.
.
Сабақ «Өзін-өзі тану» Бұл әлем қандай тамаша!
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2102 | Размер: | Автор: гостьТақырыбы: «Бұл әлем қандай тамаша!»
Мақсаты: Балалардың бойында адамның жағымды қасиеттері туралы ұғымды қалыптастыру,өз қуанышын бөлісе білуге дағдыландыру.Табиғаттың сұлулығын,әдемілігін көріп,сезіне білуге баулу.Өз елін,жерін сыйлау,мақтаныш ете білуге баулу.Қазақстанның рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:
1.Табиғат кестесі.
2.Глобус схемасы.
3.Түрлі-түсті қағаз,желім.
4.Қылқалам.
5.Сергіту сәтінің суреттері,қалпақ.
6. «Ақылды қыздар», «Ақылды ұлдар»
7.Түрлі-түсті ленталар.
Сабақ өту құрылымы:
Балалар шеңбермен тұрады.
1-бала:Тақпақ
Балабақша туған үйің секілді,
Балаларға толы іші қашанда.
Бәріміз де-сенде,менде,басқада,
Қалаймыз бір отбасы болуды!
Балалар хормен:
Бар елде,әлемде тыныштық! (қолдарын екі жаққа созады)
Менде,сенде тыныштық! (қолдарын алдыға созады)
Бар елде,әлемде тыныштық! (шапалақ)
Бар елде,әлемде тыныштық! (шапалақ)
Бақшада да туыстық! (бірін-бірі құшақтайды)
2-бала:
Қуанамыз,ойнаймыз,
Сенде,менде біргеміз.
Аясында достықтың
Қайырлы таң деп атаймыз.
Балалар орындыққа отырады.
Тәрбиеші: Балалар,біз,бүгін сендермен «Өзін-өзі тану әлеміне» саяхатқа шығамыз. «Өзін-өзі тану» сөзін біз сендермен сыбырлап,ақырын,буынға бөліп,тез,қатты және әндетіп айтып көрейікші,барлығы естісін.
Айтылуы:
Ақырын: өзін-өзі тану.
Сыбырлап: өзін-өзі тану.
Буынға бөліп: өз-ін-өзі та-ну.
Тез: өзін-өзі тану.
Қатты: өзін-өзі тану.
Әндетіп: өзін-өзі тану.
Тәрбиеші: «өзін-өзі тану» бізге бір-бірімізді жақсы тани білуге, жақсы көруге,достарыңды,туысқандарыңды,Отанды сүюге үйренеміз.Өзін-өзі тану әлеміне саяхатқа «Шұғыла қыз» шақырады.
Шұғыла қыз: Мен сендердің мейірімді,ұқыпты,білімді,бақытты болып өскендеріңді қалаймын.Сендермен «Ақылды қыздар» мен «Ақылды ұлдар» ойынын ойнауға шақырамын.
Ойын: Музыка ойнайды.
Балалар көңілді әнмен шеңбер құрып айналып жүреді. «Тоқта» деген белгі берілгенде балалар тоқтайды.Ал,Шұғыла қыз
«Ақылды қыз» қалпағын қызға, «Ақылды ұл» қалпағын ұлға кигізеді.
Балаларға сұрақ:
1.Біздің Отанымыз қалай аталады?
2.Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?
3.Біздің президентіміз қалай аталады?
4.Қай тілде сөйлейміз?
5.Қ.Р.рәміздерін ата.
Тәрбиеші: Балалар сендер кішкентай болғанда,алғаш тілдерің шығып айтқан сөздерің «Ана» ал,жазу жазып әріп танығанда үйренген сөз ол «Отан» деп таныдыңдар. (Балалар Отан сөзін картаға жазады.)
Тәрбиеші: Отан біздің сүйіп өскен жеріміз.
Балалардың тақпағы:
Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді бағалап.
Өйткені Отан баласындай,
Бізді өсірер аялап.
Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Отан- деген атам екен,
Отан-деген туған жер,
Отан-ана,
Отан-үлкен,
Қазақстан- туған ел.
Отан-жерім,Отан-суым,
Отан қуат,нәр береді.
Отан-ұран,Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Тәрбиеші: Біз Отанымызды мақтан етеміз.Біз сонда туып өскенбіз, табиғаттың әсемдігіне,сұлулығына таңырқаймыз.
Қазақстан Республикасының әнұранын орындайды.
Тәрбиеші: Табиғат деген қандай мағыны береді?
Табиғат ол аспан,жер,ай,күн,жұлдыздар,бұлттар,таулар,теңіздер,
су,өзендер,жануарлар және өсімдіктер.
Тірі табиғат: өсімдіктер мен жануарлар,олар демалады,өседі,көбейеді.
Өлі табиғат: жер,күн,ай,тас,су,жұлдыздар,ауа жатады.
Шұғыла қыз: Табиғатқа қалай қамқорлық жасау керек?
Балалар: аялау керек,күту керек.
Балалар суретпен шығыды,көрсетеді.
1-бала: Серуенге шыққан кезде құстың ұясын бұзба.
2-бала: Орманға барғанда көбелектер ұстауға болмайды.
3-бала:Ағаштарды кесуге болмайды.
4-бала:Орманға барғанда от жағуға болмайды.
5-бала:Құмырсқаның илеуін бұзба.
6-бала:Суды ластауға болмайды.
Тәрбиеші: «Пантомимо» ойынын ойнайық. Мен сендерге айтып тұрам.Қол қимылымен көрсетесіңдер.
1.Гүлдер ашылды.
2.Аралар бал жинады.
3.Талдар қозғалды.
4.Бұлттың арасынан күн шықты.
5.Шегірткелер секірді.
Тәрбиеші: Ойын ұсынамын.Аты «Мейірімді сөздер» айтамын.
Балалар екі командаға бөлінеді.Бір-біріне қарама-қарсы тұрады.Бір адым жүріп жылы сөздер айтады.
Тәрбиеші: Балалар сендерге жылы сөз айтқан ұнайма?
Шұғыла қыз: Балалар менде түрлі-түсті ленталар салынған себет бар.Одан біз кемпірқосақ жасайық.Барлығын лентаның ұштарынан ұстап,достық көпірін көрсетейік.Бірге айтамыз.
Балалар хормен:
Күн сені жақсы көремін,
Күн мен сенен өтінемін.
Бейбітшілік,достық,жылулық,
Бақытпенен мейірімділік.
Шұғыла қыз: Менде тағы бір тапсырма бар. Айтыңдаршы,бейбітшілік құсы қалай аталады?
Жауабы: Көгершін
Балалар: Бейбітшілік құсы. «Біздің әлемде» атты жапсыру тапсырмасын орындаймыз.Жер шарына жасалған тапсырмаларын жапсырамыз. «Гүлдер». Соңында жұмыстарын глобустың жан-жағына жапсырады.
Балалар хормен:
Мир,мир,мир везде,
Мир в тебе и мир во мне.
Мир в нашем доме,
Мир на планете,
Мира желаем и взрослым и детям!
Қорытынды:
Бүгін тамаша күн,біздің көңіл күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізге не сыйладық? Қандай ойын ойнадық?Нені білдік?
Сабақ «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»
Тақырыбы: Бауырсақ ертегісінің желісі бойынша
8 санын қайталау.
Мақсаты: Сан мен цифрдың байланысын анықтауды бекіту.8 санының құрамын анықтау,қосу,алу амалдарына есептер шығарту;геометриялық пішіндер жайлы білімдерін және кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру;Ертегі желісі арқылы сабаққа қызығушылығын тудыра отырып,тіл байлығын байыту;тез ойлауға және тез шешім қабылдауға тәрбиелеу;
Шаттық шеңбері: Қайырлы таң,балалар!Сәлеметсіздер ме,қонақтар?Шеңберге тұрып ойын ойнайық:
Тәрбиеші: Кімдер оң жақта,соған күлімсірейік,
Кімдер сол жақта,соған күлімсірейік,
Кімдер оң жақта,соған көзімізді қысайық.
Кімдер сол жақта,соған көзімізді қысайық.
Кімдер ортада,соларды құшақтайық.
Ойын ойнап бой сергіттік,енді орнымызға отырып, қарапайым математикалық оқу іс-әрекетіне дайындалайық.Бәріңе сәттілік тілеймін!Балалар бізге бір құс ұшып келді.Бұл құсты білесіңдер ме?Қарға бүгін бізге хат алып келіпті. Тәрбиеші хатты оқиды.Апамнан да қаштым,атамнанда қаштым ыңғайсыз жағдайға тап болдым.Көмектесіңдер! Бұл хатты кім жазды екен?Балалардың жауабы: Бауырсақ.Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе? Көмектесеміз.Онда жолға шығайық.
Тапсырмалар орындау.
-Мына қарда бір аңның ізі жатыр,қанша аяқ бар екен?
-4
-Тағы аяқ іздері жатыр санайық
-4
Барлығы бірге 4+4=8
Cегіз санын көрсету.
-Өте жақсы.
-Бұл қай аңның ізі екен?
-Қоян (қоянның өзі шығады)
Тәрбиеші:
-Сәлеметсің бе,қоян! Біздің бауырсақ досымызды көрдің бе?
Тәрбиеші қоянның құлағына сыбырлап,бір нәрсе айтады.
-Қоян маған көмектессеңдер,мен сендерге көмектесем дейді.Көмектесеміз бе?
-Көмектесеміз.
Қоянның жанұясы үлкен екен.8 көжек бар екен.Себеттегі сәбіздер көжектеріне жетеме білмей тұр екен?Санап көрейікші,сәбізді санайды.Жеті сәбіз.Қоянның көжегі қанша?Қоянның көжегі 8.Сәбіз жете ме? 7+1=8Алдарындағы көк түсті жолақшаға 8 сәбіз қоямыз.
Сан қатары тура және кері санау.Қоян рахметін айтып,бауырсақтың қасқырға кеткенін айтады.
Қасқырдың тапсырмасы: Карточкамен жұмыс.+,-,есептер шығару.
Сергіту сәті: Қобыз.
Қасқыр бауырсақтың аюға кеткенін айтады.
Аюдың тапсырмасы: Аю пимасын жамап беруін сұрайды.
Геометриялық пішіндерді қойып,түсін,пішінін айтқызу.
Аю бауырсақтың түлкіге кеткенін айтады.
Түлкінің тапсырмасы: Көп,аз салыстыру.
Түлкі: -Мен сендерге бауырсақты бермеймін,орман қараңғы сендерді көрмейді,-дейді.Онда балалар біз орнымызға отырып,көп күн салайық.Балалар манкадан күн жасайды.Үлкен күн ілінеді,бауырсақ терезені ашып қарайды.Балалар қол шапалақтап қуанады.Сабақты қорытындылау.
Бауырсаққа қандай жолмен жеттік сұрақтар қойып сұрау.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Бауырсақ ертегісі. (Қуыршақ театры арқылы көрсету)
Мақсаты: Балалардың әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету;
Сабақ барысы: Ертегі әуенімен балалар топқа кіреді.
Шеңберге тұрып,шаттық шеңбер айтады.
Амансың ба,алтын күн,
Амансың ба,көк аспан.
Амансың ба,достарым
Сендерді көрмесем сағынам.
Ертегілер еліне саяхат.
Ғажайып сәт: Қоян ертегі суреттерін әкеледі. Алдынғы сабақтарда өткен ертегілерді суреттерді көрсете отырып сұрау.Қай ертегі екенін,қандай кейіпкер екенін сұрау. Шалқан ертегісі,шұбар тауық,үш аю,Маша мен аю.
Балаларға сурет көрсетіп,жаңа ертегімен таныстыру.
Тәрбиеші ертегі мазмұнын қуыршақ театры арқылы түсіндіреді.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ,сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден
Ытқып-ытқып секірді.
Ертегіні қайталап сұрау.
Сұрақтар қою.
1.Бауырсақты кім пысырды?
2.Бірінші кімді көреді?
3.Аю
4.Қасқыр
5.Түлкі
Рет-ретімен айтып шығады.
Ормандағы аңдардың бәріне жететіндей бауырсақ дайындап берейік.Балалар орындарынан тұрып,тұзды қамырдан бауырсақ жасайды.Балалардың саусақ маторикасын жетілдіру.Алақандарына салып домалату арқылы бауырсақ жасату.
Техника қауіпсіздік ережелерін айту.
Дайын бауырсақты қояннан орман жануарларына беріп жібереді.
Сабақты қорыту.Жақсы қатысқан балаларды мақтау,мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.