Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақтың қайсар ұлы -  Бауыржан Момышұлы -

Қазақтың қайсар ұлы - Бауыржан Момышұлы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2321 | Размер: | Автор: гость
. Екібастұз қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің №28 Абай атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы

Ұлы Жеңіске 70 жыл толу қарсаңында өткізілетін патриоттық бағыттағы тәрбие сағатының әзірлемесі

«Қазақтың қайсар ұлы - Бауыржан Момышұлы»

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі

2014-2015 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақтың қайсар ұлы - Бауыржан»

Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларды туған жерді сүюге, елді қорғауға, Отанына адалдыққа тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы кезінде Бауыржан Момышұлының ерлігі, соғыс тактикасын меңгерген шеберлігі туралы айту.
Ерлікке тағзым ете білуге, ағалардың отан қорғауда қосқан үлесі туралы білгізу.

Түрі: Әдеби монтаж, сахналанған қойылым.
Көрнекілігі: Жауынгерлер портреті, Музыкалық құралдар, тақырыпқа сай безендірулер, буклеттер, соғыс кезіндегі жауынгерлер суреті, шарлар.
Жоспар:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Бауыржан Момышұлы туралы слайд көрсету
3. «Қазақтың қайсар ұлы Бауыржан» әдеби көрініс
4. Викториналық сұрақтар
5. «Ленинградтық өренім» Ж.Жабаевтың өлеңі
6. Қорытынды бөлім.
Барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшылық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды. 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.
Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі Б.Момышұлы туралы мына материал көрсетіледі:

2.Көрініс «Қазақтың қайсар ұлы – Бауыржан»

Генерал: қабырғадағы картаға қарап тұрады)
Қап мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы
Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын, жолдас генерал!
Генерал:Бері жақындаңыз, Капитан Момышұлы! Көріп тұрсыз, мына қара белгі Демьянск деген қала. Жаудың қол астында қалған жер. Яғни дұшпанның армиясы. Мына жердегі 90 шақты деревня қазір дұшпанның қолында. Бір сөзбен айтқанда Москваны дұшпанның қолынан азат ету сіздің полкке міндеттеліп отыр, капитан Момышұлы!
Бауыржан: Түсінікті, Жолдас Генерал! Жауды орнынан қозғау оңай болмайды. Бірақ біздің жауынгерлер олардан қорқа қоймас!
Генерал: Ах соғыс, соғыс! Далада қылшылдаған аяз, дұшпанның қалың қолы. Осының барлығына шыдау керек!
Бауыржан: Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе. Шыдаймыз, жеңеміз жауды.
Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын!
Бауыржан: Құп болады, жолдас генерал!
Солдат: Капитан Момышұлы, біздің шамамызды келтірмей, фашистер қаптап келеді!
Бауыржан: (бинокль)Сержант Мамонов жауынгерлер ұрысқа дайын ба?
Мамонов: Сіздің бұйрығыңызды ғана күтіп тұрмыз
Бауыржан: ендеше сержант Мамонов, ұрысқа кірісейік. Алға!!!
Барлығы: отан үшін алға!!!
Фашист: Совет армиясының көзін құртайық
Фашист: совет әскерлері – шошқа! Біз жеңіске жетеміз! (өліп қалады)
Совет әскерлері: жерімізді жаудан тазартайық. Ел үшін, жер үшін алға!! Ура, ура, жасасын қызыл армия.

Викториналық сұрақтар

1.Рейхстагқа ту тіккен батыр қазақ (Рақымжан Қошқарбаев)
2. Қазақстан Республикасындағы ең жоғарғы награда (Халық қаһарманы)
3. Ұлы Отан соғысы қашан басталды? (1941 жылы 22 маусым)
4. Ұлы Отан соғысында полк басқарғандардан кімдерді білесіңдер?
(Георгий Жуков, Иван Конев, Родион Малиновский, Константин Рокоссовский, Александр Василевский, Федор Толбухин, Кирилл Мерецков, Леонид Говоров, Алексей Антонов).
5. Жау дзотының амбразурасын денесімен жапқан батыр кім?
(Александр Матросов)
6. Панфиловшылар деген кімдер? (И.В. Панфиловтың басқаруымен 316 атқыштар дивизиясының жауынгерлері, 1941 жылы Дубосеково разъезінде шайқасып, Москваны қорғаған)
7. Ең жеңіл, жылдам маневрлі соғыс ұшағы (ЯК-3 истребитель Ястребок)
8. Кеңес одағының үш мәрте ұшқыш батырлары (Иван Кожедуб, Алексей Покрышкин)
9. Ұшқыш Николай Гастелло қандай ерлік жасады? (Өзінің өртеніп бара жатқан ұшағын жаудың танктері мен автомашиналары тұрған колоннаға бағыттап, сол жерге құлап, жауға көп шығын келтіріп өлген)
10. Батыр ұшқыш, екі аяғы жоқ болса да, самолет жүргізген (Алексей Маресьев)
11. «Артымызда Москва» кітабының авторы (Бауыржан Момышұлы)
12. Панфиловшыларды ұрысқа көтерген аға сержанттың фамилиясыкім? (Клочков)
13. Ұлы отан соғысының батыры, қазақтың мерген қызы кім? (Әлия Молдағұлова)
14. Пулеметші қазақ қызы кім? (Мәншүк Мәметова)
15. Ұлы Отан соғысының аяқталған мерзімі (1945 жыл 9 мамыр)
16. 13 гвардиялық минометті халық арасында қалай атаған? (Катюша)
17. Тыңшы деген кім? (қарсыластары туралы құпия информация жинаушы адам)
18. Әскер қатарына қалай алдырады? (шақырту жібереді)
19. Әскер қатарынан босатылуды қалай атайды? (демобилизация)
20. Қатардағы жауынгерден кейінгі әскери атақ (Ефрейтор)
21. Жаздық әскери бас киім (Пилотка)
22. Бірінші автоматты құрастырушы (Михаил Темофеевич Калашников)
23. Отан қорғаушылар күні қай күн? (7 мамыр)
24. Әскер қатарына жылына неше рет шақыртылады? (2 рет -Президент жарлығымен, Қорғаныс министрінің бұйрығымен)
25. Әскерлер өмір сүретін ғимарат қалай аталады? (казарма)
27. Соғыс қаруларын жасаған орыс конструкторларын ата (Макаров, Калашников, Дегтьяров)
28. Әскери наряд деген не? (Әскердегі жазалау)
29. Әскерлер қандай бас киімдер киюі керек?
(Пилотка, беретка, каска, фуражка)
30. Пулеметті алып жүретін (тачанка)
31. Үнсіздік минуты деген не? (қаза болғандарды еске алу)
32. Майордан кейінгі әскери атақ (подполковник)
33. Десантшылар күні (2 тамыз)
34. Майордың алдындағы әскери атақ (капитан)
2-көрініс
1941 жылдың қыркүйек айы. (жараланған солдаттар, медбикелер, мылтығын тазалаған солдаттар. Бір солдат кіріп листовка таратады. Жаралы солдат орнынан сүйретіле тұрады. Екі жолдасы екі жағынан сүйемелдейді)
Жаралы жігіт:
Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып отырған қайран елім-ай! Жау қолында қалмасын деп жүрегімізге жалын тастап отырған Жамбыл бабамның бізге арнаған жыр жолдарын тыңдайықшы

Ленинградтық өренім
Мақтанышым сен едің
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін
Жасағам жоқ өмірді
Жау сойқанын көргелі
Төккенім жоқ терімді
Шер қылғалы кеудені
Жасалған жоқ салтанат
Жаудың болуға ермегі
Жауда қалып Ленинград
Жаралған жоқ көнгелі
Қазақстан жерінен
Тұтанғандай ел кегі
Жолды кернеп қол кетті
Сендерге дем бергелі
Нева алабын қорыңдар
Ленинградтың ерлері
Ұрпаққа үлгі болыңдар
Замананың өрнегі!

Жүргізуші:
Жамбылдың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім! жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді.

Қорытынды бөлім.
Жас ұрпаққа үлгі болған отанның ұлдары, ер-азаматтары қандай құрметке болсын лайықты. Ардагерлерге тағзым етеміз. Ел қорғаған батыр бабаларымыздың ерлігін ұмытпау үшін, оларды құрметтеу үшін біз не істей аламыз? Ардагерлеріміздің көпшілігі өмірден өтті. Олардың саны азайып бара жатыр. Оларға деген құрметімізді ешқашан жоймауымыз керек. Жылдар өткен сайын олардың ерлігін, қадір-қасиетін терең ұғынып келеміз. Ата-бабаларымыздың ерлік жолын құрметтеудің , рухын асқақтатудың бір ғана жолы олар туралы көп оқу, киноларды көру, тарихпен терең танысу. Бұл біздің, яғни жас ұрпақтың алдындағы үлкен міндет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.