.
.
Астана қаласы Бұлт.Жауын-шашын.Суды қорғау.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2048 | Размер: | Автор: гость№48 мектеп - лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі
КИГАЙ АРМАНГУЛ
Пән: дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұлт.Жауын-шашын.Суды қорғау.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың бұлт,жауын-шашын және оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру;бұлттың түзілу себептері ,жауын-шашынның пайда болуы туралы білімдерін шыңдау.
2.Ойлау,есте сақтау,қайта жаңғырту,талдау,қорытындылау,нақтылау қасиеттерін,қабілеттерін дамыту.
3.Табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Жоспарланатын нәтижелер:
пәндік нәтижелер: судың қасиеті;бұлт , тұман, жауын-шашынның пайда болуын; суды қорғаудағы адамның әрекетін білу:денелер және заттардың қасиеттерін анықтайтын тәжірибелер жасау;
тұлғалық нәтижелер:қоршаған ортаны сақтауға және оны қорғауға,оған қамқорлық жасауға ұмтылысынан ;
жүйелі – әрекеттік нәтижелер:қоршаған ортаны бақылаужәне талдау,өздік қорытынды шығара білу білігінен көрініс табуы тиіс
Жұмыс түрі: мәтінмен жұмыс,топтық жұмыс,қонақ немесе мұғалімнің әңгімесі.
Қажетті көрнекі құралдар: оқулық, дәптер ,бұлт пен жауын шашынның суреттері/фотолары
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Өзекті сұрақ:Ауа райын қалай болжайды?
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ Білімді белсендіру.
- «Табиғаттағы су» тақырыбын оқуды жалғастырамыз..
ІІІ Сабақтың мақсаты мен міндеті
- Біз бүгінгі сабақта бұлт,жауын-шашын туралы оқи отырып,мәтіннің негізгі ойын табамыз және қөзқарастарымызды өз сөзімізбен айтамыз.
ІV.Жаңа материалды оқу.
1.Мәтінмен жұмыс.Мәтінді мәнерлеп оқы (метеорологиялық стансыларға дейін).
Ең негізгі,қажетті мәліметтерді өз сөзіңмен дәптерге жаз.
2.Жұптық жұмыс (3 адам).Оқушылар бір-бірімен ең негізгі деп санаған мәліметермен бөліседі,сұрақтар қояды,қажет болған жағдайда өз жазбаларын толықтырады.
3.Өзін-өзі тексеру.Мұғалім тақырып бойынша сұрақтарды жазады.Оқушылар оқиды және сол сұрақққа жауап бере алатындығын тексереді.Сұрақтарға жауап беру қиындық туғызса,сыныптастарымен ақылдасады немесе оқулықтан жауаптарын іздейді.
Өзекті сұрақ:Ауа райын қалай болжайды?
4.Шақырылған қонақтың әңгімесі.(Метеорологтер,география пәнінің мұғалімі).Олар метерологиялық стансылар жұмысы мен ауа райы болжамы туралы әңгімелейді.
V.Білімді бекіту
«Ойлан тап» ойыны.Қорап немесе қапшық ішіне жауын-шашын мен бұлттардың фотосы салынған.
Оқушылар көмектесіп карточкаларды алады да,салынған фотоны суреттейді.Бірақ жауын-шашын мен бұлттардың атын атамайды.Оқушылардың міндеті- оларды табу.
VІ.Сабақты қорыту.
VІІ.Рефлексия.
1. Мен білдім......
2. Мен түсіндім...
3. Мен үйрендім ....
4. Мен таңғалдым...
5. Мен білгім келеді....
VІІ . Үйге тапсырма беру.
Ауа температурасын табу.
Бағалау , мадақтау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.