Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстаным -

Қазақстаным

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1150 | Размер: | Автор: гость
. Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Ұштаған ауылы
« Сазды» шағын орталығының тәрбиешісі
Аралбаева Қамар

Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы Қазақстаным
Мақсаты: Қазақстан Республикасы жайлы түсінік беріп,еліміздің астанасы туралы әңгімелесу. Мемлекеттік рміздер туралы білімдерін бекіту. Балалардың есте сақтау қаблетін дамытып, сөздік қорын молайту, байланыстырна сөйлеуді қалыптастыру, ізгі қасиеттерге баулу.Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсіл: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой қозғау, көрсету.
Қолданылатын көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері, еліміздің картасы, гүлдер.
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы Балалар қане шаттық шеңберіне тұрайық. Амандасу рәсімін жасайық.

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды аулымыз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң достарым.
Балалар амандасып, шаттық шеңберін тәрбиешімен бірге орындайды.
Іздену
Ұйымдастырушы

Рефлексивті коррекциялау -Балалар бүгін «Қатынас» саласы бойынша ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті болады.
Балалар айтыңдаршы біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
-Елбасымыз кім?
Дұрыс айтасыңдар балалар, Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болды, елімізде Ата заңымыз, тіліміз бен дініміз, төл теңгеміз, мемлекеттік рәміздеріміз қабылданды. Бұл-біздің мақтанышымыз. Қазақстанда көптеген өзге ұлт өкілдері де бір-бірімен тату-тәтті бірлікте тұұрады.Қазақ жері олардың екіңші үйі, Отаны болып есептеледі.
Енді балалар бәріміз Қазақстанның картасына назар аударайықшы.
Қазақстанның жері кең – байтақ. Оны білу және түсіну үшін картаны пайдаланамыз.Сонда қай жерде қала, теңіз, көл, көмір, мұнай, кен орындары бар екенін біле аламыз (таныстырылып көрсетіледі).
-Ал енді балалар,біздің еліміздің рәміздеріне нелер жатады еске түсірейікші?

-Балалар біздің еліміздің Әнұранының авторларын білесіңдер ме?

-Ендеше орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып Әнұранымызды орындайық.
Әнұран.
-Балалар қараңдаршы мынау қай елдің туы?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көгілдір түсті тік бұрышты. Тудың ортасында шұғылалы күннің суреті, оның астында қалықтаған қыран құс бейнеленген, шетінде қазақтың оюы. Күн, қыран, ою алтын түсті.
-Балалар сендер Мемлекеттік ту жайлы қандай тақпақ білесіңдер?

-Жарайсыңдар балалар сендер ту туралы тақпақты жақсы біледі екенсіңдер.
-Балалар мынау не?

-Жарайсыңдар балалар, сендер Елтаңба туралы қандай тақпақ білесіңдер?

-Ал, енді балалар сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Бір шаңырақ астында,
Татау –тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлікасыл мұрамыз!

Тосын сый.
Сахналық қойылым.
«Атаның балаға өсиеті»
(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып,Ата келеді)
-Амансыңдар ма, балапандарым?
Мен Қазақстан туралы ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті болып жатыр деп естіп, балаларға өзім білетін өсиет сөздерімді айта кетейін деп жол жөнекей келіп тұрм.
Тәрбиеші:
- Жарайды ата олай болса төрлетіңіз.
-Балалар көпті көрген атаға қояр сұрақтарыңыз бар ма?
Бала:
-Иә менің қояр сұрағым бар. Ата өткен өмір деген не?
Атасы: Ә балам өткен өмір дегеніміз сонау ата-бабаларымыздың жүріпөткен жолы, тарихы емес пе?
Бабалар елі –біздің ел. Менің елім - Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің мақтанышпен айтар сөзі.Елім жайлы, алтын бесігім, туган жерім жайлы , азаматтық жүрекпен толғана сыр шерте алар ма екем?! Құс ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы- деп, ақын Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адам нағыз бақытсыз екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта алам. Өзіміздің тіліміз, тарихымыз, тәуелсіз еліміз бар.
Тәрбиеші:
- Балалар атаның өсиет сөзін түсіндіңдер ме?
Бала:
Отан-анам,Отан –әкем
Осы сөзім қате ме екен.
Қате болса, неге біздер
Дейміз оны Атамекен.
Ата:
-Шырақтарым енді қайтайын. Өз Отан, туған жерлеріңді құрметтеп, сыйлаңдар. Сау болыңдар.
Ойын: «Туған жерді гүлдендір»
Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлді қазақстан картасына жапсырады.
-Балалар, қараңдаршы біздің Қазақстанымыз, туған жеріміз қандай әсемденіп, көркейіп кетті. Еліміздің болашағы сендерсіңдер. Барлықтарын оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар.

-Қазақстан Республикасы
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Әнұран, Ту, Елтаңба

-Әнұранның сөзін жазған: Жұмекең Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

-Бұл Қазақстанның туы.

Ақылбек
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен тек
Елдің ашық қабағы.
Нұржан:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.

-Бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы.

Кәусар:
Елтаңбасы елімнің
Неткен сұлу әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

Балалар бірігіп сергіту сәтін қимылмен орындайды.


Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Қазақстан Республикасы жайлы.
Білді: Қазақстан Республикасы туралы толық мағлұмат алды.

«»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.