Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бүлдіршін  сері -

Бүлдіршін сері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1264 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,Жосалы кенті
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Тәжібаева Гүлнұр
Күні: 27.10.2015ж
Тақырыбы: «Бүлдіршін сері»
Мақсаты: Жас ұрпақты ата-дәстүрді құрметтеу ге, өнерлі, білімді, батыл да епті, елін сүйетін саналы азамат болуға тәрбиелеу.
Ой-өрісін,танымдық,шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Жауапкершілікке, тілалғыштыққа, еңбексүйгіштікке, білімділікке баулу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, сұрақтар жазылған парақшалар
Формасы: байқау
Әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
А) Психологиялық даярлық
2.Кіріспе бөлім
-Армысыздар,жиналған барша қауым
Салт-дәстүрсіз халықтың мәні болмас
Ортамыздан талпынып қанат қақты
Өнер сүйер ұландар өрімдей жас
Келешек қой осылар барға шүкір
Алдарыңда ақ қанат арманы тұр
Жүректері лүпілдеп тебіреніп
Сахнаға алғаш рет шыққалы тұр.
3. Негізгі бөлім
-Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертең-ақ азамат болғалы тұр
Өнерпаз ұландарды қошеметтеп
Келген қауым қол соғып қолда бүгін-дей отырып, «Бүлдіршін сері» байқауына бағы мен бабы,білімі мен өнері келіскен бүлдіршін серілерімізді ортаға шақырайық.
Қатысушы 7 ер бала
Байқаудың шарттарымен таныстыру
1-Текті білу тегін емес( таныстыру)
2- Білім қымбат, білу қиын ( білім сайысы)
3- Жігіттің көркі- өнер ( өз өнерлерін көрсету)
4- Күш атасын танымас ( білек сынасу)
5-Батамен ел көгерер (бата айту)
6. « Поэзия минуты» ( мәнерлеп оқу)
Әділ—қазылар алқасымен таныстыру.
2-кезең сұрақтары
1. Жеті атаны ата(өз жеті атаңды атап шық)
2. Еңбек туралы мақал-мәтел
3. Қазақтың белгілі үш биін ата
4. Отан туралы мақал –мәтел
5. Ел басы деп кімді айтамыз? Еліміздің тұңғыш президенті кім?
6. Оқу-білім туралы мақал-мәтел
7. Қазақта тұңғыш рет ғарышқа ұшқан кім?
8. Өнер , тіл туралы мақал-мәтел
9. Тіл мерекесі қай күн? Мемлекеттік тілді ата.
10. Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтел
11. «Абай жолы» романын жазған жазушы кім?
12. Отбасы, ата-ана туралы мақал-мәтел.
13. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқып бер.
14. Адамгершілік, әдептілікке байланысты мақал-мәтел.

Бекіту. Қазылар алқасының шешімін тыңдау.
Қорытындылау. Жеңімпаздарды марапаттау.

А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Төрт түлік»
Сыныбы: 2 «Б»
Өткізген:Тәжібаева Гүлнұр

2013-2014 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.