.
.
Баяндама: «Бала тәрбиелеудің он ережесі» Бала тәрбиелеудің он ережесі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1804 | Размер: | Автор: гостьТәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
XXI ғасыр – білімділер ғасыры. Білімділілерді баптап өсірер тәрбие керек. Еліміздің, қоғамның экономикалық саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік цивилизацияға көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздардың, ата-аналардың бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Ұлы ғұлама Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйетін, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашаұ тірегі бола алады.
Бала тәрбиесі – өте күрделі құбылыс. Оның күрделілігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл – күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттілігімен ұғынылады.
Отбасы – ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында халықтың рухани – интеллектуалды мұраларын, мәдени құндылықтарын жандандырып, рухани ұлттық сипаттағы мінезді қалыптастыруды көздеу өмірдің талабынан туындап отыр.
Ата – ана, педагог тәрбиені сөз арқылы немесе іс – әрекет арқылы үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойласа, ол қателікке апарып соқтырады. Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз баламен бірге болмағанда да апарып соқтырады. Сіздің қалай киінетініңіз, өзгелермен қалай сөйлесетініңіз, олар туралы не ойлайтыныңыз, сіздің дұшпандармен қалай қарым – қатынас жасайтыныңыз, қалай газет оқитыныңыз, осы іс – әрекеттердің бәрі бала үшін өте маңызды. Сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне беймәлім жолмен жетіп жатады, сіз оны байқамайсыз да.
Бала ата – анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата – ананы өмірдің тірегі санайды. Ата – ана балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет екеніне сенімдерін қалыптастыру керек. Ата – ана балаға бала демей болашақ азамат ретінде қарап, тәрбиенің қалыптасқан, сана – сезімін оятатын түрлерін беруі шарт. Баламды қаршадайынан дұрыс тәрбиелеймін, бала бақытының шынайы бағбаны боламын деген ата – аналарға төмендегі «Бала тәрбиесінің он ережесі» аз да болса көмек болады деген ойдамын.
1. Балаңды сүй! Яғни, оның қасында барына қуан, ол өзі қандай болса, солай қабылда, оны қорлама, оны жәбірлеме, оны өзіне деген сенімділігінен айырма, оны нақақтан нақақ жазалама, оны өзіңнің сеніміңнен мақұрым етпе, сені жақсы көруіне жағдай тудыр.
2. Балаңды қорға! Яғни, оны жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақта, тіпті, егер қажет болса, жеке мүдделеріңді құрбан етіп, басыңды қатерге байлай отырып қорға.
3. Балаңа жақсы үлгі бол! Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарыт, өзің де сол құндылықтардыға сәйкес өмір сүр, балаға жауапкершілік сезіммен қара. Балаға үй – іші тату, қарттарын құрметтеп, жақсы көретін, барлық туған туысқандарымен және достарымен етене жақын, әрі шынайы байланыста болған отбасы, ошақ қасы керек. Бала адалдық, кішіпейілділік, жарастық ұялаған жанұяда өмір сүруі керек. Ата – ананың ерлі – зайыптылық адалдықты бұзуы, көреалмаушылық, арсыздық жолмен баю, балаға принципсіз байланыстар арқылы қандай да болсын пайда келтіру – осының бәрі ертеңгі елдің азаматының моральдық бейнесіне мейлінше ұнамсыз әсер ететін «үлгі» құрайды.
4. Балаңмен ойна! Яғни, балаңа қажет уақыт бөл, оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойна, оның ойындарына шындап ден қой, оның ұғым – түсініктер әлеміне бейімделіңіз.
5. Балаңмен бірге еңбектен! Балаң жұмысқа қатысқысы келгенде оны демеп жібер. Балаң өсіңкірегенде шаруашылыққа қажетті барлық жұмыстарға қатыстырып үйрет, қолы бос кездері мен демалыс уақыттарында ол мектеп ұйымдастырған іс – қызмет түрлеріне қатысуға тиіс.
6. Балаңның оңай болмаса да, өз бетімен өмірлік тәжірибе алуан жолға қой! Бала өз басынан өткен тәжірибені ғана мойындайды. Сенің жеке тәжірибелігің балаң үшін көп жағдайда құнсыз болып шығады. Оның өзінің жеке тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік бер, тіпті бұл тәуекелмен байланысты болған күнде де солай істе. Шамадан тыс қорғаштаған, қай – қайсысынан да қамсыздандырылған бала көп жағдайда әлеуметтік мүгедекке айналады.
7. Балаға адамдық бостандықтың мүмкіндіктері мен шектерін көрсет!Ата – анасы алдымен әрқайсысының дарыны мен ерекшеліктеріне сәйкес адамның жеке басының дамуы мен тұлғалануының тамаша мүмкіндіктерін ашуға тиіс. Сонымен қатар оған кез – келген адам жанұяда, ұжымда және жалпы қоғамда өзінің іс – әрекеттерінің белгілі бір шектерін мойындауы және сақтауы тиіс екенін көрсету қажет.
8. Баланы тіл алғыш етіп үйрет!Ата – анасы баланың мінез – құлқын қадағалап отыруға және оның іс – қылықтарын оның өзіне де, басқаларға да нұсқан келтірмейтіндей етіп бағыттап отыруға міндетті. Баланы белгілеген ережелерді сақтағаны үшін қолпаштап отырған жөн! Алайда қажет болған жағдайда жаза арқылы ережелерді құрметтетіп отыру керек.
9. Баладан пісіп – жетілу сатысына және өзіндік тәжірибесіне сәйкес шама – шарқы жететін пікірлердң күт. Бала осынау соншама күрделі дүниеде бағдар жасап алғанша көмектес және де жинақтаған тәжірибесі мен өзінің пікірін немесе қорытындысын айта алатын кезде ғана баладан оларды талапет.
10. Балаға еске түсіруге болатын құндылыққа ие әсерлерді басынан кешіруге мүмкіндік бер. Бала да үлкендер сияқты, әсерлермен «қоректенеді» олар алаға басқа адамдардың өмір – тіршілігімен және айналадағы дүниемен танысуға мүмкіндік береді.
Оқыған: Хамитова Лунара Максотовна – 8 сынып жетекшісі, физика,информатика пәні мұғалімі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.