.
.
Оразаева Алтынай Қайырбайқызы БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2742 | Размер: | Автор: гость«Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК
Ғылыми жетекші: Бекмуратова Ж.С.
БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ
Ғылыми – техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей дамуы. Бұл биолог, физиолог, психолог, лингвисттердің бас қоса отырып жасаған жетістіктері. Елімізде қуатты экономика мен ғылымның түбегелі дамып, пісіп жетілген кезі 1961 жылы Юрий Гагариннің Қазақ жерінен ең алғаш ғарышқа ұшуымен басталса, 2017 жылыда сол жетістікті жаңғыртпақпыз. 100 ден аса мемлекеттердің қолдауының арқасында Бельгияның Льеж қаласын шаң қақтырмай алда болатын айтулы көрменің тендрін ұтып алған болатынбыз. 1851 жылдан басталған бұл көрмеге бүкіл әлемнің мен мен деген алпауыт елдерін Қазақстан елінің Республикалық маңызы бар қалаларына жиыстырып, көрменің шымылдырығын абыроймен ашып өткізу міндетіміз болмақ.
Expo – бұл болашақ энергияның таусылмас қуаты. Бұған дәлел БАЛАМА ЭНЕРГИЯ КӨЗІ яғни, аспанымызда жарқырап тұрған КҮНІМІЗ, есіп тұрған самал ЖЕЛІМІЗ, және мөлдір бұлақ СУЫМЫЗ. Осы теңдесі жоқ байлығымыздың арқасында мынандай жетістіктерге жетпекпіз:
Ең бастысы еліміздің техника саласының дамып, бір сатыға кетерілуі
Ақшалай пайда көрсеткіштерінің жоғарылауы
Үнемді ресурстар саясаты
Достық қатынастардың нығаюы
Таза экология
Халық қаражатының аз жұмсалуы
Еліміздің күллі әлемге танылуы
Ғылыми зертханалар мен орталықтардың дамуы және тағы басқа.
Expo – үлкен мүмкіндіктерге жол ашпақ. БАЛАМА ЭНЕРГИЯ КӨЗІ - бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз.
Жел жылдамдығы 5м/с соққанда оның қалақшаларының жылдамдығы 14-16м/с дейін жетеді. Ал оның диаметрін үлкейте отырып 2000 кВт-қа шейін энергия алуға болады. Салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ 2014 жылдың статистикасына сүйенсек 1 кВт жарық көзіне 3 теңге төлесек, Жел станцияларын қолдана отырып бұл бағаны 2 есе төмендетуге мүмкіндік бар. Ал Қазақстанның бұл орайда тапшылық көрметіні анық. Өйткені, батысында Жетісу Алатауы, шығысында Бірліктау және Майлытау жоталарының аралығындағы Жоңғар қақпасынан соққан желдің 1 % -ы мен – ақ бүкіл Қазақстан аумағын сапалы әрі қуатты жарық көзімен қамтамасыз ете аламыз.
Осы орайда Еңбекшіқазақ ауданында қуаттылығы 60 МВт-дан 300 МВт-ға дейін жететін жел электр станциясын салуға келісім жасады. Жобаға жалпы көлемі 103,6 миллиард теңге жұмсалады. Осы аймақтағы Шелек дәлізінде 50 метр биіктікте желдің күші секундына 7,8 метрге жетеді.
Ал екінші өңір бұл Ерейментау қаласы. Бұл аймақта қуаты 45 мВт болатын, кейiн оны 300 мВт жеткiзуге мүмкiндiк беретiн құны 17 миллиард, 800 миллион теңгені құрайтын iрi жел электрстансасы салынуда. Осы жаңа, теңдесі жоқ техниканың және табиғаттың тегін күшінің арқасында жылына 60 мың тонна көмір үнемдеуге болатынын айтып өтпеске болмас. Ашщы шындық болсада тілге тиек ептесек болмас. Қанша жерден табиғи ресурсқа бай мемлекет болғанымызбен өкінішке орай оныңда мәнгілік еместігін жақсы білеміз. Елімізде сарқылатын табиғи ресурстардың қорлары шектеулі уақыт ішінде таусылуы мүмкін. Сарапшылардың айтуы бойынша мұнай – 70 жыл, табиғи газ – 85жыл, темір – 80 жыл, алюминий 90 жыл, мыс – 20 жыл, қорғасын, мырыш – 25 жыл, хром – 50 жыл, никель толығымен игеріліп тасталынған. Ендігі уақытта балама энергия көзі еліміздің экономикасының дамуының маңызды құрамдас бөлігі болмақ!
Екінші балама энергия көзі Күн сәулесі. Қазақстанның климаттық жағдайына байланысты күн энергиясын пайдалануда қолайлы болып табылады. Жыл сайын күннің түсу ұзақтығы 2200-3000 сағат болса, күн энергиясының көлденең жазықтыққа түсірген қуаты 1280-1869 кВт сағ/м екен. Ал энергетикалық есептеулерге жүгінсек, Күннің Жерге беретін энергиясы, барлық қор көздері беретін энергиядан 5000 есе асып түседі екен. Күн энергетикасының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, әрі тиімді. Әсіресе ауа райы бойынша Қазақстанның Оңтүстік ай¬мағындағы территориялар күн энергетикасын дамытуға өте ыңғайлы болып табылатындығы да айқын. Осы орайда құны 93,1 млн доллар, күштілігі 50 МВт болатын күн электростанциясы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында салынады деп жоспарланды. Бұл жобанының сап түзеуіне «Самрұқ-Қазына Инвест» ЖШС – гі ат салыспақ.
Балама энергия көзінің тағы бір түрі Жер астындағы ыстық су. Еліміздегі төрт шақырым тереңдікке дейін анықталған ыстық су көздерінің қоры шартты түрде – 92,1 млрд тонна. Бұл біздегі бүкіл мұнай-газдың қосып есептелген қорынан 10 есе көп. Әсіресе, қуатты ыстық су көздері Жаркент, Алматы облысы, Арыс, Келес, Сырдария су бассейні бойында өте мол. Олардың жалпы қоры шартты түрде – 15,6 млрд тонна. Ал шетелде ыстық су қуатын пайдалану таңсық емес. Әсіресе Исландия, Италия, Голландия, АҚШ-та кеңтаралған. Дамыған елдерде жалпы эн-ергияның 17 пайызын, да¬мушы елдерде – 31 пайызын СУ ЭЛЕКТРО СТАНЦИЯЛАРЫ қамтамасыз етуде.
Дүние жүзінде баламалы қуат көздерін пайдалану қарқыны жылдан-жылға артып келеді. Әлем бойынша қуат көздерінің дамуын жылдық есепке шағатын болсақ, жел қуатын тұтыну – 48 пайызға, күн қуатын пайдалану – 28,1 пайызға, гео¬термалды энергетиканы игеру – 7,5 пайызға, дәстүрлі қуат көздерін пайдалану 2,2 пайызға артып келеді. Электроэнергияның балама көздерін өндіруден Еуропалық Одақ, АҚШ, Қытай және Үндістан сияқты елдер әлемде көшбасшылар ретінде саналады.
Халық нақылында айтылғандай: «Мақсат - жетістіктің желкені». Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді. Біз 1997 жылы Елбасымыздың Жолдауы бойынша «Қазақстан - 2030» стратегиясын қабылдаған болатынбыз. Бұл стратегия қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді. Ал ендігі мақсатымыз Дамушы елден Дамыған 30 елдің қатарына қосылу болып табылмақ. Ал EXPO – ел дамуының локомативі іспетті болмақ !
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.