.
.
Сабақтың тақырыбы: Азия елдері Азия елдері
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5237 | Размер: | Автор: гость1. Білімділік Оқушыларға Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азияның геологиялық экономикалық жағдайына түсінік беру, шаруашылығының дамуымен таныстыру.
2. Дамытушылық Ойлау қабілетін дамыту, әдеби және сауатты сөйлеу, өз бетімен тұжырымдай білу, нақты нәтижелерін айта алуын дамыту.
3. Тәрбиелік Оқушыларды Отансүйгіштікке еңбекке, әділдікке, шешімді дұрыс қабылдауға, өз ұлтын сүюге, жан-жақты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық сайыс
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Инт.тақта, материктер картасы, оқулық, карточкалар
Пәнаралық байланыс: тарих,экология
Сабақ жоспары
І. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, үй тапсырмасын сұрай бастаймын
ІІ. Үй тапсырмасы
топ Еуропа тобының сұрақтары
1.Еуропаның ең биік нүктесі - Альпі тауындағы биіктігі 4807м болатын Монблан шыңы
2.химия өнеркәсібінің даму жөнінен дүниежүзінде бірінші орын- Германия
3. Қазіргі кезде мемлекеті халықаралық туризм орталығы болып саналады – Франция
4. Италия жылына млн литр шарап өндіреді – 61
5. Солтүстік Еуропа елдері - Норвегия, Швеция,Финлядия, Исландия, Дания
2 топ Азия тобының сұрақтары:
1.Жер шарындағы ең көне монархия – Ұлыбритания
2. Ұлыбританияның ең биік нүктесі - Бен-Невис
3. Францияның ең ұзын өзені - Луара
4. Оңтүстік Еуропадағы ең ірі ел.Астанасы Мадрид – Испания
5. Роттердам порты қай жақта орналасқан - Нидерландыда орналасқан.
Сөз жұмбақ:
1. Шығыс Еуропадағы Кох –и- нор қарындашын – Чехия
2. Еуропадағы бейтарап елдерге қай ел мен Швейцария жатады.- Аустрия
3. Батыс Еуропадағы халқының саны жөнінен бірінші орындағы ел- Германия
4. Ұлыбританияны кім басқарады – королева
5. Еуропа елдерінің бірін атаңыз. Астанасы Варшава- Польша
6. Еуропаның 10% алып жатқан мемлекет- Әзербайжан
Сергіту сәті:
Қай елдің киносы екенін және фильм атын атау керек.
1. Үндістан – “Биле, биле” – Метхун
2. Түркия – “Көкжалдар мекені” – Ниджати Шашмаз
3. Корея – “Ханзада Джумонг” – Сонг Иль Гук
4. Моңғолия – “Шыңғысхан”
5. Қытай – “Аңыз” – Джеки Чан
6. Қазақстан – “Ғашық жүрек” – М. Әуелбекова, М. Беспаев, Б. Есентаева
Жаңа тақырып түсіндіру:
Тақырыбы:Азия елдері
Жоспары:
1.Географиялық орналасуы
2.Жер бедері
3.Ең биік таулар мен тау қыраттары
4.Климаты
5.Ішкі сулары
6.Өсімдіктері және жануарлары
7.Саяси бөлінуі
Географиялық орналасуы:Азия (ассириялықтар тілінде, мағынасы – асу, шығыс) – Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды. Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.
Жер бедері: Азия дүние бөліктерінің ішінде абсолюттік биіктігі жағынан (Эверест шыңының биіктігі 8848 м) 1-орында, орташа биіктігі жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-орында (950 м). Жерінің 75%-ы таулар мен тау үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші Азия түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған.
Ең биік таулар мен тау қыраттары: Гималай тауының шыңдары 7 – 8 мың метр және одан да биік болып келеді. Солтүстік шығыс белдеуі Тянь-Шань тауынанЧукот түбегіне дейін созылады. Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне әрі аласа болып келеді. Солтүстік-шығыс белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай орташа, аласа таулар мен тау үстірттері тарайды.
"'Ең ірісі: Орта Сібір таулы үстірті."' Құрлықтың шығыс жағында бұл екі белдеуден оқшау солтүстіктен оңтүстікке қарай Коряк таулы қыраты, Камчатка таулары, Сихотэ-Алин, Корей таулары, Наньмин, Аннам тау қыраты тізбектеліп орналасқан.Азияның жалпы аумағының 25%-ы жазықтар.
Климаты: Азия Cолтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе ішкі аудандарда,континенттік климат басым. Оңтүстігі мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орталық Азия жазықтарына шөлжәне шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты алып жатыр. Малакка түбегі менҮлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық.
Ішкі сулары: Азия құрлығы өзенге бай . Сондықтан Азияны "өзен жағасындағы өркениеттер өлкесі" деп атайды.[1] Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Гималай, Қарақорым, Гиндукуш, т.б.тауларда мұздықтар таралған (жалпы ауданы 120 мың км²). Мұздықтар өзендердің толығуына аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60%-ы сыртқы, 40%-ы ішкі тұйық алапқа орналасқан.[2] Азияның басты өзендері - Янцзы, Сары өзен ( Хуанхэ), Обь, Амур, Лена, Меконг, Енисей, Үнді, Брахмапутра, Салуин, Вилжуж, Әмурдария, Ганг, Ефрат, Алдан, Сырдария, Тарим, Калыма, Айеарвади, Тигр, Сонгхуа және Ангара өзендері. Обь, Ертіс, Енисей, Ангара, Лена, Яна, Индигарка және Колыма өзендері Солтүстік мұзды Тынық Мұхитқа құятың өзендердің ішінде: Анады, Амур, Хуанхэ, Янцзы, Ексы, Миконг, Чао Прая жөне Қызыл өзен бар. Янцзы - Азиядағы ең ұзын және әлемдегі үшінші ұзын өзен. Евфрат - Орта Шығыстағы ең ұзын өзен. Ежелгі дүниенің атақты қаласы Бабыл (Вавилон) осы өзеннің бойында орналасқан болатын. Үнді түбегінің басты өзені - Ганг Солтүстік Үндістан жазықтықтары арқылы шығыстағы Бангладешке қарай ағады. Қазақстандағы ең ұзын өзен - Есіл өзені. Оның жалпы ұзындығы - 2450 шақырым, Қазақстан аумағына 1400 шақырымы кіреді. Муррей, Сноуи, Маррамбиджи - басты өзендерінің бірі. Өзге өзен жүйелеріне Батыс Австралиядағы Фитцрой, Орд, Свон; Тасманиядағы Деруент пен Тамар; Жаңа Оңтүстік Уельстегі Хаукесбери жатады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жиі жауатын болғандықтан, Жаңа Зеландияда өзен саны өте көп. Ең ұзын өзенінің ұзындығы 425 шақырым. Бұл аралда, сондай- қ, Хука сарқырамасы бар
Өсімдіктері және жануарлары: Азияның көпшілік бөлігі Голарктикалық флоралық облысқа кіреді. Араб түбегінің оңтүстігі, Үндістан, Үндіқытай түбектері, Филиппин және Малай топаралы палеотропиктік облысқа жатады. Палеотропиктік флора мезозойдың соңғы кезеңінен бері бірқалыпты жылы климат жағдайында дамып келеді.
Өсімдігі алуан түрлі, құрамында реликтер мен эндемиктер көп. Солтүстік мұзды мұхит жағалауында арктикалық, мүкті-қыналы тундра тараған. Солтүстік Азияда орман өте кең алқапты қамтиды, оның көп жерін тайга (батысында шырша, майқарағай, самырсын,шығысында балқарағай менқарағай өседі) алып жатыр. Қиыр Шығыстың аралас және жалпақ жапырақты ормандары өсімдік түріне бай. Орман белдемінен оңтүстікке қарайорманды дала белдемдері (Батыс Сібірдің оңтүстігі, Солтүстік Моңғолия, Байкал сырты, Солтүстік-шығыс Қытай) өтеді. Орта және Орталық Азиядашөл өсімдігі басым. Тибет пен Памирдегі тау басын суық шөл алып жатады.
Жануарлары: Азия негізінен Голарктика облысының Палеоарктика бөліміне жатады. Жануарлары ендік белдемдер мен биіктік белдеулер жиынын құрайды. Тундрада жануарлардың түрі аз. Орман белдемінде
1.сүтқоректілерден: бұлан, бұлғын, қоңыр аю, сілеусін, тиін, борша тышқан, сасық күзен;
2.құстардан: саңырау құр, тоқылдақ, бұлдырық, шырша торғай, жапалақ, т.б. мекендейді.
Құрлықтың шығысы жануарлар түріне өте бай. Мұнда тайганың, жалпақ жапырақты орманның және субтропиктік аймақтың жануарлары өмір сүреді. Дала мен шөл жануарлары Кіші, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда, Солтүстік-батыс Үндістанда тараған. Әсіресе кемірушілердің түрі көп.
Саяси бөлінуі:
Жалауларымен бірге аймақтар мен территориялар аты Аумағы
(km²) Халық саны
(1 шілде 2002 est.)
Жұрт тығыздығы
(per km²) Астаналары
Орталық Азия:
Қазақстан[3]
2,346,927 16,972,893 5.7 Астана
Қырғызстан
198,500 4,822,166 24.3 Бішкек
Тәжікстан
143,100 6,719,567 47.0 Душанбе
Түрікменстан
488,100 4,688,963 9.6 Ашхабад
Өзбекстан
447,400 25,563,441 57.1 Ташкент
Шығыс Азия:
Қытай[4]
9,584,492 1,384,303,705 134.0 Бейжің
Гонконг[5]
1,092 7,303,334 6,688.0 Виктория-Сити
Жапония
377,835 126,974,628 336.1 Токио
Макао[6]
25 461,833 18,473.3 —
Моңғолия
1,565,000 2,694,432 1.7 Ұлан-Батыр
Солтүстік Корея
120,540 22,224,195 184.4 Пхеньян
Оңтүстік Корея
98,480 48,324,000 490.7 Сеул
Тайвань[7]
35,980 22,548,009 626.7 Тайпей
Солтүстік Африка:
Мысыр[8]
980,869 80,335,036 21.7 Каир
Солтүстік Азия:
Ресей[9]
13,115,200 139,129,729 3.0 Мәскеу
Оңтүстік-шығыс Азия:[10]
Бруней
5,770 350,898 60.8 Бандар Сери Бегауан
Камбоджия
181,040 12,775,324 70.6 Пномпен
Шығыс Тимор[11]
15,007 952,618 63.5 Дили
Индонезия[12]
1,419,588 227,026,560 159.9 Джакарта
Лаос
236,800 5,777,180 24.4 Vientiane
Малайзия
329,750 27,662,365 68.7 Куала Лумпур
Мьянма (Бирма)
678,500 42,238,224 62.3 Naypyidaw[13]
Филиппиндер
300,000 84,525,639 281.8 Манила
Сингапур
704 4,483,900 6,369.0 Сингапур
Таиланд
514,000 62,354,402 121.3 Бангкок
Вьетнам
331,690 87,375,000 246.1 Ханой
Оңтүстік Азия:
Ауғанстан
647,500 27,755,775 42.9 Кабул
Бангладеш
144,000 133,376,684 926.2 Дака
Бутан
47,000 672,425 14.3 Thimphu
Үндістан[14]
3,167,590 1,045,845,226 318.2 Нью Дели
Иран
1,648,195 70,472,846 42 Тегеран
Мальдивтер
300 320,165 1,067.2 Мале
Непал
140,800 25,873,917 183.8 Катманду
Пәкістан
803,940 147,663,429 183.7 Исламабад
Шри-Ланка
65,610 19,576,783 298.4 Коломбо
Оңтүстік-батыс Азия:
Армения[15]
29,800 3,330,099 111.7 Ереван
Әзірбайжан[16]
46,870 3,845,127 82.0 Баку
Бахрейн
665 656,397 987.1 Манама
Кипр[17]
9,250 775,927 83.9 Никосия
Газа[18]
363 1,203,591 3,315.7 Газа
Грузия[19]
20,460 2,032,004 99.3 Тбилиси
Ирак
437,072 24,001,816 54.9 Бағдад
Израиль
20,770 6,029,529 290.3 Құддыс[20]
Иордан
92,300 5,307,470 57.5 Амман
Кувейт
17,820 2,111,561 118.5 Кувейт
Ливия
10,452 3,677,780 353.6 Бейрут
Оман
212,460 2,713,462 12.8 Мускат
Катар
11,437 793,341 69.4 Доха
Сауд Арабиясы
1,960,582 23,513,330 12.0 Рияд
Сирия
185,180 17,155,814 92.6 Дамаск
Түркия[21]
756,768 67,308,928 76.5 Анкара
Біріккен Араб Әмірліктері
82,880 2,445,989 29.5 Абу Даби
Батыс жағалауы[18]
5,860 2,303,660 393.1 —
Сергіту сәті: тақтаға берілген адасқан әріптердің орнын табу керек.
1-топ
1. Сингапур
2. Ирак
3. Кувейт
4. Ливия
5. Сирия
6. Туркия
7. Армения
8. Израиль
2-топ
1. Грузия
2. Туркия
3. Непал
4. Ү ндістан
5. Ресей
6. Мысыр
7. Сирия
8. Катар
Жаңа сабақ бойыншы қорытындылау
1.Израиль, Ирак, Йемен, Кипр, Түркияның мемлекеттік қ ұ рылысы - Республика: Ия
2. Азия жеріні ң 25% - ын таулар алып жатыр: жо қ
3. Мон ғолияның ұлтты қ діні христиан: жо қ
4. Малайзия, Тайланд, Кувейт абсолюттік монархиялы қ елдер: ия
5. Азия жер шары хал қ ыны ң 60 % қ ұ райды: ия
6. Қытай жер к ө лемі бойынша 3 - ші орында: ия
7. Ү ндістанны ң а қ шасы юань: жо қ
8. Жапония шикізат пен отын ресурстарын бас қ а елдерден сатып алады: ия
Сабақ бекіту: с ұ ра қ тапсырмалар, карточкалар
Сабақты бағалау:
Үй тапсырмасы: Азия елдері баяндама дайындау
Қорытынды.
«Байқоңыр «Космос» колледжі» білім мекемесі нің
Жалпы пәндер оқытушысы А.С.Енсепова
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.