі экологиялық аймақтарды көрсету.
а) «Семей - Курчатов».
б) Қызылорда - Байқоңыр.
в) Арал - суреті.
г) Балқаш.
2. Биология аялдамасы:
Мутацияға ұшыраған суреттер көрсетіледі.
3. Химия аялдамасы:
Химиялық ластаушы заттарға көптеген өнеркәсіп орындары, завод- фабрикалар жатады.
а) Олардың әсері: қышқылдық жаңбыр (химиялық қосылыстардың әсерінен)
б) Ауыр металдар қалдықтарымен және химиялық қалдықтардан жер эррозияға ұшырауда.
в) Инертті газдардың ауа құрамында артуынан тыныс алу аурулары артады.
Экологияның адам денсаулығына әсері.
Экологияның жатырдағы балаға әсері.
Сәбидің дүниеге келуі.
Мектеп жасындағы балалардың денсалығына сыртқы орта жағдайлары тез әсер етеді.
Студент жасындағы балалардың мамандық алу үшін білімнен басқа сыртқы орта жағдайларының үлкен әсері бар.

Табиғи ресурстар


Қазба кен өндірісі
байлықтар көмірді игеру шектен тыс барынша
өндіру өңдеу пайдаланылған
тасмалдау


Сынақ полигондары


Семей Үстірт Тайсойған Балқаш Байқоңыр
(1968-70ж) (Батыс Қаз. обл.)
Жер асты ядр-қ
сынақ жасалған
154 өнеркәсіп 2400 зымыран Ташкент 4
жылына сыналыпты

Сu 100 есе
Қорғасын 100 есе
Уm 100
Сч 50 бөлінеді
Со 50
Никель 50


Қорытынды:

Топырақ Су Ауа

Өсімдік Жануар

Физикалық Радиоактивті заттар, жылу, шулар

Ластану Химиялық Көмірсутек өнімдері, күкірт

Биологиялық Ауру қоздырғыш бактериялар,
вирустар, құрттар, қарапайымдар

Қазақстан аумағының

33,6 млн га жері 16 млр-дай
(сынақтан) уланған радиоактивті
Қалдықпен зақымданған

Қорытынды: Келтірілген тарихи және шынайы фактілер арқылы Қазақстанның топырағы, ауасы, суы қаншалықты зардап шеккенін көріп отырамыз. Ендігі жерде Қазақтың ұлан-ғайыр аумағы өзінің «жаралы денесін сауықтыра» отырып, болашақта ұрпағының салауатты өмір сүруін қамтамасыз етіп, өркениетті елдер қатарына қосылатынына өз үлесімізді қосайық.
Үйге тапсырма: 56 оқып келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.