.
.
Бала психологиясын қалыптастыруда Бала психологиясын қалыптастыруда мектеп пен ата-ананың ықпалы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1281 | Размер: | Автор: гостьмектеп пен ата-ананың ықпалы
Шегенова Сауле Абдиевна
ОҚО, Түркістан қаласы
Т.Айтжанов жалпы орта мектебі
Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа масһабын
ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол
ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауғанегізделген.
Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегіең ізгі дін – ислам дінін
қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал.
«Қазақстан – 2050 стратегиясы» Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін басекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуге жағдай жасайтын білім жүйесін дамыту міндеті тұр. Қазіргі кезде білім беру ісінде
жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-ірекеті мен ой- санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің педагогикалық, психологиялық негізін айықындау қажет. Елімізде Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан болады», «Адам баласын бауырым деу, жүректіліктің белгісі» деп қазақтың ұлы данасы Абай айтқандай, баланың жақсысы ата- ананың абыройы, демекші жастарды тәрбиелеу ісінде әрбір ата-ананың өзі де үлгілі болуы қажет. Қоғамның болашағы, ертеңгі ел азаматы – білімді ұрпақ.
Әрбір ата-ана өз баласын өз махабатының нұрына бөлеп, қуанышына, бақытына балайды, бала үшін күш-жігерін жұмсайды. Жеке тұлғаның қалыптасу процесі мен нәтижесінде отбасы қатты әсер ететіндіктен көп көңіл бөлуді қажет етеді. Ата- аналар үшін отбасылық тәрбие ол баланың дене және жан рухани қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Әрбір әке мен әрбір ана балаларына қалай тәрбие беру керектігін түсінуі керек.
Ұлттық дәстүрді білетін, ұлттық сана - сезімі оянған, ұлттық мінез-құлықты игерген: мәдениетті, руханилықты, адамгершілікті жеке тұлға етіп қалыптастыру міндетіміз.
Бүгінгі мұғалімге қойылатын басты талап – ол тәрбие үррдісін ұйымдастыру арқылы тұлғаның біліктілігін,шыдамдылығын,алдына қойған мақсатына жетуіне, яғни оның алдағы өмірінде қоғамның табысты болуына көмектесетін қасиеттерді қалыптастыру.Баланы зерттеп,ол туралы көптеген мәліметтер жинап,шынайы қоғамдық өмірде кездесетін түрлі жағдайларды жеңуге жігерлендіру.
Қазір біз өмір сүріп отырған қоғамдағы білім саласының басты мақсаты,әр оқушы өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті,шығармашыл тұлға қалыптастыру болып саналады.Баланы білім шыңына көтеру үшін ата-ана мен мұғалім бірлесіп, бірін-бірі қолдау көрсете отырып, жұмылғанда ғана жұмыс өз нәтижесін көрсетеді .
Соның бірі ретінде оқушылармен ата-аналарды, ұстаздарды сабағыма қатыстыра отырып, Үнтаспаны тыңдау арқылы «Ақ орамал» мәтінін үш бөлім бойынша оқушыларға тыңдату арқылы өз ойларын оқиға желісі бойынша жалғастырып,оқуға тапсырылады.Сабақтың қорытынды бөлімінде ата-аналар, сарапшылар өз пікірлерін білдірді.
Ақ орамал
Автобус аялдамасында ешкімді елеместен мұңға батып, жалғыз жігіт отыр. Жолаушылардың кейбірі оған көңіл аударып, қарап өтсе, енді біреулері қарамайды да. Жігіттің оларға мойын бұруға мұршасы да жоқ, терең ойға батқан.Ол өткен өмірін қайта-қайта есіне алды.
Жиырма жылдай бұрын ол келесі көшедегі қызыл кірпіш үйде дүниеге келіп, бақытты балалық шағын өткізіп еді. Бұл үй мүмкін орнында жоқ та шығар бірақ, қызыл-жасыл гүлдер орнында қалған болар. Ол үйінің маңындағы сол гүлдерді есінен бір сәт те шығара алмады. Үйдің жанында әкесі өз қолымен жасап берген әткеншек, өзі алғаш велосипед теуіп үйренген бақтағы жалғыз аяқ жол бәрі-бәрі есінде. Ата-анасы осы велосипедті мопедке ауыстырды.
Жасөспірім енді ата-анасына төбесін сирек көрсететін жағдайға жетті. Өзі ақша таба бастады, достары да көбейді, ол үшін ата-анасы өмірден артта қалғандай болып, олардан гөрі, достарымен сауық кештерде уақыт өткізу қызықтырақ көрінді. Жігіт өмірінің осы бір кезеңін есіне алғанда жаны түршікті, оны жан дүниесінің көмескілеу жеріне жасырғысы келді де өне бойы дір ете қалды. Ол сол күні алған қарыздары жиналып қалып,ата-анасына ақша сұрауға келді. Анасы ұлын көргенде құрақ ұшып, барын аузына тосты, әкесі баласына әкелік мейірімін төкті. Ал ұлы әке-шешесінің ақшасын рұқсатсыз алған күйі кете барды.
Осы күннен бастап жасөспірім ата-анасының бет-жүзін көрген жоқ. Өзінің осы қылығынан соң ата-анасының жүзіне қарауға дәті де шыдамады.Сөйтіп ол өте алысқа кетті. Ата-анасы баласының өмірінен хабарсыз еді. Ол кейде түнде айға қарап, өз ата-анасын есіне алатын «егер ата-анам аман болса, мені көргілері келсе, әйтеуір бір үйіме барармын», - деп ойлайтын.
Жігіт үлкен қалада жұмысқа орналасады. Жұмыстан қолы қалт ете қалса, ойына ата-анасы мен үйі түсетін, көзге көрінбейтінбір күш үйі мен үйінің маңындағы қызылды, жасылды гүлдер елес болып орала кететін.
Ақыры үйіне қайтуға бел буғанымен, жолға ақшасы болмай, ұзақ жолға жаяу шығады. Жол – жөнекей кездескен көліктерге мініп, жаяулатып үйіне жақын қалған жігіттің ойы сан-саққа кетеді. Ата-анасының үйіне қайта баруға қақысы бар ма? Өзін жан тәнімен сүйген адамдар жасаған қиянатын кешіре ме?
Жігіт күні бойы ағаш астында отырып өз ойымен әлек болды. Сөйтіп кеш бата бір күн бойы, бірақ бірнеше сөз ғана жазылған хатты пошта жәшігіне салды.
Хатта «Мені көргілерің келетінін ойлау ақымақтық болар», бірақ қалау өздеріңізден. Бейсенбі күні таң сәріде мен біздің көшеде боламын, мені көргілеріңіз келсе, босағаға ақ орамал байларсыздар. Егер орамал болса, мен үйге кіремін, егер болмаса, туған үйге қолымды ең ақырғы рет бұлғап, өз жөніммен кетермін....» деп жазылған еді.
Міне, күткен бейсенбінің таңы атты. Жігіттің жүрегі алып ұшып келеді. Кенет өз ойынан өзі шошып, кілт тоқтай қалды. Мүмкін ата-анасы басқа жаққа көшіп кеткен болар...Босағада ақ орамал болмаса ше?..Егер ақ орамал босағада болмаса, көршілерге кіріп, ата-анамның жағдайын біліп, өз жөніме кетермін.
Өзімен-өзі ойға батқан жігіт ағаш маңында бірнеше минут аялдап, көшесіне жасқана көз қиығын салды. Өз көзіне өзі сенер емес. Алыстан туған үйі аппақ шағаладай жарқырайды. Үйдің барлық есік-терезесі ақ матадан көрінбейді. Үй бозарып атқан ақ таңның сәулесімен шағылысып тұр еді.
Екі көзден парлап аққан жасқа ие бола алмаған жігіт, үйінің босағасына қалай жеткенін де байқамай қалды. Ал оның алдында туған үйдің есігі шалқасынан ашық тұр еді.
Оқиға желісі бойынша оқушылардың жазғандарын жеке-жеке оқытып,талдау жүргіздім.
Оқушы:
Ақ орамал
*** Ол өткен өмірін есіне алып отыр. Қызыл кірпіш үйде дүниеге келіп,бақытты балалық шағын өткізіп еді. Ол өзіне ата-анасының қамқор болып,әкесі өз қолымен жасап берген әткеншек,алғаш велосипед теуіп үйренген бақтағы жалғыз аяқ жол бәрі есінде.Ол ата-анасының көрсеткен жақсылығын білмеді. Ол жолдастарына қосылып,сыра-ханадан шықпады.Өзі ақша таба бастады,оның ата-анасынан гөрі,достарымен сауық кештерде өткізу қызықты болды.
***Хат!
Әке-ана мен сіздерді қатты сағындым. Мен енді өз қателігімді түсіндім.
Мен үйге ораламын. Енді сіздерді аялап ұстауға уәде беремін.
Құрметті ата-анам! Мені кешіре алсаңыздар, кешіріңіздерші!
*** Ол енді асығып аптығып үйіне де жетті.Үйіне келсе, ата-анасы өмірден озған екен.Айналасы жым-жырт қыбырлаған адам көрінбейді.Оның үйіне кеш оралғаны жанына ауыр тиді.Ол бір орында үнсіз отырды да қалды.
Оқушы:
Оқиғада менің ойымша маскүнемдікке салынған адам бейнесі көрінеді.Жас кезінде өмірді жақсы сүргендігі айқын бейнеленіп тұр. Үйін ұмытып, достарына ілесіп,сыраға салынып кеткен секілді.Ал қазіргі жағдайы адам жанын тебірентерліктей аянышты көрінеді.Оның қазір ешкімді ойлауға шамасы келмейді.Ойлайтыны тек сыра, ол тіпті әке-шешесін де ойына алмайды. Бір күні бұл өмірден өтеді де кетеді.
*** Хат!
Сәламетсіздерме ардақты Әке! Аяулы Ана!Мен сіздердің алдарыңызда кінәлімін.Мен сіздерді қураған ағаш суды қанша қажет етсе, мен ата-ана мейірімін соншалықты қажет етемін. Басымнан не өтпеді десеңші?! Амал қанша,әттең менің бақытым қаңбақша ұшып кетті.Енді сіздерге бара алмаймын.Сау аман болыңыздар!
*** Менің ойымша бала үйіне келгенде терезеде ақ орамал ілініп тұрды.Әке-шеше өз баласы қаншалықты жаман болсада кешіреді деп ойлаймын.Себебі ата-ананың жүрегі мейірімге толы.
Сарапшы:
Балалардың жазған пікірлері өте ауқымды.Ата-ананың балаға деген маххабаты шексіз.Ол қандай жағдайда болмасын ұлына деген сезімін өзгертпейді.Ата-ана әрқашанда қасыңда болып,қуанышты бөлісіп,сәтсіздікті жеңуге көмектеседі.Мұнда әрбір оқушының бойынан үлкенді сыйлайтын,ата-анаға қамқор болатын,жүректерінің мейірім- шапағатын көріп тұрмын деп толық айта аламын.
Ұстаз:
Ата-ана жүрегінің лүпілін сезе біл,олардың жанарынан көңіл қошы мен тыныштықты,бақыт пен қуаныш сәулесін,беймазасыздығы мен әбігерленуін,қиналысы менкейістігін көре біл.Ата-ананың көзінен оның жан дүниесін көре білуге жастайыңнан үйрен.
В.А.Сухомлинский
Қорытынды:
Адалдық - адам бойындағы ең ізгі қасиет. Ертеңгі еліне ие, ат тізгінін тартар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы. Баланы рухани адамгершілікке жетелеп, дүниетанымының, сана-сезімінің ұлттық менталитетімізе сай қалыптасуына көңіл бөлу. Өзге үшін емес өз ұрпағыңыз үшін тәрбиеге құрмет тұтып,үлкен жүрекпен қарап, саналы көзқараспен көңіл бөлейік.
- Ей, перзентім ата-ананы құрметтеудің қажет екенін ақыл-ой, парасат тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені, әрбір перзенттің тегі ата-ана ғой. Не үшін ата-анама құрмет жасаймын деп ойыңа алма. Олар сен үшін маңдай терін төкті.
Егер әрбір перзент ақылды және дана болса, ол ата-ананың мейір- махаббатын құрметтеуден бас тартпайды... Ата-ананың міндеті – тәрбиелеу және жақсылық үйрету.
Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма...Олардың көңіл- күйіне қаяу салып, қапаландырма.
Сен ата-ананың ақтау ісіне ді н деңгейінен қарамасаңда, адамгершілік, ақыл-ой, парасат биігінен қарағын.
Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңілін түсіріп, құрттай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен, өз перзентім құрмет жасасын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды.
Кайкаус
Пайданылған әдебиеттер:
1. Тәрбие үрдісі мен оқушылардың тәрбиелікдеңгейін бағалаудың өлшемдері
Алматы – 2008ж
2. Өзін-өзі тану журналы 2011ж
3. Педагогика және оқушы психологиясы 3-15 2013ж
4. Бала тәрбиесі журналы 1-3 2009ж
5. Отбасы тәрбиесі Шымкент 2008ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.