.
.
Бала тәрбиесіндегі мектептің рөлі Бала тәрбиесіндегі мектептің рөлі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4229 | Размер: | Автор: гостьМугарав Бахытжан
Осакаровка ауданы, Есіл селосының №2 ЖББОМ
бастауыш сынып мұғалімі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелген міндет өте ауыр», - деген болатын. Жеке ел болып дербес даму жолына түскен осы бастамамызды баянды етіп, нығайта түсуде жеткіншектерге жүктелер міндет те ерекше үлкен. Ал еңсе тіктеген Қазақстандай жас мемлекет үшін бұл міндет ауқымдала түспек. Өйткені Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі шын жанашыры да, арқа сүйері де осынау жас ұрпақ арасынан шықпақ. Демек, оларды лайықты ізбасар етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін білім ордаларындағы білім, тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып өсіру міндеті алда тұр.
Қазақ халқы қай уақытта бол¬ма¬сын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір педагогтың тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын та¬лап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке¬рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа¬уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» де¬ген ғұлама ғалым Әбу На¬сыр Әл-Фа¬ра¬би ой¬ын әрбір педагог, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо¬лар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алы¬нып қаралмайтын күрделі про¬цесс. Жаңа заманның жаңашыл педагогы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.
Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде бы¬лай де¬ген бо¬ла¬тын: «Ба¬ла¬ны тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, ке¬ле¬шек за¬ма¬ны¬на лайық қылып шығару ке-рек». Иә, Мағжан ата¬ла¬ры айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ ке¬рек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – жас¬тар. Олар за¬ман та¬ла¬бы¬на сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік ар¬тып отыр. Ба¬ла тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – за-ман та¬ла¬бы¬на сай ұрпақ тәрбиелеу. Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ере¬сек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі- өнеге. Бүгінгі ба¬ла¬лар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы бо¬лып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға бо¬лып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орай¬да ба¬ла тәрбиесіндегі мектептің ор¬ны ерек¬ше. Себебі, мектепке ба¬ра¬тын ба¬ла қоғамда өз ой-ын ашық айтуға үйренеді. Со¬ны¬мен қатар жан- жақты жетіледі. «Ба¬ла¬лар — біздің болашағымыз.» Сондықтан ба¬ла¬лар¬ды ерек¬ше күтіп, тәрбиелеу ке¬рек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойы¬на сіңіруіміз қажет. Баланың ой¬лау қабілеттерін ар¬т¬ты¬ру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата- ба¬ба¬ла¬ры¬мыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен бас¬та¬ла¬ды, яғни тәрбиенің негізі от¬ба¬сы¬нан бас¬тау ала¬ды. Балабақша, одан кейін мек¬теп адамның қоршаған ор¬та¬да же¬ке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен мектептегі тәрбиені ұштастыра оты¬рып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне се¬беп¬кер бо¬ла¬ды деп ой¬лай¬мын.
Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иілуге қандай икем болса, бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім.
Соңғы жылдары жалпы білім беретін мектеп пен жалпыға бірдей орта білім беру ісін дамыту, жаңарту проблемаларының ауқымдылығы соншалық, оған жас ұрпаққа білім беру саласында жүрген азаматтармен қатар, ұлт тәрбиесіне бей-жай қарамайтын әрбір адам өз үлесін қосуда.
Бала – Отанымыздың келешегі, біздің жалғасымыз. Сондықтан бала тәрбиесі – баршамызға ортақ іс. Әр ата-ана өз баласын еліне, халқына шын берілген, халқын құрметтей алатын, дені сау, білімді, еңбексүйгіш, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді борышым деп есептеуі керек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.