.
.
Бала тәрбиесі баршаға ортақ Бала тәрбиесі баршаға ортақ
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1719 | Размер: | Автор: гостьИбрагим Меруерт Бахытқызы-Шымкент қаласы №50 «Нұр-Бөбек» бөбекжай балабақшасының педагог- психологы
Калыбекова Жадыра Аманбаевна - Шымкент қаласы №50 «Нұр-Бөбек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
«Тәрбие-тал бесіктен басталады» деп біздің данагөй ата-бабаларымыз босқа айтпаған. Бала тәрбиесін бүгінгі заман талабына сай жан - жақты жетілдіру, білімді де саналы тұлғаны қалыптастыру - өмірге ұрпақ әкелетін ата - анаға ғана емес, мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру мекемелерінің қызметкерлеріне де жауапты міндеттер жүктейді. Бүлдіршіндердің денсаулығын нығайта отырып, оқу - тәрбие үрдісін жетілдіру және бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу міндеті - педагог мамандарды заман талабына сай жаңа технологияны игеруді, іскерлік пен ізденімпаздықты, білімділік пен біліктілікті талап етеді. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын мақсаттардың ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан да баланы мектепке дейінгі мекемелерде даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Тәрбиеші - мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиесін жүзеге асырушы басты тұлға. Тәрбиеші жоғары арнаулы білімді, кәсіби біліктілігі жоғары, педагогикалық шеберлігі шыңдалған, қоғамдық-саяси қызметтерге белсене араласа алатын, педагогикалық ұжымда беделді, отбасымен тығыз қарым-қатынас жасай алатын тұлға болуы тиіс. Оның ұйымда еңбек ұжымының береке-бірлігін сақтай алуы, бойында іскерлік және дара қасиеттері болуы, шығармашылық ізденісте болуы, тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға көмектесуі және әріптестерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге ықпал жасай алуы тиіс. Бала қабілеті ашылуы үшін:
1. Тәрбиеші білімін ұдайы жетілдіріп, кәсіби шеберлігін шыңдауы тиіс.
2. Бала білімі мен қабілетіне сеніммен қарау керек.
3. Баланы ақпарат, жаңалықпен қамтамасыз етіп отыру қажет.
4. Ата-анамен тығыз байланыс орнағаны жөн.
5. Баланы өмірге бейімдеуде дәл, дұрыс бағыт беріп, жеке ерекшелігіне көңіл бөлінуі керек .
Мектепке дейінгі мекемелердегі топ тәрбиешісі мен психологтың балалармен қарым-қатынасы тұлғалық бағдар негізіне құрылуға тиіс, ол әр баланы құрметтеу және адамгершілікпен қарым-қатынас жасауды көздейді. Мақсаты - баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету. Тәрбиешілер балалардың оң мінезі мен әрекетіне қолдау көрсете отырып, психологиялық жағымды ахуалды қалыптастыруы қажет. Топта балалардың өздерін емін-еркін сезінуіне,өз ойларын еркін айтуына жағдай жасау қажет. Олардың бойындағы өзіндік бейім қабілеттеріне сүйене отырып, мектепке оқуға қажет болатын дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды, дамытуды мақсат етеді. Балабақшадағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілуі керек. Балабақшада балалармен көп ойын өткізу керек. Себебі: ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Тәрбиешілер балаларға білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Атақты педагог Сухомлинский: « Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» деп босқа айтпаған. Сол себепті балаларға ертегі терапиясында көп қолдану қажет. Бала ертегі кейіпкерлеріне еліктеп өседі.Баланың тағы бір ерекше қасиеті сөйлеуден,сұрақ қоюдан еш жалықпайды,егер тәрбиеші немесе ата-ана тарапынан баланың әрбір сөзіне назар аударып, сұрағына жауап беріп отырса бұлда баланың дамуына көп әсерін тигізеді. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам деген сөзде босқа айтылмаған. Сәбиді жоғары деңгейдегі білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің бойында барлық асыл қасиеттердің табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші бала болмысын, жүзін көріп түзелер айна іспетті. Бала қабілетінің ашылуы үшін тәрбиеші жаңашыл, білімді, іскер, қабілетті, жауакершілік сезімді, жаңа технологияны толық меңгерген, өз ісінің шебері болуы керек.Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Көрнекті педагог В. Сухомлинский « Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»,-дейді. Ендеше ертең өскен соң қоғамның тізгінін ұстар болашақ ұрпақты бақытты, білімді,бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге атсалысайық.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Адилова Т.Ш. Білікті баланы білімді маман тәрбиелейді //Отбасы және балабақша, 2010, №4.
2. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. -Астана, 2009.
3. Кудьярова Э.Х. Бала қабілетін ашу - тәрбиешіге жүктелер жауапты міндет //Мектепалды даярлық, 2009, №3.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.