Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Баланы мектепке дайындау»  ата-аналарға арналған дәрі -

«Баланы мектепке дайындау» ата-аналарға арналған дәрі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2141 | Размер: | Автор: гость
. «Баланы мектепке дайындау»
ата-аналарға арналған дәріс
Сіздің балаңыздың оқушы атағын алатын уақыт та жақындап қалды. Осыған байланысты ата-аналардың мазасы кетіп, қобалжи бастайды, баламыз не біліп, не істей алады деген сұрақтар мазалайды.
Балабақшада бала санауды, оқуды, есте сақтауды, зейін аударуды, тәртіпті болып отыруды үйренеді. Баланы мектепке дайындауда негізгі рөлді ата-ана атқарады. Көп жерлерде баланың даму сатысы, тәрбиесі сіздерден бастау алады. Бұл жерде аса тым күш салып жібермеу қажет. Кейбір ата-аналар балаларын сәби кезден-ақ жақсы оқитын, білгір жасағысы келеді. Ақырында бала зардап шегеді.
Мектепке дайындыққа не жатады? Мектепке дайындалған бала көп білім мен үйреншікті қабілеттерге ие болып, оларды қолдана білуі керек.
Ең алдымен бала физикалық дайын болу керек. Ол үшін баланың денсаулығы мықты болып, мектеп бағдарламасын өтеуге лайық болу керек. Ал балаларда кейбір психикалық ауытқулар сезіліп, көрінсе, денсаулығында өзгерістер, кемшіліктер байқалса, ата-ана мұны мойындап баланы арнайы түзетуге арналған коррекциялық мектепке беруі керек. Физикалық дайындыққа баланың қозғалыс жүрісі мен саусақ қозғалысы жатады. Бала қай қолда, қалай қалам ұстау керектігін білуі керек. Негізгі гимнастикалық ережелерді ұстану керек, үстел басында дұрыс отыруы керек және т.б.
Екіншіден, бала психикалық дайын болуы керек. Бала бірінші сыныпта өзі мектептің ішінде, белгілі кеңістікте жүре алуы керек, сонымен қатар үйден шығып дүкенге баруы керек. Бала жаңа білім алуға талпынып білімпаз болу керек. Білім баланың есте сақтау, ойлау қабілетіне сәйкес болу керек. Жеке тұлға дайындығы өзімен қатар жасты балалармен араласа алуға көмектеседі, басқаларды бағалап, қиын жағдайлардан шығуды білу керек, үлкенді тыңдап, жақсы мен жаманды айыра алуды есте сақтау керек.
Мұғалімнің қойған міндеттерін қабылдап, зейін қойып тыңдап, түсінбеген жерлерін сұрау керек. Баланың мектепке дейінгі эмоциалды-ерік дайындығы дегеніміз:
- мектепке не үшін баратынын, оқуға деген қызығушылығын білуі керек;
- баланың ұнамсыз тапсырмаларды орындау керектігі - мектеп бағдарламасы талап етеді;
- орнында отыру, берілген уақыт бойы зейін қойып тыңдап, тапсырмаларды орындап, ешқайда көңіл бөлмей бір орында отыра білуі.
Сіздің балаңыз бірінші сыныпқа қуанышпен бару үшін, мектепке дайын болып, кейбір кепілдемелерді тыңдағандарыңыз жөн:
- Балаңыздан көп талап етпеңіз.
- Бала қателік жасауға құқығы бар, себебі әр адам қателеседі.
- Балаңыздың өзін бағалауы тым жоғары болмағанын қадағалаңыз.
- Балаңызда қателіктер мен кемшіліктер байқасаңыз, арнайы мамандардан көмек сұрауға қорықпаңыз: логопед, психолог, т.б.
- Оқу демалыспен ұштасып, ұласу керек.
- Балаңыздың күн тәртібін қадағалап отырыңыз, бала белгілі бір уақытта оянып, ұйықтауы керек.
- Ас қабылдауы сәйкес болуы керек.
- Балаңыз әр жағдайға қалай жауап бергенін байқап отырыңыз.
- Үй жұмысын орындауға түгел жағдай жасаңыз.
- Балаңыз үй жұмысын аяқталмай, шаршаса, балаға біраз уақыт демалуға руқсат етіп, демалғаннан соң қайта сол үй жұмысына қайтыңыз.
- Бала үй жұмысын орындаудан бас тартса, оны қызықтырып, бір айласын табыңыз.
- Балаңызға жайлы оқу орнын жасаңыз.
- Балаңызға өзіңіздің қалай оқып, қалай бірінші сыныпқа барғаныңызды айтып беріңіз.
- Мектепке деген козқарасын дұрыс жасаңыз.
- Балаңыз «сиқырлы сөздерді» қолдана ма, соны байқаңыз: рақмет, кешіріңіз, сау болыңыз, сәлеметсіз бе т.б.
Балаңыз мектеп табалдырығын аттанғаннан бастап өмірдің келесі сатысына көтеріліңіз. Бұл сатыда балаңыз қуанышқа бөленіп, жыл бойы оқу кезеңі көңілді мезетке толы болатынына жағдай жасаңыз. Бала әрқашан сіздің барыңызды, көмегіңізді сезініп, әр қиындықта сізден көмек сұрауға болатынын білуі керек. Балаңызға дос, дана, кеңесші болыңыз. Сонда ғана сіздің балаңыз жеке тұлға болып, келешекте мақтанышыңызға айналады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.