.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Балабақшам – жарқын болашағым
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1500 | Размер: | Автор: гость№44 “Жанар” бөбекжай бала-бақшасының
тәрбиешісі Турешева Улымжан Дуйсеналиевна
Баяндама
Тақырыбы: Балабақшам – жарқын болашағым
Менің алға қойған мақсатымның бірі – балалардың жүрегіне «мен қазақпын» деген сезім қалыптастырып, өзінің елін, жерін, тілін, дінін қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу.
Мәселен, бүлдіршіндерге тақпақтарды жалаң жаттатып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны сәбидің санасына сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға тырысамыз. Ол үшін түрлі көрнекі құралдарды пайдаланып әрі балаларды қызықтыратын тақпақтар үйретіп және «Тазша бала», «Қожанасыр», «Алдар көсе» сынды ертегі кейіпкерлерін балалардың өздеріне ойнатып, жан-жақты амал-тәсілдерді қолданамыз.
Сондай-ақ бізде ежелгі ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, тарихымызды балалардың жадына жастайынан сіңіріп өсіру үшін де барлық мүмкіндік жасалынған.
Мысалы өткен тарихымыздан сыр шертетін «Көшпенділер» фильмін, одан соң Желтоқсан оқиғасын, тәуелсіздіктің қалай келгендігін жас балдырғандарға ересектер сияқты түсіндіре алмайсың. Сондықтан осы жолда жаңа технологияларды пайдаланып жұмыс жасаймыз. Бұл бір жағынан балалардың тілін дамытып, еркін сөйлеуге көмектессе, екінші жағынан егемен еліміздің тарихы мен тәуелсіздігіміздің тартуы – рәміздерімізді таныстыруға мол мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар балабақшада балаларға «Сақина салу», «Орамал тастау» сияқты ұлттық ойындар ойнатамыз. Бұл олардың өз халқына деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыра түсетіні кәміл. Тағы бір қуанарлық жайт, жақында аталған ойындардың қатарына «Тоғызқұмалақ» қосылмақ. Ал «Тоғызқұмалақ» ойыны балалардың есте сақтау қабілетін дамытып, тапқырлығын жетілдіруге көмектесетініне сенімім мол.
Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Осы орайда Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиені ғылыми теориялық педагогикалық, әдістемелік тұрғыда негізделу тұрғысында. «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беру әдіс-тәсілдерін жетілдіру» соңғы жылдарда «Мектепке дейінгі ұйымдарда өмірлік дағдыларды қалыптастыру тұрғысында білім беру процесін жобалаудың ғылыми әдістемелік негіздері» т.б. тақырыптар төңірегінде зерделенуде. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиенің даму тарихы, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік проблемалары: бүлдіршіндердің тілін дамыту, математикалық қарапайым ұғымдармен таныстыру, баланың негізгі іс-әрекеті – ойынның алатын орны, еңбекке баулу, көркемдік талғамды қалыптастыру, көркем әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие, отбасындағы бала тәрбиесі сияқты мәселелер осы саладағы ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектерінің арқауы. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін қайта қалпына келтіру үшін мемлекеттік тұрғыдағы іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруға тура келді. Ол үшін: мектепке дейінгі ұйымдарды көптеп ашу; коммерциялық, жеке меншік, отбасылық балабақшалар жұмысын қайта жандандыру сияқты мақсаттар жүзеге асыру тиіс деп ойлаймын. Баланың мектеп балабақшадан дайындықпен барғанының артықшылығын білім сапасын арттырудан септігі мол екені өмірде дәлелденді.
Мектепке дейінгі тәрбиенің болашағы жайында қадау-қадау арналы ой-пікірлер болады. Атап айтқанда:
Мектепке дейінгі ұйымдарға арнаулы мамандар дайындауды жолға қою. Ол үшін жоғары оқу орындарындағы мектепке дейінгі тәрбие факультеттерінің санын да сапасын да жақсартуға баса назар аударылғаны жөн.
Бүгінге дейін жоғарғы оқу орындағы мектепке дейінгі білім беру мамандығын, педагогикалық колледж және бакалаврлар дайындаудың мазмұны бірін-бірі қайталайтындығы байқалуда. Сондықтан бұлардың әр деңгейінде өзіндік күрделену мен қазіргі мектепке дейінгі тәрбиенің даму тенденциялары ескерілуі қажет.
Балабақша ұйымдарын жаңа философияға негіздей басқару, яғни жеке тұлғаға бағдарланған мотивациялық – жүйелік тұрғыдан жүзеге асыруға мән берілсе, болашақ мамандарды дайындауда теория мен тәжірибені тең игеріп, іс-әрекетті қолдана білуге көңіл бөлінсе құба-құп.
Балабақшадағы қайта қалпына келтіруде, оны басқаруда педагогикалық менеджменты қолдану, жаңашыл тың көзқарастармен еңбек ету алынса артық емес.
Балабақшадағы «балалардың балалығын өзіне қайтару», мектептік жүйені қайталамау, балалардың жағдайы жақсы болу үшін педагогикалық топтардың орындалуы, күн кестесі кезеңдерінің жүйелі дұрыс ұйымдастырылуы, тамақтану мерзімі мен сапасының дұрыс болуы, олардың денсаулығын сақтау, құқығын қорғауда ата-анадармен ынтымақтастықта бірлесе еңбек ету кезек күттірмейтін мәселе.
Бүгінгі таңда балабақшада балалардың алған білім, білік дағдыларын күнделікті өмірде, іс-әрекетте, өз тәжірибесінде қолдана білуге үйрету дәрежесі әлі де болса төмен екені жасырын емес.
Осындай дәлелді себеп-салдар мен олқылықтарды ретке келтірмейінше білім сапасын арттырып, оның мазмұнын өмірмен ұштастыруда өз іс-әрекетін өмір өзгерістеріне бейімдеп, ұйымдастыра алатын, заман талабына жауап бере алатын адамды қалыптастыру оңай емес.
Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десекте ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы естен кетпестей із қалдырады. Біздің қоғамымыз балабақшалардың тәрбиелік мәні, дүние танымдық орны жоғары бағаланады. Өйткені ата-анасы оқуда, немесе жұмыста болатын баланы тәрбиелеу, негізінен, балабақшаға, онда арнайы тәрбие бағдарламасы бойынша еңбек ететін кәсіби мамандарға жүктеледі.
Бүгінгі сәби – Егеменді еліміздің болашағы екенін бір сәт ой жіберсек, тәрбиенің негізгі қаланатын мектепке дейінгі кезеңінде қараусыз калған балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шыға қояр ма екен деген ойда көпшілігімізді мазалайтыны бекер емес.
Балабақшаның бар болмысын сақтап, оны сәбилердің сәнді де мәнді, баянды да бақытты жайына айналдырып келе жатқан ұлағатты Ұстаздар да бар. Олардың арасында өз ісіне жауапкершілікпен қарап, балаларға жан-жақты тәрбие беріп, бақытын арттырып жүргендері де аз емес. Балабақшадағы тәрбие жұмысы сәбиді ертеңмен уақытысында қабылдаудан басталады: сәбимен оның ата-анасымен сәлемдесіп, тәрбиешілерге ізет көрсетіп, инабатпен пікірлеседі. Балабақшаның музыкалық бөлмесінде дене шынықтыру қимылдары, би музыкамен өрнектеліп, сәбилердің көңілін сергітіп, қуанышын арттырады. Әрбір топта ертегілер бұрышы ұйымдастырылған, сол ертегілердің мазмұны сәйкес музыкалық бөлмеде түрлі қойылымдар көрсетіледі, ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
Балабақшаның әрбір тобында көркем әдебиет бұрышы бар. Онда сирек кездесетін әдеби шығармалар мен бейнелеу туындылары қойылған. Ал, ертегілер бұрышы қызық безендірулермен көз тартады. Балабақшада балдырғандарды мектепке даярлау жұмысы мысалы: сан үйрету, жаңылтпаштар, тақпақтар үйрету, сурет бойынша әңгімелесу. Тәрбиешілер балдырғандарды сейілдетіп, серуендетіп, табиғатпен таныстырып, табиғатты бақылау жұмыстары күн сайын ұйымдастырылады. Табиғат бұрышында әсем тоты құстар, балықтар өсіріледі, мүмкіндігінше балдырғандар күтеді. Арнаулы кездесулер мен мерекелерге даярлануға тәрбиеленушілердің бәрі қатысады. Өнерден озған балдырғандар әр түрлі тәсілдермен марапатталады. Мұның бәрін айтып отырғанымыз балабақшада тәрбие қазіргі заманға сай, осылай толымды да шебер ұйымдасытырылуы қажет. Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ата-анасынан алады. Әрине, әркім өзінің баласын жаман болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді болғанын қалайды, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді. Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі. Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Балаға дүниеге келісімен көп көңіл аударып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.
«Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соғады» деген дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби. Біздің бала-бақшамызда еліміздің болашағы балаларға тәрбиенің үлкен де қажетті бөлігі имандылық-адамгершілік тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлінеді деп айтсақ артық болмас. Бақшамызда жұмыс істейтін тәрбиешілер өз ісінің жоғары деңгейіндегі шеберлері деп айтуға әбден лайықты. Біз бақшаға келгенде-ақ пейілмен қарсы алған. Өлең айтып үйретіп, би билеткен, ән салған ойыншықтармен ойнадық, тақпақты да қоймадық сурет салдық, ән салдық, уақыт бекер жоймадық.
Ұлдар ер жетіп, қыздар бой жетіп,
Әл-ақ уақыт зыр етер.
Өнегелі өссе бұлар
Елімізді гүлдетер.
Мына өскел бүлдіршінде
Ата салтын үйренсін,
Өрге жүзсін, өнерлері
Бұлар елдің болашағы!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.