Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ғазиз Байтасов-ел үшін туған есіл ер -

Ғазиз Байтасов-ел үшін туған есіл ер

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5285 | Размер: | Автор: гость
. Жамбыл облысы Меркі ауданы
№20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бейсебаева Фарида Ілесбекқызы

Тақырыбы: Ғазиз Байтасов-ел үшін туған есіл ер
Мақсаты:
халық қаһарманы Ғ.Байтасов өмірі мен өнегелі ісін жас ұрпаққа насихаттау, елі үшін туған есіл ердің
ерлігін ұлықтау арқылы бейбіт өмірдің мәнін ұғындыру
Көрнекілігі: Ғ.Байтасовтың портреті, слайдтар, ерлік пен елдік туралы қанатты сөздер.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру.
ІІ Мұғалім сөзі:
-Бұл күні елді үрейге бөлеген жиһадшы М.К.Қариев қару-жарақ дүкендерінің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақыр соңында өзін-өзі жарып жіберді. Сол кезде жол полициясының взвод командирі, капитан Ғазиз Байтасов қылмыскерді өз денесімен жауып, ерлікпен қаза болды.
Естеріңізде болса, М.Қариев, ең бірінші, Мазда-626 көлігінің иесі Закировқа қарақшылық шабуыл жасап, қорқытып, көлігін тартып алады. Осыдан кейін қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, күзетші В.Федорченконы өлтіріп, Н.Е.Оразбасовты ауыр жарақаттады. Сосын жартылай автомат және «Сайга» қаруын иемденіп, тайып тұрды. Өзін аңдып жүрген екі полиция сержанты П.К.Аямқұлов пен Н.А.Бәйсейітовты өлтіріп, олардың табельдік қаруын алғаннан кейін Қариев өзінің тұрғылықты жеріне барып, РПГ-26 гранотометын алып шығады. Одан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті ғимаратының қабырғалары мен терезелеріне атады. Бұл жерде адам өлімі орын алмаса да, ғимарат біршама қирады. Ал сағат 12:45-тің шамасында Қариев полиция патрулінің екі қызметкерін жарақаттап қашады. Өз кезегінде жол полициясы қызметкерлері оны жаралап, қолға түсіруге ұмтылған кезде, Қариев гранатаны алып шығады да, іске қосады. Оны көрген капитан Г.Байтасов қылмыскерді өз денесімен жауып, ерлікпен қаза болды. Полиция сержанты С.С.Алашов болса, қатты жарақаттанды.
Бүгінде Тараздағы теракті кезінде қаза болған құқық қорғаушылардың құрметіне естелік тақталар орнатылды. Ал капитан Ғазиз Байтасовтың құрметіне бюст қойылып, қала көшелерінің бірі батырдың есімімен аталды. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен мәңгілік ұйқыда жатқан капитан Ғ.Байтасовқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
ІІІ Слайдпен жұмыс «Ғазиз Байтасов-ел үшін туған есіл ер»
1-оқушы:
- Ғазиз Байтасов 1971 жылы 3 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылында дүниеге келген. Атпал азамат көзі тірі болғанда 43 жасын ағайын-туыс, достарымен атап өтер еді. Көзі тірісінде өз ісіне деген адалдық, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан Ғазиз құзырлы орын саласында еңбек ете жүріп 28 рет марапатқа ұсынылыпты. Күні-түні таңдаған кәсібінің ауыртпалығын аса ұқыптылықпен сезініп, отбасы мен бауырларына деген қамқорлығын әсте еш төмендетпеген Ғазиздің азаматтық тұлғасы бүгінгі ұрпаққа ұлағат.
2-оқушы:
-«Өткен күндер-сағыныш». Асыл жары Гүлжамал Маханбетқызы Тәжиеваның естелігінен:
«Ғазиз екеуміз 1993 жылы мен Тараз қаласындағы Зауыт аудандық ішкі істер бөлімінде іс жүргізуші болып еңбек етіп жүрген кезімізде таныстық. Өзі ашық-жарқын, келбеті де келіскен сұңғақ жігіттің менде ойы бар екендігін әуелден-ақ сезген едім. Тиянақты, жинақы жүретін. Ғазиз ол кезде конвой болып жұмыс істейтін. Үш жылдан аса жүрдік. Шындығында ол бір жігіт пен қыздың сыр айтып, көкейіндегі арман-мұраттардың сайрап тұрған кезі екен-ау. Ғазиз бір істі бастамас бұрын алдына үлкен мақсат қоятын. Сондай мақсатының бірі - ертерек қолына диплом алу болатын. Менің де мақсатым осы.Әкем Маханбет талай жыл ішкі істер саласында жол полициясында еңбек еткен азамат. Сол кісіге берген уәдемнің бірі - "қолыма дипломымды алмай, тұрмыс құрмаймын" деген болатынмын. Сөйтіп, үш жыл қол ұстасып жүріп, 1997 жылы қолымызға дипломымызды алған соң, шаңырақ көтердік. Ол мені күтті. Мен оны сөзінде тұратын жігіт ретінде бағаладым.Тұңғышымыз - Арманжан біз тұрмыс құрған соң, үш жылдан кейін өмірге келді. Одан кейін араға сегіз жыл салып Әділжан келді өмірге. Ғазиз үнемі менің қас-қабағыма қарап, денсаулығымды бақылап жүруімді қатаң қадағалайтын. Ғазиз көзі тірісінде менің төлқұжаттағы есімім - Гүлжамал болғанымен, Гүлжан деп еркелетіп кетті.Өзі кейде айтып отыратын "Менің үш жаным бар. Ол - Гүлжан, ол - Арманжан, ол - Әділжан" деп. Балаларын ерекше жақсы көрді.Ерекше бауырмал еді. Ғазиз азамат болып өскен кезде, әкесі қайтыс болып, барлық ауыртпалық мойынында қалды. Өзінен кейінгі үш қарындасына әке орнына әке болды. Әкесі қайтыс болған кезде, үлкен қарындасы 16 жаста, ал кіші қарындасы он жаста қалған еді. Ғазиз солардың барлығына білім алуына қол ұшын беріп, тіпті, қолынан ұзатты десем де болады.Анасы Гүлзат әжеге деген ықыласы де ерекше болды. Кейін анасын Түймекенттен Тараз қаласына көшіріп алдық. Жалпы, Ғазиз азамат ретінде көпшіл болатын. Қызметіндегі әріптестерінің ортасында сыйлы болса, сыныптас достарының ортасында да беделді еді. Ешкімді бөле-жармай барлығымен аралас-құралас болып тұратынбыз.Ғазиз өмірден кеткеннен кейін де достары үнемі хабарласып, хал-жағдай сұрасып тұрады. Мұның барлығы Ғазиздің орны олар үшін ерекше екендігінің дәлелі болар.Ғазиз өз жұмысының қаншалықты жауапты екендігін жан-тәнімен түсінді. Ол үшін отбасы мен қызметі қатар болды десем, артық айтпағаным шығар. Тіпті, кей түндері басына ұялы телефондары мен рациясын жастанып жататын. Демалыс күндері де жұмысына алаңдап тұратын. Оның тағы бір қасиеті әріптестері мен достарының арасындағы алтын көпір болатын. Онымен достары сырласатын. Өткен жылы мерт боларының алдында, бір ай бұрын Ғазиз Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың дос туралы жазған әнін естіп, ұялы телефонына жазып алып, үнемі тыңдап жүрді. Достарына деген адалдығы оның қадірін арттырмаса, еш кеміткен жоқ. Әлі күнге достары аяулы күндердің естелігін жыр қып айтады. Жаныңда ер-азаматыңның жоқтығы өкінішті. Тағдырдың дегеніне көнеміз. Балалары да бар жағдайды жүрегімен сезінетін секілді. Әкелерінің қасиеті бойларына сіңген, менің қас-қабағыма алаңдайды. Буындары бекімесе де сүйеу болғысы келеді.
Өткен жылы Ғазизға "Халық Қаһарманы" берілген кезде, үлкен ұлым Арманжан екеуміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болдық. Жүрек толқыды, көңіл тербелді. Нұрсұлтан Әбішұлы Арманжанымның басынан сипап, "Үлкен азамат бол!" деп аталық ақ батасын берді. Елі ұлының ерлігін ұлықтап жатқанда ұлдарым жақсы азамат болып өсуі тиіс. Оған өзім де мүдделімін. Ғазиздің бауырлары, анасы, туған елі "Батырдың ұлдары" деп еркелетеді құлындарымды. Осылар аман болсын, елімізде тыныштық болсын. Зұлматты күндер болмасыншы бейбіт елімізде. Қайғымызға ортақтасып, жағдайымызды жасап отырған ел азаматтарына алғысымыздан басқа айтарымыз жоқ.»
3-оқушы:
-Ардагер ұстаз Бозай Оразалының естелігінен:
"Ғазиз мектепте жақсы оқыды. Қоғамдық шаралардың басында жүретін. Спортқа да жақын еді. Тіпті, сыныптастарының ортасында оқ бойы озып тұратын оның аздап домбырамен ән салатын өнері де бар болатын. Кейін мектептен түлеп ұшқан ол, сыныптастарымен үнемі келіп, қолынан келгенше өзі оқыған мектебіне көмек көрсетіп отыратын.Ғазиз Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың ерлігін қайталады. Өйткені Ақәділ Суханбаев осы мектепте жоғары сыныпта оқыған болатын. Мұндай ерлік ертеңгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс"
4-оқушы:
- Жұрт тынышын қашырып, жеті адамның өмірін қиған тараздық лаңкестінің қарекетіне биыл үшінші жыл. Жарылғыш затты іске қоспаққа әрекеттенген қылмыскер Мақсат Қариевті құшақтай құлаған полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі болмағанда, кім білсін, қару кезінген қарақшының қолынан қаза болғандар саны мұнан да көп болар ма еді?..
5-оқушы:
-Түймекент мектебінің партасында Ғазиз нәбәрі төрт жыл ғана отырыпты. Бастауышты бітірісімен отбасымен облыс орталығы Тараз қаласына қоныс аударып кеткен екен. Бірақ, көзсіз ерлік жасаған шәкірттің есімі білім ордасында мәңгі қалмақ. Өйткені Түймекент орта мектебі бүгінде Ғазиз Байтасовтың есімімен аталады.
6-оқушы: Ғазиз Байтасов оқыған білім ордасында жыл сайын оны еске алу шарасы өтеді. Үлгілі оқушының жетістігін айтып ұстаздары сыр шертсе, оқушылар лаңкестің арам ойының іске асуына тосқауыл болған ағасына жыр-шумақтарын арнады.
-Білмедің,Тараз жақта не болғанын,
Естілді суық хабар қарғыс атқан.
Халқының амандығын сақтау үшін
Ерлікпен Ғазиз ағам қаза тапқан.

ІІІ Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз-адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi.Қазақ халқы қашанда бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен. Ержүрек адамды елі мақтаныш етедi. Ғазиз Байтасов-ел үшін туған есіл ер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.