.
.
Бекітемін Бағалау үдерісінің мақсаты. ОүБ дегеніміз не?
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3844 | Размер: | Автор: гостьМектеп директоры:
М.Сахова
Үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі
Кайназарова Нурбаланың тәлім алушы ретінде №60 жалпы орта мектебінде өткен коучинг сабақтың жоспары
2014-2015 оқу жылы
Коучинг сабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы: Бағалау үдерісінің мақсаты. ОүБ дегеніміз не?
Өткізілген уақыты: 08.01.2015ж.
Сабақтың мақсаты:
Бағалау мақсатымен таныстыру және жиынтық бағалау туралы сыни тұрғыдан ойлау
Күтілетін нәтиже:
Бағалау мақсатын білу. Бағалау әдістерін меңгеру
Коучингті өткізу әдістері:
Топты жұмыс, Джиксо әдісі, жұптық жұмыс, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау
Ұсынылған ресурстар А.Алимов «ИБО-ны ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы
400 игр
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Интернеттен алынған материалдар
Үлестірме материал І апта
Сабақ барысы:
Уақыты Коучердің іс – әрекеті
Мұғалімнің (тыңдаушының) іс – әрекеті Қолданылған құралдар
3 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу:
- Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Көңіл-күйлеріңіз қандай? Cабақты бастамас бұрын алдымен шеңбер құрып, «Қар көшкіні» ойынын ойнайық.
Нұсқау: Шеңбер құра отырып, өз есімін атап, өз бойындағы қасиеттерін айтады
Топқа бөлу: «Жағымды сөздер»
-Оқушыларға қандай жағымды сөз айтасыз?
-Неліктен ол сөзді пайдаланасыз?
Амандасады.Өз көңіл-күйлерін айтады.
Өз есіміне қоса бойындағы жақсы қасиеттерді айтады
Өз пікірін айтады
10 минут
Ой қозғау:
1 тапсырма
Мағынаны ашу:
Бүгінгі сабақтың тақырыбы:Бағалау үдерісінің мақсаты. ОүБ дегенімі не?
1 тапсырма
МАН-нан «ОүБ» тақырыбын бөліктерге бөліп беріп, оқу тапсырылады
Нұсқау: Топтаса отырып, оқып, талқылау керек. Одан соң, «джигсо әдісі» бойынша 1,2 деп санау арқылы сарапшы топтарға бөлініп, өз тақырыптарын басқа топ мүшелеріне түсіндіреді; сонан соң, қайта өз тобына қайта келеді;
-Топ мүшелеріне түйінді ой айту тапсырылады
Бағалау
Өздері оқыған материалды ортаға сала отырып ой бөліседі және басқа топқа барып өз тобында талқылаған материал бойынша өз ойларын ортаға салады.
Топ мүшелері түйінді ойларын айтады. Интерактивті тақта, бейнетүсірілім
3мин Жақсы жауап берген топты смайликтер арқылы бағалайды.
Сергіту сәті: Қамажай
2 тапсырма
Бейнетүсірілім көрсетіледі: «Откуда берутся дети»
-Қандай ой түйдіңіздер?
Бағдарламаның 7 модулі бойынша презентация көрсетеді. (коучер түсіндіріп өтеді)
4 тапсырма:
«Мұғалім не үшін өзгеру керек?» деген тақырыпқа постер жасаңыздар.
Әр топтан екі спикер шығып постерді қорғаңыздар.
Бағалау
Қорытынды:
Сергіту сәті: Атом-молекула
Нұсқау: қатысушылар орнынан тұрып атом дегенде бейберекет қозғалады, ал молекула дегенде 3-4 қатысушы жиналып топтық жұмыстың тиімділігі туралы өз пікірлеріңізді айтыңыздар.
Жұпқа бөлу:
2 молекула дегенде жұпқа бірігеді.
5 тапсырма
Мұғалімдерге ақ парақ таратылып беріледі. Әр жұп иығымен қарама-қарсы бағытта отырады.Бірі айтып қалаған суретін салады, екіншісі естігені бойынша суретті салады.
Жұмыс соңында суреттерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай отырып, ынтымақтаса жұмыс жасаған жұпты анықтайды.
Бағалау
Әрбір қатысушы орнынан тұрып өзі таңдаған командаға өз есімін жазады.
Әр топтан бір спикер шығып түйінді ой айтады.
Мұғалімдер әуенге байланысты қимыл-қозғалыс жасайды.
Қатысушылар өз ойларын айтады
Қатысушылар коучердің нұсқауын орындайды.
Әр топтан 2 спикер шығып постерді қорғайды.
Топ мүшелері екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін –бірін бағалайды.
Мұғалімдер жұппен өздеріне берілген тапсырманы орындап шығады.
Мұғалімдер жұппен стикерге екі жұлдыз бір тілек жазып өздері бағалаған жұптың суретіне жабыстырады.
Интерактивті тақта, презентация
Ватман, маркер, түрлі-түсті қағаздар, стикерлер
маркер, ақ парақ,
3 минут Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін жазады, стикерге жазады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.