Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Б.Момышұлы. Ұшқан ұя -

Б.Момышұлы. Ұшқан ұя

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3492 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы
Қуағаш орта жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Аманшиева Элеонора Сериковна.
Сыныбы 4 Күні: 18.11.2014ж пәні:әдебиеттік оқу
Тақырыбы
Б.Момышұлы. Ұшқан ұя

Мақсаты
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесін үйрету.
Күтілетін нәтиже А) Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесін біледі;
В) Б.Момышұлы туралы білімдерін толықтырады;
С) Б.Момышұлы өміріне өзіндік баға береді, салыстырады.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар Әдебиеттік оқу оқулығы, стекер, флипчарт, маркер, видеоподкаст, «Бауыржан батыр» бейнефильмі, жапырақтар, «Мен қазақпын» бейне көрсетілім сергіту сәтіне.
Сабақтың барысы Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе



3
мин

1.Оқушылармен амандасу.
2.Тұлғааралық байланысты орнату.

Мұғалім: әрбір адам
Оқушы: туысым, досым, жұрағат
Мұғалім: әрбір сабақ
Оқушы: үйрену, ұғу, ұлағат
Мұғалім:әрбір ісің
Оқушы: тірлік, тірек, адамдық
Мүғалім: әрбір сөзің
Оқушы: шындық, бірлік, адалдық.

Сыныпты үш топқа бөлу.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Ендеше сол жапырақтардың ұнаған түстерін таңдап алып, түстер бойынша үш топқа бөлінеміз.
Бағалау парақшаларын үлестіру. -Мұғаліммен амандасады

Мұғалім мен оқушы кезекпен – кезек айтады.

- Күз
- Жапырақтар сарғаяды.
- Күн салқындайды.

Сынып үш топқа бөлінеді.
Тұсаукесер

2 мин

«Ойлан, тап» ойыны.
Видеоподкасттан кішкентай бүлдіршіндер Бауыржан Момышұлын жасырып, тұспалдап сөз сөйлейді. Балалар жасырынған сөзді табу керек.
- Балалар бұнда кім туралы айтылған?
- Бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар?



-Бауыржан Момышұлы туралы айтылған.
- Бүгінгі сабағымыз Бауыржан Момышұлы туралы.
Негізгі бөлім

20 мин

3мин

7 мин

3 мин Балаларға «Бауыржан батыр» атты бейнефильм көрсету.
1.Балалар, Бауыржан Момышұлы кім болған?
2.Ол тек қана батыр емес, сонымен қатар ол жазушы да.
Ендеше бүгін біздер әрі қарай Б.Момышұлы туралы білу үшін оқулығымызға назар аударайық.

2.Мәтінмен жұмыс.
Оқулықтағы мәтінді оқы.


«Қос шеңбер» әдісі.

«Сымсыз телефон» әдісі.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24желтоқсанында
Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.
Атасы Имаш 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Әжесінің есімі – Қызтумас. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап әжесінің қолында өседі. Бауыржан мектепті үздік бітірген. Бауыржан Момышұлы – жазушы, шығармаларын қазақ және орыс тілінде жазған. Алғашқы кітабы «Офицер күнделігі» деген атпен жарық көрді.

Сергіту сәті

Постермен жұмыс.

Бауыржан Момышұлы туралы постер қорғалатынын айтып түсіндіремін.

Екі жұлдыз, бір ұсыныс.

Маршруттық картамен жұмыс.
Кейіпкерге хат

Балалар «Бауыржан батыр» бейнефильмін тамашалайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Оқулықтағы мәтінді оқып шығады.

Іштегі шеңберде тұрған оқушылар сыртта шеңберде тұрған оқушыларға шеңбер бойымен ауысып жүріп оқулықтан оқып түсінген мәліметтерін айтады. Содан кейін ішкі шеңбер мен сыртқы шеңбер ауысып, әдіс қайталанады.

3 оқушыны ортаға шағарамыз. Бір оқушыны сыныпта қалдырып, қалған екеуін есіктің сыртына шығара тұрамыз. Іште қалған оқушыға Бауыржан Момышұлының жанұясы мен балалық шағы туралы нақты мәлімет оқып беремін. Ол сол оқылған мәтіннің мазмұнын сырттан кірген оқушыға, ал ол келесі оқушыға түсінгені бойынша баяндап беру керек.

Оқушылар Б.Момышұлы туралы қосымша білім алады.

«Мен қазақпын» әуеніне сергіту жаттығуларын жасайды.

Оқушылар сабақ бойына алған білімдеріне, өздерінің білетін білімдеріне сүйене отырып, постерді құрып, қорғап шығады. Қорғауға барлық топ мүшелері шығады.

Үш топ қорғалған постерлерге «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» береді.

Балалар кейіпкерге хатты маршруттық карта арқылы жазады. Содан кейін топтан бір үздік хатты оқиды.
Қорытынды

5 мин

2 мин Рефлексия
Өзіңді сабақ бойынша бағала.
Сабақ
1.қызықты
2.іш пыстырарлық
3.маған бәрібір

Мен сабақта
1.жұмыстандым
2.демалдым
3.басқаларға көмектестім

Қорытынды
1.сабақты түсіндім
2.көп нәрсені үйрендім
3.мүлдем түсінбедім

Үйге: Б.Момышұлының нақыл сөздерін жаттап келу. Мәтінді оқып келу.
Бағалау парақшаларын жинап алып, жинаған балдарын санап, бағаларын қою.

Балалар керек деп тапқан жерлерге стекерлер жабыстырады.

Үйге тапсырма алады.

Бағаланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.