.
.
Шығыс Қазақстан Облысы, «Бақытты отбасы» тренинг
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4278 | Размер: | Автор: гостьТарбағатай ауданы,
Кіндікті ауылы,
Ғ. Мұратбаев орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сылбырбаева Шолпан Алмағазықызы
Тақырыбы: «Бақытты отбасы» тренинг
Мақсаты:
1. Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін әке, ана, бала ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту;
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата-ананың тәрбие саласындағы рөлі.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз, плакат, маркер, интерактивті тақта. (слайдтар) конверт, қайшы, скотч, кигіз үй, стикер, түрлі тсті қағаз, қағаз жүрекше.
Әдіс-тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ-жауап, ойын (интер. тақта)
Жиналыс барысы: (Ата-аналар үш топқа бөлініп отырады)
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Қатысушы ата-аналарды 3топқа бөліп отырғызу.
2. Кіріспе:
1. Сабақтың мақсатын айту
2. Тренинг ережесімен таныстыру
Кіріспе сөз
Мұғалім: —
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Мен сіздерді жиналысқа келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі «Бақытты отбасы» атты жиналысына хош келіпсіздер!
Бүгінгі жиналыста «Бала – біздің болашағымыз» дегендей, сіздер мен бізге ортақ проблемалар туралы әңгімелесеміз. Біздің бүгінгі сіздермен кездесуіміздің мақсаты - өзара сенімді атмосфераны құру, достық пен түсінушілік қарым-қатынасты орнату. “ Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс-жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Бірлесіп көтерген жүек жеңіл” дегендей, кездескен қиыншылықтарды бірлесе отырып шешкен өте ұтымды, ол үшін бір-бірімізді жақсы білуіміз керек, олай болса жиналысымызды ойын арқылы жүзеге асырайық. Бүгінгі жиналысымыз 5 бөлімнен тұрады.1 бөлім. «Әке асқар тау, ана бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» 2 бөлім. «Ән көңілдің ажары». 3 бөлім «Бақытты отбасы», 4 бөлім «Киелі шаңырақ», 5 бөлім «Жүректен жүрекке», деп атадық.
Ойын “Амандасу рәсімі”
Үлкен шеңбер жасап тұру. Ойынды бір-біріне жылы сөздер айтып, балаларының мінездері туралы айтып, ойыншықты бір-біріне беру.
3. Қызығушылығын ояту.
І – бөлім
«Әке асқар тау, мөлдір ана бұлақ, бала- жағасындағы құрақ»
Топтарға түрлі түсті беттер таратылады.
Топ мүшелері өз топтарын таныстыру, қорғау.
ІІ – бөлім
Мағынаны тану
«Ән көңілдің ажары»
Алдыларында жатқан конверттегі әндерді жалғастырып, айту.
ІІІ – бөлім
Ой толғаныс
«Бақытты отбасы»
Әкелер үшін, аналар үшін ,балалар үшін «Бақыт» деген қандай түсінік?
3 - топқа плакат таратылып, сол плакаттарға суреттер салынып, қорғалады.
ІV – бөлім
Ой қорыту
« Киелі шаңырақ »
Геометриялық фигураларды құрау.
Аналар тобы - шаршы
Әкелер тобы – тік төртбұрыш
Балалар тобы - пирамида
Қазақта «Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар.
Мақал-мәтел, ақыл-нақыл аталы сөздердің пайда болу тарихын, қай кезде тұңғыш рет кім айтқанын білу қиын. Дегенмен кейбір мақал-мәтелдердің шығу тарихы туралы аңыздар аз емес. Демек мақал-мәтел, ақыл-нақыл, аталы сөздердің адам баласы өміріне араласпайтын саласы жоқ дегеніміз дұрыс-ау.
Олай болса, көрермендермен сергіту сәтін ұйымдастырып, сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды мен бастайын, сіздер жалғастырып айтыңыздар.
1. Тойдың болғанынан ... (боладысы қызық)
2. Таз таранғанша... (той тарқайды)
3. Әншейінде ауыз жаппас... (той дегенде өлең таппас)
4. Жүзігің алтын болғанша... (жүзің жарқын болсын)
5. Бала жетіге келгенше... (жерден таяқ жейді)
6. Ұяға отыз үйден тию... (қызға қырық үйден тыйым)
7. Қыз жоқ жерде... (қызық жоқ)
8. Әкенің жақсылығы... (жездедей-ақ)
9. Астың дәмін тұз келтірер... (ауылдың сәнін қыз келтірер)
10. Атаңның баласы болма... (адамның баласы бол)
11. Білекті бірді жығар.... (білімді мыңды жығар)
12. Шешен сөз бастар... (батыр қол бастар)
13. Әке көрген оқ жонар... (шеше көрген тон пішер)
14. Жақсы байқап сөйлейді... (жаман шайқап сөйлейді)
15. Әдепті бала – арлы бала... (әдепсіз бала – сорлы бала)
16. Жақсыдан үйрен... (жаманнан жирен)
17. Баланың ұяты әкеге... (қыздың ұяты шешеге)
18. Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)
19. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)
20. Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ)
V – бөлім
«Жүректен жүрекке»
Жүрекше беріледі сол жүрекшелердің ішіне тілектер жазылып, келесі топқа беріледі. Тілектер оқылады.
VI – бөлім
Кері байланыс «Табиғат »
Әр ата-анаға бір стикерден таратылады.
6. Қорытынды бөлім:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар сіздердің ұсыныс-тілектеріңізді ескере отырып, сіздерге армандарыңыз асқар таудай биік , осы мөлдір бұлақтай таза, жағасындағы жайқалған құрақтай көктеп көгере беріңіздер демекпіз.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі тренингімізді аяқтағалы отырмыз.
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.