.
.
Алматы облысы Бөлшектердің қосындысы мен айырмасы.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1568 | Размер: | Автор: гостьЕңбекші қазақ ауданы
Алға ауылы
Алға орта мектебінің
математика пән мұғалімі
Қайсаев А.А.
7-сынып
Сабақ тақырыбы: Бөлшектердің қосындысы мен айырмасы.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға бөлшектердің қосындысы мен айырмасы тақырыбы бойынша түсінік беру және есеп шығарту;
2.оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға,өз ойын жүйелеуге, ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру және оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздықтарын дамыту;
3.оқушыларды ұқыптылыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
№495 б
ІІІ. Оқушылардың білімін тексеру:
А) Бүтін өрнек деп неге айтылады?
Б) Рационал өрнек деген не?
ІV.Жаңа сабақ:
- Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосқанда, олардың алымдары қосылып, бөлімдері өзгеріссіз қалатынын жақсы білеміз:
2/7+3/7=2+3/7=5/7
Бөлімдері бірдей рационал бөлшектер де осы сияқты қосылады.
а/с+b/с = а+b/с
Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу үшін олардың алымдарын қосып,бөлімін өзгеріссіз қалдыру керек.
Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді азайту бірінші бөлшектің алымынан екінші бөлшектің алымын азайтып, бөлімін өзгеріссіз қалдыру керек.
1 мысал: 3а -7b/15а және 2а+2b/15 аb бөлшек өрнектерін қосайық.
Шешуі:
3а-7b/15аb+2а+2b/15аb=3а-7b+2а+2b/15аb=5а-5b/15аb=5(а-b)/15аb=а-b/3аb
V.Жаңа сабақ бойынша білімдерін тексеру:
а2+9/5а-15 және 6а/5а-15 бөлшегін азайту керек.
Шешуі: а2+9/5а-15 - 6а/5а-15=а29-6а/5а-15=(а-3)2/5(а-3)=а-3/5
Бөлімдері әртүрлі рационал бөлшектерді қосу үшін оларды ортақ бөлімге келтіріп,сонан соң бөлімдері бірдей бөлшектер сияқты қосады.
а/b+с/d=аb+bс/bd
х/4а2+5/6аb4=х*3b3/4а3b*3b3+5*2а2/6аb42а2= 3хb3/12а3b4+10а2/12а3b4 = =3хb3+10а2/12а2b4
VІ.Жаңа тақырыпты бекіту:
511-517 есептерді тақтада шығарту.
VІІ.Сабақты қорытындылау.
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосқанда нелері өзгеріссіз қалады?
Бөлімдері бірдей рационал бөлшектер ше?
VІІІ. Үйге тапсырма:
514 есеп
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.