Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бастауыш -

Бастауыш

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1401 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы. Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл – Фараби атындағы арнаулы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Шынтаева Оразкул Көшекбайқызы

Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау, бастауыштың сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, тіл байлығын, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу және әдептілікке, ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау, практикалық.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Презентациялар (Сөзжұмбақ, ребус, суреттер).
Сабақ барысы: -Полиглот ойыны:( интер.тақтаға үй жануарларының суреті мен аюдың суреті көрсетіледі.Балалар артықшылығын табады және үш тілде айтады) -Аю. –Медведь. - bear
Өткенді еске түсіру.
Сөзжұмбақ шешу.
1.Тілдерімен жүреді,
Уақытты біледі. (Сағат)
2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (Өрік)
3. Әшейінде жекесің,
Қарай қалсаң екеусің. (Айна)
4. Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай шу.(Түлкі)
5.Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
6.Құралы әрі ермегі –
Тоқитұғын өрмегі. (Өрмекші)
«Сөйлем» сөзіне сөзжұмбақ шешу.
Сұрақ – жауап:
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
3. Сөйлем мүшелері деп қандай сөздерді айтамыз?

Әрбір сөйлемде неше сөз барын анықта. Әр сөздің үстіне оған қойылатын сұрақты жаз.
кімнен? кім? не істейді?
Ұстаздан шәкірт озар.
не? нені? не істейді?
Еңбек өмірді ажарлайды.

Көркем жазу минуты.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Ребус шешу
Жауабы: Бастауыш
Ережемен таныстыру.
Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейміз. Жаңбыр жауды. (Не жауды?). оқушылар жазды. (Кім жазды?)
Мұғалім түсіндірді. (Кім түсіндірді?). Лақ маңырады. (Не маңырады?). Мұз қатты. (Не қатты?). Күн шықты. (Не шықты?). Сәкен оқыды. (Кім оқыды?)
Оқулықпен жұмыс
1 –жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Балалар бүгін музейге барады. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Болат қиын есепті өзі шығарды.Апам бөлмені жинады.

• Сөйлемде кім немесе не жайында айтылып тұр?

• Сол сөздің астын сыз
2 -жаттығу
Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз.
Суреттің орнына жазылған сөздерге сұрақ қой.
науқас адамдарды емдейді. аспанға ұшты.

қысқы ұйқыға қамданды. тамылжыта ән салды.
Дәрігер науқас адамдарды емдейді. Құс аспанға ұшты. Аю қысқы ұйқыға қамданды. Бала тамылжыта ән салды.
Сергіту сәті
Өлеңмен жұмыс.
3 – жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жаз.
Мен дала бардым
Мен дала бардым.
Қыр гүлін берді,
Көл суын берді,
Күн нұрын берді.
• Бастауыштардың астын сыз, оларға сұрақ қой. Ойын: “Адасқан сөзді тап!”
Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Слайд.
Не мөңірейді? Сиыр мөңірейді. Не кісінейді? Жылқы кісінейді. Не боздайды? Түйе боздайды. Не маңырайды? Қой маңырайды. Не ақырады? Арыстан ақырады
Ойын: Саны бар атаулар.
1 + лік – бірлік
2 + жүздік – екіжүздік
К + 3 + ік – күшік
5 + ік – бесік
6 + бақан – алтыбақан
7 + м – жетім
8 + аяқ – сегізаяқ
9 + құмалақ – тоғызқұмалақ
Қорытынды.
• Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз.
• Бастауыштардың астын сыз.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.