Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Б. Соқбақбаев «Қамқорлық» -

Б. Соқбақбаев «Қамқорлық»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1155 | Размер: | Автор: гость
. Орта мерзімді сабақ жоспары . Әдебиеттік оқу
«Өрлеу»ҰБАО АҚ қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру курсының III базалық деңгейінің сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі: Шабленова Гульдина Азкеновна. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп.

Сыныбы 4 А сыныбы
Сабақтың тақырыбы Б. Соқбақбаев «Қамқорлық»

Сабақтың мақсаты Шығарма мазмұнынан жан жақты мағұлмат ала отырып, негізгі ойды сыни ойлау арқылы түсіну, идеяны ұғыну және өзін-өзі реттеу.

Сабақтың міндеті « Қамқорлық» мәтінінің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды түсіну , идеяны ұғыну, өзін-өзі реттеуді қалыптастыру ,сыни ойлауға машықтану , жаңа білімді ұштай білу , жеке пікірін айта алуға әрекеттену .

Күтілетін нәтиже Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты , шығармашылық қабілеті дамыды ,топпен жұмыс жасауға қалыптасты, өзін өзі бағалай білді .
Әдіс - тәсілдер «Жетістіктер тоғайы» ,«Топқа бөлу»,«Алтын ереже» ,«Стоп кадр », « Уақыт шеңбері», «Жолға белгі қой», «Де бононың қалпағы» , Рефлекция : «Әткеншек » өзін өзі бағалау , смайликтер .
Жұмыстың белсенді түрлері Жұптық , топтық жұмыс , өзін өз бағалау , ынтымақтастық , бірін бірі оқыту .

Бағалау 1.Табыс критерийлері : 2.Топтың толық жұмыс жасауы . 3.Тақырыпты қамтуы . 4.Өзіндік ой қосуы . 5.Сұрақ қоя отырып , диалог түсіп , мәтіннің мазмұнын аша алуы . 6.Шығармашылық жұмыс . 7.Уақытты дұрыс пайдалана алуы .

Сабақтың кезеңдері Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі«Жетістіктер тоғайы»Мақсаты:(психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.) «Топқа бөлу» Мақсаты:(оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін топқа бөлу)

«Алтын ереже»Мақсаты: (Қалыптасқан ережені еске түсіру) Оқушылардың түрлі түсті жапырақтарды пайдалана отырып , жылы лебіздер айтуларын ұйымдастырады.,.

Геометриялық пішіндер арқылы бөлу,сабақ барысындағы жүргізілетін жұмыстың ретін түсіндіру.
Топтарды «Алтын ережені» еске түсіру арқылы ұйымшылдықпен жұмыс істеуге шақыру . Оқушылар түрлі түсті жапырақтарды таңдап алып, түстердің мағынасын ажыратып , жылы лебіз тілейді.

Геометриялық пішінге байланысты топқа бөлініп отырады.

Бірлесе отырып алтын ережені еске түсіру,бірлесіп жұмыс атқару. Тамаша. Ауызша мадақтау.

Жақсы ,жарайсыңдар!!!

Тамаша !! Интербелсенді тақта, түрлі түсті қағаздар.

Геометриялық пішіндер
Тұсау кесер

Білу .

Түсіну . Үй тапсырмасын сұрау:

«Стоп кадр»Мақсаты: үй тапсырмасын әңгіме желісі бойынша кадрлар арқылы баяндату
« Уақыт шеңбері» : Мақсаты: Әр топ мүшелері үйге берілген шығармашылық жұмысты тізбектей оқу арқылы қорғау . Әңгіме желісі бойынша кадрлар дайындау, оқушының жауабын тыңдау.
Мұғалім оқушыларды шеңберге отырғызу , шығармашылық жұмысты сауатты оқуына және тақырыпты идеясын ашқандығына көзін жеткізу .
Әр топ мүшелері өздеріне түскен кадрларды әңгімелеп қорғайды.

Оқушыларды шеңберге отырады шығармашылық жұмыстарын тізбектей сауатты оқиды, ережені сақтайды .

Өзін өзі бағалау.

Смайликтер .

Бағалау парағы .

Орындықтар , смайликтер
Негізгі бөлім. Қолдану. Жаңа сабақ :
«Мини жоба»
Мақсаты:Шағын жоба құрау және қорғау арқылы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу. «Жолға белгі қой»Мақсаты:
«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көре отырып,оқулықтағы мәтінмен салыстыру, ұқсас жерлеріне белгі қою.
Сергіту сәті:«Қызыл өрік» Мақсаты( денені сергіту) Power Point слайд көрсету.

Смартфон арқылы оқулықтағы мәтін желісіне келетін жерінен «Менің атым Қожа» фильмнен үзінді көрсету.

Әуенді қосу Power Point слайд арқылы шағын жобаны қорғайды.

Фильмнен үзіндіні көре отырып, мәтіндегі оқиға желісімен салыстырып, ұқсастығына белгі қояды.

Әуен арқылы денелерін қимыл қозғалысқа келтіреді Өзін өзі бағалау

Өзін өзі бағалау

Өте жақсы!!!ОООО!! Интербелсенді тақта
Оқулық Ана тілі 3сынып авторлары:Т Әбдікәрімова,С Рахметова,Б Қабатай.

Смартфон
Фильм

Интербелсенді тақта
Қорытынды:Талдау Сабақты бекіту:«Де Бононың қалпағы» Мақсаты: жаңа сабақтан алған білімдерін жинақтау Топқа қалпақ арқылы тапсырма береді. 1-«Сары қалпақ» мәтін бойынша Жантас пен Қожаға сипаттама бер.
2-«Жасыл қалпақ» мәтінге сүйене отырып торғайдың халін сипатта.
3-«Қызыл қалпақ»Мәтіндегі суретті талда.
4-«Көк қалпақ» Жантас пен Қожаның орнына өзіңді қой. Өзін өзі бағалау.. Бағалау парағы
Бағалау:Топтау Мақсаты:Өз жұмыстарына баға беру.
Рефлексия: «Әткеншек » Мақсаты: Ішкі және сыртқы шеңберде кезегімен қозғалып, бүгінгі сабақта не болғанын бір біріне айтады. Мұғалім шынайы бағалайды.:
Мұғалім оқушыларды ішкі және сыртқы шеңберге кезегімен тұрғызады , бүгінгі сабақта не болғанын бір біріне айтқызады. Әр оқушы бағалау парағындағы қорытынды ұпайларын шығарып.сыныпқа жариялайды.:

Ішкі және сыртқы шеңберде кезегімен қозғалып, бүгінгі сабақта не болғанын бір біріне айтады. Өзін өзі бағалау Бағалау парағы
Үйге тапсырма 1.Мәтінді мазмұндау .
2. Қожаның мінез құлықы туралы өз ойларын жазып келу. Күнделікке жаздыру Күнделікке жазып алу

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
______________________________________________________
Оқушының аты – жөні, тегі

№ Бағалау өлшемдері Ұпайлары (1,2,3,.......10)
1 Мен өткен тақырыпты жақсы меңгердім
2 Мен жаңа тақырып туралы ой қостым
3 Мен бүгінгі сабаққа белсенді қатыстым
4 Шығармашылық жұмысты өзім орындадым
5 Мен басқаларға көмектестім
Жалпы ұпайым:
Өзіме қоятын бағам:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.