.
.
Ақтөбе облысы Бақытты сәт
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1214 | Размер: | Автор: гостьХромтау ауданы
Дөң орта мектебі психологы
Митонова Гульден Анарбековна
Тақырыбы: «Бақытты сәт»
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін, өзін-өзі бағалауын көтеру, қызығушылығын арттыру. Өзгелермен топта жұмыс жасай отрып, кезедескен шектеулерден өтуге психологиялық көмек.
Барысы:
1. Сәлемдесу
2. Психологиялық ереже
3. «Жақсы жаңалықтар» эстафетасы
4. «Кедергілерден өту» ойыны
5. «Қызықты мотиваторлар» презентация
1. Саламатсыздар ма, құрметті оқушылар, ұстаздар. Бүгінгі ерекше күн, себебі біз сіздермен биылғы оқу жылындағы алғашқы кездесуіміз. Сондықтан да сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, жаңа табыстар тілеймін. Тренингімізді мен ерекше сәлемдесуден бастағым келіп отыр. Мұнда біз өзіміздің физиологиялық дамуымызға көңіл бөле отырып, психологиялық тұрғыда амандасып өтеміз. Шеңбер құрып тұрайық. Менің айтанымды қайталап, барлығымыз бірге айтамыз.
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталады,
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы атқарады.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау менің – сол қолым
Барлық істі атқарады.
Мынау - менің оң аяғым,
Мынау - менің сол аяғым
Жақсылыққа апарады.
2. «Жақсы жаңалықтар» эстафетасы ойынының мақсаты – оқу жылының басында бейімделу процесі жүреді, бұл кезеңде бірден сабаққа көңіл бөлуге, бір мақсатта бағытталу кейбір қиындықтар туғызуы мүмкін. Сол тұрғыда біз осы психологиялық ойын арқылы, ұжымда кейбір кездейсоқ сұрақтар мен іс-әрекеттерден шығу жолын таба аламыз. Ойынымызда ерекше допты пайдалана отырып, шеңбер бойымен мынадай сұраққа жауап беріп көрейік. - Өткен аптада болған «жақсы бір жаңалығыңмен» бөлісші. Жауап беріп отырған адам міндетті түрде допты қолында ұстап отырады. Болған соң ғана допты келесі адамға береді.
3. «Кедергілерден өту» ойыны. Мақсаты: кезедсетін кедергілерден бас түсірмей қту. Нұсқау: оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір-біріне қарап тұрып, қолдарын қайшылап тұрады, және бір оқушы сол кедергілерден өту қажет.
4. Құрметті оқушылар! Назарларыңызды тақтаға аударайық! Сіздің назарларыңызға «қызықты мотиваторлар» ұсына отырып, ой қозғауыңызды сұраймын.
Не ұнады?
- Не ұнамады?
- Қосар ойыңыз?!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.