Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстанның климаты және климат  қалыптастастырушы факторлар -

Қазақстанның климаты және климат қалыптастастырушы факторлар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2505 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО,Созақ ауданы,Шолаққорған ауылы,
А.Байтұрсынов атындағы
жалпы орта мектеп
География пәнінің мұғалімі:
Дүрменова Сырғакүл Жұматайқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның климаты және климат қалыптастастырушы факторлар


Сабақтың мақсаты: Қазақстан климатының қалыптасуына әсер ететін факторларды, оның ішіндегі Күн радиациясының климатты қалыптастырудағы әсерін жан-жақты таныстыру.
Оқытушылық: 1. Білімді қалыптастыру (оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай, оларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру)
2. Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әдістерін ұйымдастыру.
Тәрбиелік: 1. Адамгершілік тәрбиесін беру.
2. Экологиялық тәрбие. (Табиғат пен қоғам арасындағы байланысты түсінуге, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу).
Дамытушылық: 1. Жеке тұлғаны дамыту (талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыта білу, жіктеу т.б).
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, тексеру және бағалау сабағы.
Сабақтың әдісі: Оқушының логикалық қабілетін арттыру, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, слайд, деңгейлік тапсырмалар.
Оқушылар мына сөздерді қайталауы керек
Мақсаты- оқушылардың оқу әрекетіндегі басты қызығушылығын арттыру
Менің оқу себебім:
1.Қызықты болғандықтан
2.Ақылды және парасатты болғым келеді
3.Кейін өмірде өз орныңды табуға жеңіл болады
4.Қазір барлығы оқиды, сол себептен мен де оқимын
5.Мұғалім ұнайды
6.Сауатты болғым келеді
7.Өз отаныма пайдалы азамат болғым келеді
8. Толық және терең білімге қол жеткізгім келеді
9. Бұл менің парызым
Сабақтың барысы: 1 кезең (5-7 минут)
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысын тексеру
Өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау, дәрежесін тексеру.
Үздік оқушылар өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды тексереді, тексеруден соң әрбір оқушы сыныптағы және үй жұмысының жалпы ұпайын санап, мұғалімге айтады. Мұғалім әрбір оқушының ұпайын « ашық журналға» жазады.
1. Өткенді пысықтау
Өткенді пысықтауға арналған материалдарды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге
үйден дайындалып келеді.Оқушының белсенділігі мен жауапкершілігі артады.
Қолданылатын әдістер:
А) Сұрақ- жауап әдісі
Ә) « Ассоциациялар қатары» , мұғалім тақырыпты тақтаға жазады, оқушылар тақырыпқа байланысты ассоциациялар жазады. Мұғалім оқушылармен талдап, нәтижесінде сол тақырыптың структуралық сызбасы жасалады. Мұғалім бұл әдіс арқылы оқушының білімі туралы түсінік алады.
2 кезең ( 20-25 минут)
1. Өз бетінше жаңа тақырыпты меңгеру
10-15 минуттық өзіндік жұмыс ұйымдастырылады (сұрақтар параққа жазылған, жұпқа беріледі)
Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.
1. Мәтіннен негізгі (жаңа ) ұғымдарды тауып, ретімен жазыңыз, Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұратын ақпаратты табыңыз.
Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.
2. Мәтіннен сізге алдын таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.
3. Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба т. б. арқылы бейнелеп көріңіз.
4. Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға болады ма?
5. Талқылауға тұрарлықтай ,ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.
2. Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.
Негізгі мақсат- ой ояту, оқушыға өзіндік ой- пікір, қорытынды шығаруға
мүмкіндік беру.Мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрде бермей, оқушылар өздері күш салып, білу керек. Мұғалім тек көмектеседі, қосымша фактілер береді, бағыт-бағдар береді.
Мұғалім жеке оқушыға, жұпқа тақырып бойынша сұрақтар қояды.
1.Тура радиация дегеніміз не?
2. Климат құрушы факторларды атаңдар?
3. Қыста күн сәулесінің азаю себептерін атаңдар?
4. Жұтылған радиация дегеніміз не?
3 кезең (12 минут+ 3 минут)
1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.
1 деңгей 5 ұпай
1. Қазақстанның климаты---------------------------------------
2. Қазақстанның климат құрушы факторлары ------------------------------------------- 3. Күн радиациясы дегеніміз ---------------------------------------------------------------- 4. Солтүстіктегі күн сәулесінің түсу ұзақтығы------------------------------------------- 5. Қыста келетін суық-------------------------, жазда келетін ыстық ауа------------------------------
2 деңгей 4 ұпай
1.Жер бетіне түсетін күн сәулесі кері шағылыстырады
Жер беті 90%
Қара топырақ 20 %
Жаңа жауған қар 5%
2. Жиынтық күн радиациясының келуі қандай факторларға байланысты болатынын атап шығыңдар?
3. Бұлтты күндер солтүстікте-------күн, оңтүстікте ----------күн.
4. Ашық күндер солтүстікте ----- күн, оңтүстікте-----------күн.
3 деңгей 3 ұпай
1. Қазақстанда жылдың төрт мезгілінің айқын білінуінің себебін талда?
2. Қазақстан климаты континенттілігінің өзіндік ерекшеліктерін түсіндіріңдер.

Деңгейлік тапсырмаларды орындауда оқушылар барлығы бір уақытта бастайды
және әрқайсысы өз білім шыңына өзінің жеке қабілеттеріне қарай жетеді.
Деңгейлік тапсырмалардың барлығын сыныпта орындап бітіру мүмкін емес,
сондықтан үй жұмысына сол деңгейлік тапсырмалар беріледі.
2.Сабақтың соңғы 3 минутында сыныптағы ұпайлар саналып, «ашық журналға»
белгіленеді, түсіндірмелі түрде бағаланады.
Үйге тапсырма
3 деңгейдегі тапсырманы орындап, келесі жаңа тақырып
Атмосфера циркуляциясы. Ауа массалары тақырыбын оқып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.