.
.
Бала шақтан – болашаққа Бала шақтан – болашаққа
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1550 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfЭлмира Қозбағарова
Шымкент қаласы, N46 «Ақбөпе» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Отбасындағы өке-шеше өнегесінің балабақшадағы тәрбиемен ұштасуы болар N46 «Ақбөпе» бөбекжай балабақшасы «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндері ақылды, әрі мейірімді болып өсіп келеді. Топтағы 24 баланың әрқайсысы өзіндік өнері бар, білімнің әр саласына қабілетті дарынымен ерекшеленіп тұрады.
Ана тілімізді қадірлеп, өзге тілдерді де меңгеру қажеттігін балаларға үнемі түсіндіріп отырамыз. Жазып-сызуға, оқуға зерек Қымбат, Аяжан, Жансая, Азамат есімді балаларымыздың орыс, ағылшын тілдерін меңгеру қабілеті өте жақсы. "талапты бала – талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай" – деген қанатты сөзге лайық балаларымыз: Бақдаулет, Әзірет, Нұрасыл, Оралхан, Жандос жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. Олардың әрдайымғы ұраны: «Біз жеңеміз» - дейді. Жақында өткен топ аралық жүгіруден өткен жарыста бірінші орынды алып өзара мәз-мейрам болысты. Өзара шынайы қарым-қатынас орната білетін бүлдіршіндеріміз бір-біріне жанашыр дос.
Сабырлы да, салмақты қоршаған ортаны бақылауға құштар Нұрасыл суретті шебер салып, ұқыпты бояйды. Ал, мінезі ашық Әзірет патриоттық әндерді нақышына келтіріп орындайды.
Тобымызға берілген ойын алаңына көктемде гүлдер егіп, шағын бау-бақша жасадық. Кейбір балалар қаламыздағы «Дендросаябағындағы» көргендерін жасағысы келіп, өздері еккен ағаштардың жанына аттарын жазып, белгі салды. Ондағы армандары сол ел ағаларындай азамат болу. Бүлдіршіндер өздері істеген еңбектерінің нәтижесін көріп, көңілдері көтеріліп қуанды. Ауладығы гүлдеріміз жаз бойы жайқалып ашылып өсуде.
«Менің тату отбасым» атты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан Жасмин, Әділет, Азамат, Жанел, Жандос есімді бүлдіршіндеріміз ата-әжелеріне құрметін, ата-аналарына мейірімін, іні-қарындастарына бауырмашылдығын өлең арқылы жеткізіп отбасына қамқор, ақылды балалар екендігін көрсете білді.
Отан - отбасынан басталады демекші, жанұясына жанашыр, достарына адал, балабақшадан бастап білімге құштар болып өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміз болашақта еліміздің мақтанышы болар деп үміт артамыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.