.
.
Білім саласы:Қатынас Бұл қай кезде болады?
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5373 | Размер: | Автор: гостьБілім бөлімі:көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бұл қай кезде болады?»
Мақсаты:
а)Жылдың төрт мезгіліндегі құбылысты салыстыру ж/е айыра білу.
ә)Ойын арқылы жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту.
б)Табиғатты қорғауға үйрету.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Ұйымдастыруш.
ізденістік
Рефлексиялық-
түзетушілік
Шаттық шеңбері
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал кәнекей балалар
Сәлемдесіп алайық.
-Балалар,жылдың неше мезгілі бар?
-Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем айларын атайықшы.
-Ал,балалар,мен сендерге «Бұл қай кезде болады?»деген өлең-жұмбақты оқимын,сендер мазмұнын мұқият тыңдап,жауабын табыңдар.
1.Қар-мұз еріп,
Су көбейіп,бүршік шашып,
Жапырақ ашып,бәйшешектер басады.
Бұл қай кезде болады?
2.Күннің көзі шуақты
Балалар жүр шомылып,
Көбелек қуып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
3.Жапырақ сарғаяды,күн суытады
Құстар жылы жаққа ұшады
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
4.Шана зырғып желетін,шаңғы ,коньки тебетін
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Ой шақыру әдісі.
Көктем мезгілі бейнеленген сурет.
-Балалар,мына суретке қарайықшы,көктем мезгілі ғажайып бір ертегі сияқты.Ал, ертегі қиялдан туған әңгіме.
Балаларға ертегі айтып беру.Ертегінің аты «Ағайындылар»деп аталады.
Ертегінің мазмұнын айтып беру.
Сергіту сәті
Ал балалар келіңдер
Бой жазайық бәріміз
Мойнымызды бұрамыз
Қолымызды созамыз
Топ-топ басып аяқпен
Орнымызға барамыз
Серігіп алып,ойын ұйымдастыру.Ойынның аты: «Табиғатты әсемдейік»
Шарты:тірі табиғат пен өлі табиғат түрлерін жапсырып,тілектерін айтады.
Ғажайып сәт.
Музыкамен топқа Табиғат ана кіреді.
Мен Табиғат анамын!
Жайдары жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге
Оған достым таң қалма!
Балалар амандасады:
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз.
-Табиғат ана біздің топқа қош келдің
Табиғат ана:балалар,мен төрт жыл мезгіл сайын өзгеріп отырамын.Ал сендер төрт жыл мезгілі туралы тақпақ білесіңде ме?
-Әрине,Табиғат ана біздің балалар тақпақтар біледі.
Кәне Гүлбақыт айта қойшы.
1.Көктем келді,құс келді
Ойнаймыз біз саз илеп,
Біздің жапққа құс келді
Былтыр кеткен қаз үйрек.
Нұрай:Жазды күні шілдеде
Жеміс пісіп толады
Алуан түсті гүлдерге
Көбелектер қонады.
Жансая:Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады,қатады
Жып-жылтыр боп жатады.
Әмина:Келістіріп бар сәнін
Берген өзің табиғат
Жомарт көңіл,жарқын күз
Сары алтынға малынған
Мадияр:Если солнце печет,
Тает снег,ручей течет
И грачи на горе,
Значит,март на дворе.
Табиғат ана:Жарайсыңдар,балалар.Менің сендерге бір тапсырмам бар.Әр жыл мезгілінің жанына қатысты суреттерді қоюларың қажет.
Балалар тапсырманы орындайды.
Табиғат ана:Жарайсыңдар балалар өте білімді,ақылды екнсіңдер.
-Балалар,енді біз Табиғат анаға қолымыздан
не келетінін жасап көрсетейік.Ол үшін топтарға бөлінейік.
1-ші топ «бақ-бақ гүлін құрастырады»
2-ші топ «аққала»жапсырады
3-ші топ «алма ағашын»салады
4-ші топ «күзгі жапырақтарды »бояйды
Табиғат ана балалардың жұмысын бағалайды.
-Балалар, мен сендермен қоштасамын.Өнерлі,ақылды екенсіңдер.Сау болыңдар.
-Балалар,ойын ойнағыларың келе ме?Ал,олай болса ойнайық.
Ойынның аты: «Кім тапқыр?»
Ойынның шарты:Мен мына допты лақтырып сұрақ қоямын,сендер допты қайта лақтырып жауап қайтарасыңдар.
1Қанша жыл мезгілі бар?
2.Қазір жылдың қай мезгілі?
3.Көктемде жерге әдемі болып не шығады?
4.Гүлдер орыс тілінде қайтып айтамыз?
5.Күзде жапырақтар қандай түске өзгереді?
6.Қыс мезгілін орыс тілінде қалай айтамыз?
Балалар ойынды жақсы ойнадыңдар,жарайсыңдар.
Кәне барлығымыз ортаға жиналайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң қонақтар.
-Төрт жыл мезгілі
-Көктем мезгілі
-Наурыз,сәуір,мамыр
Көктемде
Жаз
Күзде
Қыс
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
Балалар өлең жолдарына қарай қимылдар жасайды.
Ойынды қызыға ойнайды.
Балалар сәлемдеседі.
Балалар төрт
жыл мезгіліне байланысты тақпақтар айтады.
Балалар тапсырманы орындайды.Әр жыл мезгілігің тұсына қажетті суреттерді орналастырады.
1-ші топ қағазды умаждау әдісі арқылы бақ-бақ гүлін құрастырады.
2-ші топ аққаланың суретін жапсырады.
3-ші топ баспа әдісі арқылы алма ағашының суретін салады.
4-ші топ күзгі жапырақтарды бояйды.
-Төрт жыл мезгілі бар.
- Қазір көктем мезгілі.
- Көктемде гүлдер шығады.
- Гүлдер орыс тілінде «цветы» деп айтамыз.
- Күзде жапырақтар сары түске боялады.
- Қыс мезгілін орыс тілінде «зима» деп айтамыз.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар
қонақтармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Төрт жыл мезгіліндегі құбылыстарды салыстыруды.
Игереді:Ойын арқылы жыл мезгілдері туралы түсініктерді.
Меңгереді:Табиғатты қорғай білуді.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Отырар ауданы
«Бөбек»балалабақшасы
(Ашық ұйымдатырылған оқу іс-әрекеті)
Дайындаған:тәрбиеші Сапар Гүлфайруз Абдіқұлқызы
«Аққу» ортаңғы тобы
Ш.Қалдаяқов ауылы
2014 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.