.
.
№1 мектеп гимназия Бұрыш.Бұрыштың шамасы тақырыбына есептер шығару
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2384 | Размер: | Автор: гостьАтырау облысы. Қызылқоға ауданы . с.Миялы
№1 мектеп –гимназия
Ашық сабақ
Тақырыбы: Бұрыш.Бұрыштың шамасы
тақырыбына есептер шығару
Пән мұғалімі: Д. Тукешева
Сыныбы: Математика - 5а
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш, бұрыштың шамасы тақырыбына есептер
шығару
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Бұрыш, оның элементтерімен таныстыру. Бұрышты өлшеу,
салу, салыстыру. Бұрыштардың қосындысы мен айырмасын
таба білу,есептер шығару дағдысын меңгерту. Оқушылардың
«Бұрыш», «Бұрыштың шамасы» тақырыптары бойынша
алған білімдерін тиянақтау, бекіту.
Дамытушылығы: Г еометриялық фигураларды кескіндеуді білу. Есеп
шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып, есте
сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: . Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа,
нақтылыққа тәрбиелеу, білімге талпыну қасиеттерін бойында
тереңдету.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, MS Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация).
Пәнаралық байланыс: Геометрия
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Оқушыларды сабақтың өту барысымен таныстыру
Сабақты жарыс түрінде өткізу.
4. Оқушыларды ойын шартымен таныстыру.
5. «Кім жылдам» (бұрыш тақырыбын қайталау)
6. Кім тапқыр (Оқулықпен жұмыс)
7. Топбасшымен жұмыс (Жеке үлестірме)
8. «Ой қозғау» (Жұмбақ шешу)
9. «Сөзжұмбақ шешу»
10. «Практикалық тапсырма»
11. Үйге тапсырма беру
12. Оқушыларды бағалау
10 20 30 40
10 20 30 40
10 20 30 40
10 20 30 40
Ойын шарты
Сынып Тікбұрыш және Жазыңқы бұрыш деп 2 топқа бөлінеді. Әр топ өз қалауымен ұпай таңдайды. Егер жауабы дұрыс болса ұпай қосылады. Ойын соңында әр бала ең көп жұмыс жасап, жауапты дұрыс тауып , жинаған ұпайын айтады және сол оқушылар білімі бағаланады.
Үй жұмысын тексеру.
Бұрыш тақырыбы бойынша сұрақтар.
1) Бұрыш дегеніміз не?
2) Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең?
3) Бұрыштың қабырғалары, төбесі деп нені айтамыз?
4)Бұрыштың өлшем бірлігі қалай аталады?
5) Доғал бұрыш дегеніміз не?
6)Суретте қандай бұрыш кескінделген?
7)Биссектриса дегеніміз не?
8) Транспортир не үшін қажет?
9) Қандай бұрышты сүйір бұрыш деп атаймыз?
10) Тік бұрыштың градустық өлшемі неге тең?
11) Суреттегі АОВ бұрышының градустық өлшемін тап.
12) Толық бұрыш неше градусқа тең?
13) Суреттегі АОВ бұрышы неше градусқа тең?
14) Бұрыштың градустық өлшемі дегеніміз не?
15) 1800 -тың жартысы қандай бұрышты білдіреді?
3. Оқулықпен жұмыс
20 30 40 50
№ 1387 – есеп
Суреттегі ДОҒ бұрышының градустық өлшемін табыңдар. Суретті дәптерге көшіріп салыңдар.
№1402 есеп.
Сағаттың минуттық тілі мен сағаттық тілі қандай бұрыш жасайды: сағат 3-те; 4-те; 6-да .
№1404 есеп
1) 7.31, а- суреттегі АВС бұрышы-тік бұрыш; DBE бұрышының градустық өлшемін табыңдар.
2) 7.31, ә- суреттегі АВС бұрышы-тік
бұрыш; DBE бұрышының градустық өлшемін табыңдар
Топбасшымен жұмыс. №1400- есеп.
ЕҒК бұрышының градустық өлшемін табыңдар.
а - суреттегі ЕҒN бұрышы- тік бұрыш. < КҒB = 550 .
ә -суреттегі РҒК бұрышының градустық өлшемі 1150. РҒЕ бұрышы- тік бұрыш.
N Е К
К
550
Е Ғ Р Ғ
а - сурет ә -сурет
1404 -есеп
а- суреттегі АВС бұрышы- тік бұрыш;
ә- суреттегі СВD бұрышы-тік бұрыш. DВЕ бұрышының градустық өлшемін тап.
A D
250 E C D
B 400 C 250
A B E
"Ой қозғау".
Жұмбақ
1) Санасаң бір үйде төртеу бар,
Қаласаң, аузыңды өртейтін нәр.
2) Балаларды "жазалайтын"фигура?
3) Үшбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
4) Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта бір мысықтан отыр. Әр мысықтың қарсысында 3 мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық бар?
"Сөзжұмбақ".
1) Тік бұрыштың жартысы неге тең?
2) Транспортир бұрышты өлшеуге арналған ...
3) Бұрыштың өлшем бірлігі?
4) 1800-қа тең бұрыш қалай аталады?
5) Сүйір бұрыш 900-тан ....
"Пратикалық тапсырма".
Әр топтан тақтаға 1 оқушы шығып, көзбен мөлшерлеп 45°-ты сызу керек. Тапсырма орындалғаннан соң, транспортирдің көмегімен бұрыштың градустық өлшемі өлшенеді.
Дұрыс сызған оқушыға 10 ұпай
ІҮ Үйге тапсырма:
А деңгейінен №1401,
В деңгейінен №1403 С деңгейінен № 1410
Бағалау парақшасы
Әр оқушы өзінің жинаған
ұпайы бойынша бағаланады.
10-50 ұпай- “3” 60-100 ұпай –”4” 100 жоғары –”5”
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.