.
.
Алғабас жалпы орта мектебінің Қазақстанның спорт жұлдыздары
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5079 | Размер: | Автор: гостьдене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жүсіпов Ғ.
6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның спорт жұлдыздары
Сабақтың мақсаты: Халықаралық дәрежедегі Қазақстанның спорт жұлдыздарын дәріптеу арқылы оқушылардың сопртқа қызығушылығын арттыру.
Дамтыушылық мақсаты: Жас ұрпақты спортпен шұғылдануға баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Сопртты және салауатты өмірге насихаттау.
Білімділік мақсаты: Жас ұрпақты атақты спортшылардың өмірімен таныстыру. Балалардың бойындағы спортқа деген құлшыныстарын ояту.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз 3 бөлімнен тұрады.
І бөлім. Қазақстанның спорт жұлдыздарының өмірін және жетістіктері-мен таныстыры.
ІІ бөлім. «Салауатты өмірді қолдаймыз!»
ІІІ бөлім. Қорытынды
Мемлекеттік Гимн
Қажымұқан Мұңайтпасұлы – Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұлан,айыр жері мен өршіл халқын бірінші юолып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы палуандарды шетінен жығып, бәйге алу – сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкміге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.
Атандым Мұқан палуан, бала жастан,
Ішінде күштілердің болдым астам.
Талай-талай жерлердің дәмін татып,
Өтті дәурен осылай біздің бастан.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы колхозында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған. Оның төрт әйелінен тараған ұрпақ Түркістан мен Ақмола өңірінде өмір сүруде.
Қосымша ол ағамыз ең алғашқы лақап аты Муханура, Лебедев мырзада дәріс алып күрес өнерін дамытқар еркін күрестен әлемнің бірнеше дүркін жеңімпазы француз күресінен өзімен бірдей дәрежеде күресетіндер еркін күрестен бәрі бастарын идірген.
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы тәмәмдаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралықө Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Ағамыздың атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1979), екі мәрте Еуропа чемпионы (ГФР, Кельн, 1979 Финляндия, Тампере, 1981), әлем кубогінің иегері (Канада, Монреаль, 1981). Дәл осы жылы әлемнің ең үздік боксшысы деген атақ Серік Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері (АҚШ, Нью-Йорк, 1979) Мәскеуде өткен 22-ші Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (ГФР, Мюнхен, 1982), КСРО чемпионы (1980, 1984).
Серік Кремібекұлы ағамыз «Қажырлы еңбек үшін» (1980), «Еңбек озаты», (1984), «Қазақстан Республткасының тәуелсіздігіне 10 жыл» ( (2001), «Қазақстан Республткасының Праламентіне 10 жыл» (2006), «Құрмет» (2004) ордендерінмен марапатталып, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1993) атанды. Қазақ туризм және спорт академиясының приофессоры. Серік Қонақбаев ағамыздың есімі қазақ бокс тарихында алтын.
Жақсылық Үшкемпіров 195 жылы Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келегн.
Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандығын қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі.
1974 жылы институтты тәмәмдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А.Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын.
Бала кезінде қазақша күреспен, ал классикалық және еркін күреспен институт қабырғасында оқып жүрген кезінде айналыса бастаған болатын. 1970 жылы жаттықтырушы Рома Хасанович Ильматовтың кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа классикалық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып лақтыру әдісін жақсы меңгереді. Күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, әлсіз жақтарын сезіп, нәтижесінде өз пайдасына шешетін. Ұпайы қанша жоғары болып тұр са да, ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы жақтарын іздеумен болатын.
Бір жылдан кейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды. Еліміздің ең таңдаулы күрескерлерімен белдесіп бәрін жеңіп шығып, Спартакиада чемпионы болып, өміріндегі алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ж.Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркі жүлдегері болды.
Түрлі халықаралық турнирлерде өзімен тең түсетін қарсыластарымен шыққан ұзақ та, титықтантқан күрестер, содан кейінгі Одақтық біріншіліктегі чемпион атанған табысынан кейін ғана Ж.Үшкемпіров, өмірінде бірінші рет Олимпиада ойындарына кандидаттық жолдама алды.
Олимпиада күндері Ж.Үшкемпіров чемпиондыққа үміткер қарсылас-тары: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештерді шебер техникасымен, шапшаңдығы және төзімділігімен жеңіп шықты. Осылайша қазақ қазақ болғалы қолын тұңғыш «Олимпиада чемпионы» деген атаққа Жақсылық Үшкемпіров жеткізді.
Бекзат Саттарханов (4.4.1980 ж., Отырар ауданы, Балтакөл ауылы – 31.12.2000, Түркістан қаласмы) – боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (2000). Бапкерлері – Н.Жұмабаев, В.Везирякин. қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері (1996, Жезқазған). Ауылы Асқаров (Төлеби ауылы), қаласы Шағатаев (1996, Кентау) атындағы Халықаралық турнирдің жеңімпазы. Германия (1997, Кельн, Финляндия (1997, Хельсинки) және Ә.Нұрмақанов атындағы Халықаралық турнирлердің жүлдегері. Жастар арасында Азия біріншілігінің жүлдегері (1998, Тайланд, Бангкок), әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (1998, Буэнос-Айрес, Аргентина), Қазақстан біріншілігінің (1998, Шымкент), К.Әбдәлиев және С.Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1999), Азия чемпионатының (1999, Ташкент), 3-Орталық Азия ойындарының (1999, Бішкек) және Венгриядағы Халықаралық турнирдің жеңімпазы (1999, Болотон). Қазақстан – Куба боксшыларының жолдастық кездесуінде (2000, Астана) және Испаниядағы (2000, Мадрид), Чехиядағы (2000, Прага) Халықаралық турнирдің жеңімпазы, Мәскеудегі Гран-при кубогінің иегері (2000), 27-Олимпиялық ойындардың чемпионы (2000, Сидней, Аустралия). І-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған (2000). 2002 жылдан Түркістан қаласында Б.Саттархановты еске алуға арналған Халықаралық турнир өтеді.
Шишигина Ольга Васильевна (1968 жылы Алматы қаласы, Қазақстан) – қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылыдың 23 желтоқсанында Алматы қаласында туылған.
Жеңіл атлетикамен (кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылдан бері шұғылданады.
1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірген.
1986 жылдан Кеңестер Оджағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және одан бірнеше дүркін жүлдегерлерге ие болған.
1992 жылы ТМД елдерінің «Жастар ойыны» жарысының таңдаулы төрттігіне енген (Донецк қаласы).
1994 жылы Санкт-Петербург қаласында өткізілген ойында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған.
1994 жылы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған «Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері» атағы берілген.
1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлдемен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі.
2007 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Содан кейін спортшы жарақат алуына орай үлкен спортпен қоштасты.
2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атилетика кафедрасының меңгерушісі.
І дәрежелі «Барыс», «Құрмет», «Дарын» ордендері.
Илья Ильин (24 мамыр Қызылорда) – атақты жас қазақ штангисті. Ауыр атлетикамен айналысып жүрген ағасы Алексейдің жанынан бір елі қалмсайтын кішкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны уақытқа дейін сегіз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңілістің кермсек дәмін татып көрмепті. Жарақатына байланысты бір жыл спорттан тыс жүрегн Ильяның өзінің айтуынша 99 пайызға бұрынғы қалпына келген тәрізді.
Ол жастар мен ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние жүзінің теңдессіз атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлдығына таңданбау мүмкін емес. Ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. 2011 жылы Париждегі ауыр атлетикадан әлем чемпионатында үшінші рет әлем чемпионы атағына ие болды.
Александр Николаевич Винокуров (16 қыркүйек 1973 жыл, Бескөл, Солтүстік Қазақстан облысы) — Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы.
2003 жылы отандасы әрі досы Кивилев қайтыс болғаннан кейін Винокуров Париж-Ницца жарысында алғашқы орын алады, бұл жарысын ол марқұм досына арнайды.
Александр 2006 жылғы атақты испандық Вуэльта жарысында бірінші орын алған. Бүгінгі күні Әлемдегі ең мықты клуб Астананың негізін қалаушы. 2007 жылы Астана клубының капитаны Александрды велоспорт әлемінде Тур де Франс жарысынын жеңуге ең ықтимал фаворит ретінде есептейді. Бірақ Винокуров ол жарыста қатты жарақат алады, дегенмен оған қарамастан аяқ қолын дәке орап алып қанын сорғалатқан Александр келесі бір этапында алғашқы орынды жеңіп әлемді таң тамашаға бөлейді. Алайда сөйтіп ықтимал жеңімпаздар қатарын қайта енген Виноны француздар допинг тексерушілері қан ауыстырды деп айыптап команданы түгелдей жарыстан қуып, Виноны екі жылға жарыстардан аластайды. Бірақ еш жасымайтын Александр 2009 жылы үлкен спортқа қайта оралып қыркүйек айында Астана құрамына қайта енеді. 2010 жылы Александр Винокуров «Джиро де Трентино» (Cәуірдің 20-23) веложарысының алғашқы кезеңін жеңіп алып, екінші кезеңінде 2ші болып келіп ақыры жалпы есепте де бірінші болып жеңіске жетеді. Вино осы жылы соңғы рет кәсіпқой спортшы ретінде Тур де Франсқа қатысып, бірнеше күн сары жейдені киіп, этап жеңісіне жетсем деп жоспарлаған. 8-ші этап нәтижесі бойынша ол жалпы есепте 11-ші орынға жетіп, лидерден 32 секунд қана артта болатын, алайда 9-шы этапта құлап, бел сүйегін сындырып, жарыстан шығып кетуге мәжбүр болады. Осыған байланысты Вино өзінің кәсіпқой спорттық өмірін аяқтады. 2011 жылы.
Майя Манеза - 1985 жылы 1 қарашада Қырғыз КСР-інің Тоқмақ қаласында туған. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген.
2007 жылдың тамыз айынан - ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екі жаттығу жиынтығы бойынша 246 кг жинаған әлем чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009), ал 2011 жылы күміс жүлдегер. Серпе көтеруден 141 кг көтеріп, әлемдік рекорд жасаған. XVI Азия ойындарының алтын жүлдегері (2010), ауыр атлетика бойынша ҚР кубогының иегері, ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері (2009). «Құрмет» орденімен марапатталған (2009). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009).
Ал 63 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан М.Манеза жұлқа көтеруде 109 келіні бағындырып кіші қола медальға, ал серпе көтеруде 139 келіні еңсеріп кіші алтын медальға ие болды. Екі сайыстың қорытындысында үлкен күміс медальды қанжығасына байлады. Өкініштісі, серпе көтеру сайысында 147 келіге тапсырыс берген қазақстандық спортшы оны еркін еңсергенімен, төрешілер тарабы есепке алмай қойды. Ал осы салмақ санатында әлем чемпионы атанған ресейлік Светлана Царукаева жұлқа көтеруде 117 келіні бағындырып, әлем рекордын жаңартты. Есте болса, дәл осы спортшы 2009 жылы Оңтүстік Кореяның Коян қаласында өткен әлем чемпионатында М.Манезамен бірдей салмақты бағындырғанымен өз салмағының біздің спортшыдан сәл ауыр болуына байланысты күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын. Лондонда өтіп жатқан ХХХ Одимпиада ойындарында 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы Майя Манеза Олимпиада чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 110 кг, серпе көтеруде 135 кг бағындырып, 245 кг көрсеткішпен Олимпиада рекордын жаңартты. Кезінде өзі орнатқан әлем рекордын жаңарту үшін 144 кг салмаққа тапсырыс беріп еді, сәл күші жетпей қалды.
Ольга Рыпакова Сергейқызы (қарашаның 30, 1984 жылы, Өскемен) — Қазақстан жеңіл атлеті, бастапқыда жеті сайыспен айналысса, кейін ұзындыққа секіруге мән беріп жүріп 2007 жылдан бері үш қарғып секірумен айналысады.
О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын.
Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды.
Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды.
2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.
2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды.
Зульфия Салахаровна Чиншанло 1993 жылы 25 шілдеде Алматы қаласында туды.
2008 жылдан бері – ҚР ауыр атлетика бойынша ұлттық құрамасының мүшесі.
Гиннестің рекордтар кітабына ауыр атлетика бойынша ең жас жеңімпаз ретінде енгізілді. 53 кг-ге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысады.
Қазақстанның 2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары жеңімпазы, сондай-ақ 2010 жылы өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері.
Чиангмэеда 2009 жылы өткен жасөспірімдердің әлем чемпионатында қола медаль алды.
Сингапурде 2010 жылы өткен жасөспірімдердің әлем чемпионатында күміс жүлде алды.
ҚР еңбегі сіңген спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған.
2012 жылғы 29 шілдеде Зульфия Лондонда өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль ұтты, бұл арқылы ол өзінің әлемдік рекордын жаңартты.
«Чемпиондар әні» бейнекөрініс
Ән: орындайтын Сержан Н.
ІІ бөлім. «Салауатты өмірді қолдаймыз!»
1-оқушы: Басында жан мен дене екі басқа,
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.
Дене сауыт сықылды жанның орны,
Оған да күту керек бұзылмасқа.
2-оқушы: Елімізге бақыт құсы қонсын кеп,
Тіршіліктің бар қызығын көрсін кеп
Тілеп жүрміз кім-кімге де осы жыл
Денсаулығын сәйгүліктиің берсін деп.
3-оқушы: күтін, балам, алдыңда өмір сүбелі,
Ақылды алсаң тиер саған көмегі
Іске асса қайтарымы еселі,
Сау адамнан ойлар туар келелі.
4-оқушы: Бірақ әркім бір өзіне сенеді,
Сау болады жетсе еркі, жігері
Ешбір затпен уламай жас денеі,
Бағытталған мол қозғалыс – келегі.
5-оқушы: Адам болу ел болудың жолы да,
Оңай емес, ойлау керек оны да
Ел қатарлы тірлік етіп кем болмау,
Бақыт құсын қондыру да қолында.
6-оқушы: Сондықтан да салауаттық сабағын
Шығармай естен басқан сайын әр адым
Жаман әдет жуымасын жанына,
Табиғаттай таза ұлы бол даланың.
7-оқушы: Ниетің де, тілегің де, ойың да,
Сұлу болсын, таза болсын бойында
Адал еңбек сені алға бастасын
Барлық бала спортпенен достассын.
8-оқушы: Оқушылар мен ұстаздарға
Айтарымыз бір тілек:
Берекелі заман болсын,
Балаларыңыз аман болсын!
Құрметті қонақтар келесі оқушылардың үлгі жаттығуларын көріңіздер.
Ән: орындайтын Ғ.Жүсіпов
ІІІ бөлім: Қорытынды.
Ал, құрметті оқушылар мен ұстаздар бүгінгі сабағымызды байқап отырсыздар, жетістікке жетудің жолдары жас кезімізден басталады екен. Салауатты өмір салты 5-6 жастан бастасақ кәмелеттік жасқа жеткенде орда бұзар спортшыларымыз тәрбиеленіп шығады екен. Сондықтан салауатты өмір салтын спортты күнделікті әдетімізге айналдыруымыз қажет. Міне сонда Қазақстанның нағыз дені сау, топ жарар толағай азаматтарын көбейтуге үлес қосады екенбіз.
ХХІ ғасырда, ашық аспан астында
Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Отбасыларыңыз қуанышқа толсын,
Өмірлдеріңіз салауатты болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.