Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бағдаршам -

Бағдаршам

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1644 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Атырау қаласы
№ 26 " Жұлдыз " балабақшасы
дене шынықтыру нұсқаушысы
Кабдолова Асил Шапиевна
Білім беру саласы:«Денсаулық»
Ұйымдасқан оқу іс-әрекеті: "Денешынықтыру"
Тақырыбы:"Бағдаршам"
Мақсаты: Балаларды саппен жүруге, нұсқаушының белгісі бойынша жүгіруге үйрету.Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.Допты бір-біріне домалату,қолды еденге тигізбей доға астымен жүру дағдыларын жетілдіру. Тақпақтар арқылы сөздік қорларын дамыту. Түстерді ажыратуға және санауға үйрету.
Методикалық әдіс - тәсілдер:1.Залға сап - тізбекпен кіру
2.Жұмбақ шешу.
3.Допты бір-біріне домалату
4.Доға астымен жүріп өту
5.Түсіндіру,көрсету.
6.Қимылды ойын
7.Сұрақ - жауап
Қажетті құрал - жабдықтар:Доптар,доға арқан
Әрекет кезеңдері Нұсқаушының іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Саптізбекпен залға кіру
Сәлемдесу
Жол бойында, қиылыста тұрамын,
Көздерімді кезегімен жұмамын.
Үнсіз берген бұйрығымды орында
Аман болып жүру үшін, шырағым!
- Қолында бағдаршам ұстаған Сайқымазақ келеді.Ол оның не екенін білмей, сындырып тастауға тырысады.
Нұсқаушы:
- Сайқымазақ тиме - тиме ол бағдаршам, ол адамдарға пайдасы өте көп.
- Бағдаршам туралы түсінік беру.
- Ол қандай түстердің көмегіне сүйенеді?
- Жасыл түс қандай белгіні білдіреді ?
- Сары түс қандай белгіні білдіреді ?
- Жасыл түс қандай белгіні білдіреді ?
- Балалар сендер бағдаршам туралы тақпақ білесіңдерма?

Жолда кесіп өтуге мен қамдансам,
Қиылыста қарсы алады бағдаршам.
Менікіндей екеу емес, үш көзді,
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.

Қызыл түс - қимылдама, баспа алға,
Қиылыста қарап тұрма аспанға.
Сары түс - сәл сабыр ет, дайындал,
Жасыл түс, жүре берген, жасқанба.

Балалар сәлемдесе білді

Жұмбақтың шешуі бағдаршам екенін айтады.

Бағдаршамның жасыл, қызыл, сары түстері бар екенін және қандай белгіні білдіретінін айтады.
Балалар білетін тақпақтарын айтады.

-Иа

Балтөре мен Аянат тақпақтарын айтады.

Ұйымдастыру кезеңі
Балалар шеңберге орналасып жалпы дамыту жаттығуын орындайды.

Заттарсыз жасалатын жалпы дамыту жаттығуы.
1.Б.қ.: қолды түсіріп, аяқты түзу қойып, түзу тұру. Қолды екі жақпен жоғары көтеру, шапалақ соғып, қолды екі жақпен түсіру, бастапқы қалыпқа қайту. (5 - 6 рет)

2.Б.қ.: қол белде, аяқ иықтың қатарында. Оң қолды оң жаққа созып, оң жаққа бұрылу, бастапқы қалыпқа қайту. Жаттығуды сол жақпен қайталау ( әр жаққа 3 реттен).
3.Б.қ.: қол түсірілген, өкше түйістірілген. Қолды алға созып, отыру, тұрып, бастапқы қалыпқа қайту (5 - 6 рет).

4.Б.қ.: қол белде, аяқ алшақтатылған. Алға еңкейіп, қолды еденге тигізу, түзеліп, бастапқы қалыпқа қайту (6 рет )

5.Б.қ.: қол түсірілген, өкше түйістірілген. Бір орында екі аяқтап секіру ( 3 рет )

Негізгі қимыл жаттығулары:

1.Қақпа арқылы допты бір-біріне домалату.
- Балаларды қарама - қарсы тұрғызып. Арақашықты 1- метр етіп арқанмен белгіленеді.Белгіленген жерден допты бір - біріне домалатады.
2.Қолды еденге тигізбей, доға астымен жүгіп өту.
- Доғаның астынан еңкейіп, қолдарын жерге тигізбей жүріп өтеді.

Қимылды ойын
"Түрлі-түсті көліктер"
Балалар шеңберге тұрады, қолдарында рөл немесе соған ұқсас дөңгелекше беріледі.Балалар автокөлік болады, нұсқаушы бағдаршам қызметін атқарады.
- Сары жанғанда дайындалады;
- Жасыл жанғанда жүреді;
- Қызыл жанғанда тоқтайды.
Ойынды 4 - 5 рет қайталап ойнайды.

Сайқымазақ:
- Балалар сендерді кездестірмегенде бағдаршамның не екенін білмейтін едім рахмет сендерге мен енді жолдан өткенде бағдаршамнан қарап өтемін.Енді мен кетейін жолда кездескен достарыма айта жүремін
Нұсқаушы:
-Сау болыңыз жолда жүргенде абай болыңыз

Тыныс алу жаттығуы:
Музыка ырғағымен дем алып,
дем шығару.

Шеңбер құра білді

Қолдарын шапалақтай білді

Оң және сол жаққа денелерін бұра білді

Отырып тұра білді

Алға қарай еңкейіп, қолдарын еденге тигізді

Бір орыннан секіре білді

Допты домалата білді

Еденге қолдарын тигізбей, доға астымен жүре білді

Ойынды түсініп, қызығушылықпен ойнай алды

Балалар Сайқымазақпен қоштасады.

Тыныс алу жаттығуын жасай білді
Рефлексиялық түзетушілік Оқу іс - әрекетін қортындылау
Балаларды мадақтау
Қауіпсіздік ережесін сақтау
Балалар сұраққа жауап бере білді.
Балалар көтеріңкі көңіл - күйде болды

Күтілетін нәтиже:
Білуі: бағдаршам белгілерін білді
Меңгерді:нұсқаушының берген белгісі бойынша жылдам қозғалуды
Жасай алды: допты бір - біріне домалатуды;
еденге қолдарын тигізбей, доға астымен жүруді.

Технологиялық картаны толтырған: денешынықтыру нұсқаушысы Қабдолова.А.Ш

Жол бойында, қиылыста тұрамын,
Көздерімді кезегімен жұмамын.
Үнсіз берген бұйрығымды орында
Аман болып жүру үшін, шырағым!

Жолда кесіп өтуге мен қамдансам,
Қиылыста қарсы алады бағдаршам.
Менікіндей екеу емес, үш көзді,
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.

Қызыл түс - қимылдама, баспа алға,
Қиылыста қарап тұрма аспанға.
Сары түс - сәл сабыр ет, дайындал,
Жасыл түс, жүре берген, жасқанба.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.