.
.
Екібастұз қаласы әкімдігінің білім Балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің түрлері
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3319 | Размер: | Автор: гостьбөлімінің №28 Абай атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы
Мектепішілік ата-аналар жиналысында оқылатын дәріс
Тақырыбы:
Балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің түрлері
1.Физикалық зорлық көрсету. Дене жарақатын жасау, жұдырықтау, ұру, тебу, тістеу, сілкілеу, күйдіру, ыстық суға салу, сүйегін сындыру, шрам жасау, көгерту, іш құрылысына зақым келтіру.
2.Психикалық зорлық көрсету – кемсіту, балағаттау, үстемдік ету, террор жасау, айқайлау, кличка қою, лас сөздер айту, жасағысы келмеген нәрсені күштеп жасату.
3.Жыныстық зорлық-зомбылық – үлкен адамдардың балалны жыныстық әрекетке итермелеу. Баланы эксплуатациялау – баланы қаламайтын жыныстық әрекеттерге итермелеу. Вуайеризм (көзін сүзіп үнемі қарау), алдау, қорқыту, бопсалау,проституцияға көндіру. Жас ерекшелігіне сай емес ақпарат беру, порнофильмдерді көрсету, сыйықсыз дүниелерді демонстрациялау, телефон шалу) Балаға үстемдік ететін және баланың сеніміне кіріп алған адам көбіне жыныстық зорлық-зомбылық жасайды. Бала көбіне бұл ситуацияны, яғни өзіне жыныстық зорлық-зомбылық жүргізіліп тұрғанын түсінбейді. Үлкендер физикалық дене жарақатын салған жоқ, қыз баланың өзінің келісімімен болды, яғни бұл зорлық-зомбылық деп есептемейді. (Жыныстық тиіспеушілік туралы заңнамада олай емес)
Зорлық көріп жүрген баланың белгілері, ерекшеліктері туралы
Үйінде дене жарақатын көретін, физикалық күш көрсетілетін балалардың ерекшеліктері мынадай:
6 айға дейінгі бала: аз қозғалады, айналадағы өмірге, адамдарға селқос, талпыныс, стимул жоқ, аз күледі.
6 айдан бір жарым жасқа дейінгі бала: ата-анасынан қорқады, үлкен адаммен контактіден қорқады, үнемі қауіптеніп тұрады, үнемі жылауық, қайғылы түр, үлкен адам қолына алса қорқады.
Бір жарым жастан 3 жасқа дейінгі бала: үлкендерден қорқады, аз қуанады, басқа баланың жылаған даусын естісе қорқады, агрессия, өзін байқамаса екен деп отырады.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: көне береді, қарсылық көрсетпейді, ауырғанға реакция бермейді, өте жол бергіш, момын, үлкен балалар секілді әрекеттер жасайды, өзіне агрессивті, қоршаған ортаға агрессиясы бар, өзін үнемі кінәлі сезінеді, өтірік айтады, ұрлай бастайды, жануарларға қайырымсыз.
Бастауыш сыныптың баласы болса: жарақаттарын жасырады, жалғыздық, достарынан бөлінеді, сабақтан кейін үйге барғысы келмейді, жаман баға алса, немесе күнделікке ескерту жазылса, қорқады, құралдарын жоғалта береді, тырнақ жейді, қарсылығын ашық айта алмайды, көзге тура қарауға қорқады, ешкім мені жақсы көрмейді деп ойлайды, невротикалық реакциялар -энурезге ұшырайды.
Жасөспірімдерде: қайырымсыз, агрессия, үйден қашу, суицидтік әрекеттер, девиантты әрекеттер, алкогольді, наркотикті пайдалану, Сәтсіз махаббаттарды елестетеді.
Балаға физикалық зорлықты жасаушы ересек адам қандай болады?
Дене жарақатын қолданатын адам бұдан пайда көреді, балаға эмоциясы жоқ, баланың сәлкемшілігін үлкен етіп көреді, баланың жақсы жақтарын мүлдем көрмейді, медициналық көмек көрсетулерден бас тартады. Егер бала қандай да бір жарақатпен ауруханаға түссе, және дәл сондай жарақат қайталанып тұрса, күдік туғызады. Балаға жарақат түсіріп алып, басқаларға жабады, немесе ата-ана баланы өзі кінәлі деп сөге бастайды.
Психикалық-эмоциялық зорлықтың құрбаны болған баланың ерекшелік белгілері қандай болады?
3-6 жастағы бала: ұйқысы бұзылады, тәбеті жоқ, абыржулы, апатия, ойнай алмайды, тілінің мүкісі бар, саусағын немесе киімінінң ұшын сорады.
Бастауыш сынып оқушысы: оқуында проблема бар, қарым-қатынас жасамайды, құрдастарынан шеттеп қалған, әлеуметтік жаман дағдылары, ерсі қылықтары бар, боқтықты пайдаланады, жануарларға қайырымсыздық көрсетеді.
10-12 жастағы балалар: үйден кету, девиантты мінез-құлық, үнемі бір нәрсеге үлгермей жүреді, өзін өзі өте төмен бағалайды, невроз.
Жасөспірімдерде: депрессия, торығу, агрессия, өзін бүлдіру, құрту әрекеті, психосоматикалық ауруларға ұшырайды, девиантты мінез-құлық көрсетеді.
Эмоциялық зорлық көрсететін ата-ана мен бала қатынасындағы ерекшеліктер.
Ата-анасы баланы алдаса, өтірік айтса, уәдесінде тұрмаса, баланың жас ерекшелігіне қарамастан басқа нәрсе талап етсе, кері итермелесе, жақсы көрмейтінін демонстрацияласа, баланың жақсы жақтарын бағалай білмесе, тек жаман жағын көрсе, жалғыз қалдыру, көп уақыт үндемей жазалау, Эмоциялық зорлыққа осындай көріністер жатады.
Ішкіш және нашақор ата-аналардың балалары физикалық жағынан да, тіліде дамымайды. Бұлар ата-ана, бала махаббатын түсінбейді.
Сексуалды қаналудың құрбандары, жыныстық зорлық-зомбылық спецификасы
1 -стадиясы (алғашқы реакция)
-стресс жарақаты, абыржу (ұйқысыздық, тәбеті жоқ)
-эмоциялық белгілері (депрессия, өзіне өзі жүрегі айниды, ласпын деп қарайды, жан дүниесі тоналды, біреу қол салды. Отбасын бағалауы жоғалды, өзін өзі ұстауы өзгереді.
-когнитивті бұзылу (дамымай қалады, ешкім маған көңіл бөлмейді, ешкім мені қабылдамайды деп іштей дабыл қағады.
-психикалық жағынан бұзылу (паника, стресс, қорқынышты түстер)
2-стадия Ұйықтағысы келмейді, әлгі адаммен жеке қалғысы келмейді.
1.Максималды қауіптену
2.ауруын сезіну, ауырмайтын жағын іздеп дөңбекшіп жатады.
3.Температурасы көтеріледі, құсқысы келеді, приступтары болуы мүмкін
4.Конфеттер мен сыйлықтарды жек көреді.
3-стадия
-Эмоциялық абыржу қорқыныш, паника, ұмытшақтық, өзін ұстау мәселесі, тұлғалық, танымдық сферасы бұзылады.
Зорлық-зомбылық көрсетуші ересек адам туралы
Жалғыз қалдыруға жағдай жасайды, немесе бұл аяқ астынан да болуы мүмкін, балалмен ойламаған жерден жалғыз қалуы мүмкін. «Бұл ойын, әдетте үлкендер балалалрымен осылай істейді, мен сені секске үйретемін» дейді. Бұл кінәсіз құшақтаулардан басталады, баланың денесіне қол тигізеді, интимдік характердегі аймалаулар басынды болады. Содан соң жыныстық актіге апарады. Ол адам «Егер мені есімнен тандыратын сенің мына әдемі шаштарың болмаса мен мұндайға бармаушы едім» деген сөздермен алдарқатады. Баланы алдап арбап қолға түсіріп алады да, енді мұны құпия түрде сақтауы үшін үнемі баланы бақылап жүреді. Әрі қарай ол баланы қорқыта бастайды. Мен үлкен ер адаммын, сен айтсаң да саған ешкім сенбейді өйткені сен баласың» деуі мүмкін. Бала ешкімге тіс жармайды, себебі үйдегі жанжалдың басты себебі болғысы келмейді. Таразының бір жағында әке – шешесі жазалап үйден қуып шығар деп ойлайды, екінші жағында секс үшін мадақтап награда беріп жүрген еркек тұрады. Осындай құпиялылық фазасы нешеме жылдарға созылатын жағдайлар болады. Өлтірем деп қорқытуы мүмкін, көбіне жасөспірімдер ата-аналарынана айырылудан қорқады. Әлгі жасөспірім бұл жағдайдың нормаға жатпайтыны түсіне бастайды. Бала шын жақсы көрулер, құрбы жігіттің шынайы махаббат сезімі мен зорлық-зомбылықтың арасын айыра білуі керек. Ол білімді мектеп мұғалімдер үйде ата-анасы түсіндіреді.
Зорлықшылардың екі түрі болады, біреуі ситуативті, екінші түрі белгілі бір баланы зорлауға қызығушылығы бар адамдар.
Сіздер, ата-аналар, күш көрсетуден, жыныстық зорлық-зомбылықтардан, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстан жәбірленуінен қорғайтын балаңыздың ең жақын адамысыз.
Балаңызға мынадай «болмайды!» деген 7 ережені үйретіп қойыңыз.
1. Бөгде адаммен көшеде сөйлесуге және танымайтын адамды үйге кіргізуге болмайды.
2. Танымайтын ер адаммен подъезге, лифтіге бірге кіруге болмайды. Кез-келген әйел адамның келуін күт.
3. Үлкендерсіз (ата-анаңсыз, мұғаліміңсіз, ересек туысқандарыңсыз) бөгде машинаға отыруға болмайды.
4.Танымайтын адамнан сыйлық алуға, танымайтын адамның үйіне немесе басқа да бір шақырған жерге баруға болмайды.
5. Далада көп уақыт, әсіресе түн қараңғылығында жүруге болмайды.
6. Егер үйде үлкен адамдар жоқ болса, пәтердің есігін ешкімге ашуға болмайды. (танымайтын адам су сұрауы мүмкін, телефон шалайын деп едім, немесе ата-анаңа хат жазып қалдырайын деп едім, құжат тастап кететін едім десе де ашпа)
7. «Тәуекел топ» адамдарымен байланыс жасауға болмайды. (маскүнемдер, ішкіштер, нашақорлар, сотталғандар), ол сіздің подъезіңізде тұратын көршіңіз болса да, алыс туысқаныңыз болса да.
Ата-ана! Балаңызға тағы да ескертіп қойыңыз!
Осындай қауіпті жағдайда өзін осылай ұстауға балаңыз ұялмасын, қайта осы ережелерді міндетті түрде сақтап жүрсін!
Балаңызды «Жоқ!» деп жауап беруге үйретіңіз!
1. Егер біреу қонаққа шақырса, немесе үйіңе жеткізіп салайын десе, тіпті ол көршіңіз болса да «жоқ» деп айтыңыз.
2. Егер сізді мектептен, бақшадан алып кетуге бөтен адам келсе, ата-анаңыз мұны алдын ала ескертпесе, «жоқ!» деп айтыңыз.
3. Егер ата-анаңыз үйде жоқ болып, танымайтын немесе аз танитын адам келіп үйге кіргіз десе, «жоқ» деңіз.
4. Егер бөтен адам сізбен танысу мақсатымен, бірге уақыт өткізу мақсатымен жейтін, ішетін бір нәрсе ұсынса, «жоқ» деңіз.
5. Егер танымайтын адам қандай да бір көшені көрсетіп жібер десе, немесе сөмкесін көтерісіп жіберуін өтінсе, дүкенге дейін жеткізіп салуын өтінсе, «жоқ» деңіз!
Балаңыз мынадай фразаларды жаттап алсын.
1. Рахмет, маған ата-анам танымайтын үйге қонаққа баруыма тыйым салды.
2. Кешіріңіз, мен ешқайда бармаймын.
3. Менен аулақ кетіңіз, әйтпесе мен айқайлаймын.
Көмек сұрау үшін қайда хабарласу керек: 102 - полицияға қоңырау шалу.
22-17-47 – Екібастұз қаласы прокуратурасы мобильдік топтың телефоны
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.