Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бастауышым -

Бастауышым

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1038 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, №64 Ш.Рашидов атындағы жалпы орта мектебінің бастауш сынып мұғалімі
Шерметова Дилфуза Эрмухамадовна
Тақырыбы: Бастауышым
Ертеңгіліктің мақсаты : Білімділігі : оқушылардың бастауыш сыныпта алған
білімдерін қорытындылау.
Тәрбиелілігі:өз Отанын , мектебін , ұстазын құрметтей білуге тәрбиелеу .
Дамытушылығы : оқушылардың ойлау қабілетін
Көрнекілігі : мектеп, білім туралы нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, слайд .
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Мұғалім:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инеиен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Өлең оқып, би билеп, ән де бүгін айтылар.
Қайырлы күн , құрметті ата- аналар , ұстаздар және оқушылар! Бастауыш әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бірі асыға күткен – бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!
Бүгінгі біздің 4 «А» сыныбында өткізгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» атты мерекелік шараны ашық деп жариялаймын.
Ендеше , 4 «А» сыныбының сынып жетекшісі Ниязова Сандуғашты және бастауыш сыныпты бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырамыз.
Мұғалім:
Елдің елдігі
Ердің ерлігі – Әнұран
Сезім биігі
Төзім иығы – Әнұран
Әннің асылы
Ұранның басымы – Әнұран
(Әнұран орындалады)
Мұғалім:
Құрметті ата- аналар алдарыңызда тұрған балаларыңыз осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп – кішкене балдырғандар еді. Енді міне бойлары да , ойлары да өсіп , бастауышта білім алып аяқтап , орта буынға өткелі тұр.Талаптарына нұр жаусын деп ертеңгілігімізді бастаймыз.
Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Досов Болат Бексиыкұлына беріледі.
Мұғалім:
«Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай , ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті.Сондықтан да алғашқы ұстазымызға
Хормен: Мың алғыс!
Ұстаз – мейірімді , сезімтал. Сені сүймелдеп , демеп , өмірге өрлетіп ,жетелеп келе жатқан ұстазың емес пе?
Ақылбек :
Ұстаз болу – жүректің батылдығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы ,
Ұстаз болу – адамның ақылдығы.
Сандияра :
Сен менің әкемдейсің , анамдайсың ,
Мен үшін армандайсың , алаңдайсың
Ұстазым сеннен артық ақылшым жоқ,
Адалдық пен парасаттан жаралғансың.
Ерасыл:
Көңілің бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын
Өзіңдей болса, шіркін барлық ұстаз,
Жез таңдай , күміс көмей , сөзі алтын.
Ақтілек:
Көрмеген артық сөйлеп , артық күліп,
Шәкірттерді баулыды тәртіпті қып
Қоштасамыз бүгін ұстазбенен,
«Ұстаз» әнін жаңғыртып айтып тұрып.
Хор: Ұстазым менің
Мұғалім:
-Иә, бүгін бізде үлкен қуаныш . Себебі біз білім бастауы бастауышпен қоштасқалы тұрмыз.
-Балалар , сендер мектеп табалдырығын аттағанда алғашқы кездерің естеріңізде ме ?
Хормен: Әрине
Иляс:
-Иә , біз алғаш мектепке келгенде әліппедегі әріптерді танымадық, оларды бірге қосып, оқып жаза алмадық.Осының бәрін үйреткен , «Әліппе» оқулығы емес пе?
Айгерім:
-Иә , «Әліппе» оқулығы бізге көп нәрсені үйретті.
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыңнан
«Әліппе»- білім бесігі
«Әліппем» -менің «Әліппем» менің
Өмірді көрсем танып мен
Қайталап айтам мың рет:
Өзіңе көп –көп рахмет !
«Әліппем» менің , Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырыпәріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Мұғалім:
-Міне, балалар , әріптердің бәрін оқи алтын болдыңдар.Күні кеше ғана білім ордасында жанарлары жәудіреп , тал бойлары майысып, үркектей кірген балапандар , енді міне , алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмамдап , ортаңғы буынға көшкелі отыр .
(Слайд арқылы сыныпқа мінездеме беру)
-Рамазан , неге спорт киімін киіп шықтың?
-Дене шынықтыру сабағынан үйренгенімді көрсетейін.
-Мен онда бейнелеу өнерінен үйренгенімді көрсетейін .
-Еңбекке баулудан үйренгендей көгершіндер жасап келдім. Бұл біздің көгершіндеріміз. Бастауыштан ұшып жоғары сыныпқа ұшып бара жатырмыз. Жолымыз оң болсын ! Сәт сапар достар!
Мұғалім:
Жалығуды білмейміз,
Жабығуды білмейміз
Жауқазындай көзді тартып,
Жайраң қағып билейміз.
Би: Флешмоп
Мұғалім:
Ғалым иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да ,тілінен бал тамызған ақын да , тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып , мал бағып, тер төккен шаруа да ,көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз .
( Оқушылар осы ұстаздарға арнап өлең жолдарын оқиды )
Мұғалім:
Тамсандырып ән салат ,
Естіген жан тамсанат
Жүректерге жеткізіп
Айнура мен Сымбат қыздарыңыз ән салат.
Ән: Ұстазым
Мұғалім:
-Балалар, ендігі кезекті білімдеріңе берсек қайтеді . Тақтадан ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз .
1. «Енді қайттім! Не істедім? Суға лақтырып жіберіп құтылуым керек » Қай мәтіннен алынған үзінді.
2.Ұзындық өлшем бірліктерін ата ?
3.Есептің бәрін дұрыс шығарған Мұрат қана. Шылауды тап.
4.Дүние жүзіндегі мұздықтың 90 пайыздан астамы шоғырланған құрлық қалай аталады ?
- Өте жақсы меңгерген екенсіңдер!
Келесі кезекті жайдарманшыларымызға берейік.Ортаға жайдарманшыларымызды шақырамыз.
Мұғалім:
Мың бұралса біз қарап тамсанайық ,
Сіздерге жақсылықпен жар салайық.
Бишілерді сахнаға біз шақырып,
Қол соғып қошеметпен қарсы алайық!
Би: Мектеп вальсі
Мұғалім:
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне ,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Хормен: Қош бол , балғын балалық,
Қош бол, сүйікті бастауышым!
Мұғалім:
Мерекеге бүгінгі
Ақ тілегін арқалап,
Келді ата- анамыз
Кезек беріп соларға
Сөзіне құлақ саламыз
Келесі құттықтау сөзді 4- сынып оқушыларының ата –аналарына береміз.
Ендеше, «Бастауышым » атты ертеңгілігімізді жабық деп жарялаймыз. Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.